Шығармашылық жұмыс. Жобаларды қорғау тақырыбындағы сабақ

сабақ  10 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес алынған. Шығармашылықпен жұмыс жасау, жобаларды даярлау, оны қорғау сияқты осы жастағы оқушылар үшін қажетті деп тапқан мәселер қамтылған. Сабақ мақсаты:    1)  Жобалардың әдісі негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетінше қолдана білуге үйрету; 2) ақпараттық кеңістікте бағытты ажырата білу;   3) Сыни және шығармашылық ойлау жүйесін дамыту; сабақ өте жақсы деп бағаланды. Осы тақырыпта 10 сынып оқушысының жасаған зерттеу жұмысы  Халықаралық   "Сократ" сайысына ұсынылып жүлделі І-орын иеленгенін айтып кеткім келеді.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 19.04.13

Сыныбы: 10в
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Жобаларды қорғау

  • Сабақтың мақсаты: 1) Жобалардың әдісі негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетінше қолдана білуге үйрету;

  • 2) ақпараттық кеңістікте бағытты ажырата білу;

  • 3) Сыни және шығармашылық ойлау жүйесін дамыту;

Түрі: конференция сабақ
Әдісі: көрсете баяндау, сұрақ-жауап

Жүрісі:

Үй тапсырмасы:

  1. Жобалар әдісі деген не?

  • Жобалар әдісі -бұл , егер ол белгілі бір пәннің шеңберінде қолданылса дидактиканың ,жеке әдістердің саласына жатады.

  • Бұл танымға баратын жол, таным үрдісін ұйымдастырудың тәсілі.


  1. Қызмет жобасында басымдық танытатындар:

Зерттеу;

Іздестіру;

Шығармашылық;

Рөлдік;

Таныстыру-бағдарлық;

3.Пәндік -мазмұндық сала:

  • моно жоба(білімнің бір саласы шеңберінде) ;

  • пәнаралық жоба;

  • Байланыстар сипаты: бір сыныптың, мектептің, қаланың, аймақтың, елдің, әлемнің әр елінің қатысушылары арасында;

  • Жобаға қатысушылар саны;

  • жобаның жалғастығы.

Жобаның құрылымы:


  • Жобаның тақырыбы;

  • белгіленген тақырып шеңберінде зерттеу маңызы бар проблемалардың мүмкін болатын нұсқаларын ойластыру;

  • жобаға қатысушылардың өз бетінше жұмысы;

  • алынған мәліметтерді басқа оқушылармен талқылау;

  • Жобаларды қорғау(сұрақтар, пікірлер білдіру);

  • ұжымдық талқылау, сараптама, бірін-бір бағалау, қорытындылар.

Жобаларды қорғау:


  • Жоба міндетті түрде бағаланады.

  • Әрбір оқушы өз кезегімен сыныптың басқа оқушылары алдында компьютерде қысқаша түсініктер берумен немесе ескертпелермен өз презентациясын көрсетеді, бағалау парақтарын толтыратын комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

Бағалау кезінде дизайн, мазмұн, грамматика, тартымдылық есепке алынады.Қалған оқушылар өз пікірін білдіреді.

Сыныпта жұмыстарын қорғау.

4. Сұрақтар қою

  1. Слайдқа фон беру тәсілін көрсет (тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан менюден формат фона командасын таңдаймыз. Пайда болған сұхбаттасу терезесінде қажетті фонды таңдап болған соң закрыть немесе басқа батырмалардың қажеттісін таңдау керек.) (Жұлдызға)

  2. Слайдқа суреттер, әуендер т.б. қою командасы қалай аталады?(жауабы: вставка) (Сәулеге)

  3. Гиперссылка қою тәсілін көрсет (Гиперссылка қойылатын сөз немесе объектіні белгілеп Вставка-гиперссылка командасын орындаймыз. Пайда болған сұхбаттасу терезесінде керекті параметрлерді орнатып, ок батырмасын басамыз.) (Гүлшатқа қойылатын сұрақ)

  4. Анимация жасау тәсілін көрсет. (Анимация---настройка анимаций---добавить эффект -қажеттісін таңдау керек.) (Фаридаға)

  5. Презентацияға видео қою тәсілі қандай? (Әсемгүлге)

  6. Слайдқа дыбыс қою тәсілін көрсет.(Вставка---звук командасын таңдап, пайда болған динамикалық менюден қажетті команданы таңдаймыз.(Азаматқа)

  7. Сен үшін осы тақырып несімен қызықты болды?( Несібеліге қойылатын сұрақ)

5. талқылау.

Бағалау. Қорытынды

Шығармашылық жұмыс. Жобаларды қорғау тақырыбындағы сабақ

© 2010-2022