Inkscape векторлық графикасының редакторында. Фигураларды салу

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі Алпысбекова Арай Маликовна

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторында

Фигураларды салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Inkscape векторлық графикасының редакторында фигураларды салып үйрену. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білімдерін анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Пән аралық байланыс: математика, бейнелеу.

Сабақтың типі: Бекіту сабақ, практикум, жұптық және топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, практикум, АКТ, СТО

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, компьютер, интербелсенді тақта, тапсырма қағаздары, плакаттар, стикерлер, маркерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу;

Оқушыларды түгелдеу;

Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлу.

І топ - үшбұрыш

ІІ топ - төртбұрыш

ІІІ топ - дөңгелек

Психологиялық дайындық; (таңдалған фигуралары бойынша анықтама берілді).

Оқушылардың алдарына бағалау парақтары тапсырылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Компьютерлік графика дегеніміз не?

  • Барлық компьютерлерлік кескіндерді неше класқа бөлеміз және қандай?

  • Жасалу принципіне қарай кескіннің неше түрі бар?Кескіндердің түрлерін ата?

  • Растрлық кескіндер нелерден тұрады?

  • Векторлық кескін дегеніміз не?

  • Векторлық графиканың құндылығы

    • Векторлық графиканың растрлық графикадан артықшылығы неде?

    • Графикалық файлдың пішімі деген не?

    • Графикалық пішімдерді қандай белгілері бойынша жүйелеуге болады?

    • Мәліметтерді сығымдау дегеніміз не?

    • Фрактал графикасын пайдаланып не жасауға болады?

    • Табиғаттағы фракталдық кескініне мысал келтір

    • Графикалық файлдық стандартты пішімі

    • Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаны ата?

    • Inkscape векторлық графикасының редакторы

    • Inkscape редакторының интерфейсі

ІІІ. Жаңа сабақ.

Фигура дегеніміз не? Электрондық оқулықпен жұмыс

Фигура - әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болатын нысан.

Inkscape графикалық редакторында фигуралар салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрлерді аламыз.

Inkscape векторлық графикасының редакторында. Фигураларды салу.

Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдар мыналар:

Тікбұрыш, Ауқымды тік бұрыш, эллипс көпбұрыш , спираль.

Inkscape векторлық графикасының редакторында. Фигураларды салу.

ІҮ. Практикалық жұмыс.

І топқа: «Үшбұрыш» тобы

Көпбұрыштарды пайдаланып, күн жүйесін жасау оқулықта 118 бет

ІІ топқа: «Төрбұрыш» тобы

Оқулықпен жұмыс 110 бет Төртбұрыштар салу

ІІІ топқа: «Дөңгелек» тобы

115 бет Эллипс құралын пайдаланып сегмент жасау

VІ. Сергіту сәті.

Оқушылар интербелсенді тақтадан жаттығуларды қайталап, қолға, көзге жаттығу жасау.

Слайд «Фигуралар әлемде» оқушылар постермен жұмыс қорғайды

Постермен жұмыс

VІІ. Сабақты бекіту.

Кубизм әдісі бойынша бүгінгі сабақты бекітеміз

1. Inkscape ...

2. Фигура ...

3. Сегмент ...

4. Inkscape векторлық графикасының редакторында. Фигураларды салу. не істеуге арналған құрал

5. Құралдар ...

6. Көпбұрыштар ...

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту.

IV.Бағалау. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

ҮІІІ. Рефлексия. Тақтаға оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып жапсырады.

Үйге тапсырма беру.

§22 оқу, тест сұрақтарын жасап келу





© 2010-2022