Нөмірленген және маркерленген тізімдер. 6 сынып. Сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6а

Өтетін күні: 10.02.2015ж

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Умирзакова

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Сабақтың мақсаты: білімділігі: Оқушыларға MS Word мәтіндік

процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін мен

түрлерін көрсету;

дамытушылығы: Нөмірленген және маркерленген

тізімдермен жұмыс жасау білігімен дағдыларын бекіту;

тәрбиелігі: нөмірленген және маркерленген тізімдермен

жұмыс жасауда жүйеліліке, бірізділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибелік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, тест, MS Word процессоры, видеоақпарат

Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, ағылшын тілі;

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі 1. Сыныппен амандасу; 2.Оқушылардың қатысы

ІІ. Үй тасырмасын тексеру: §18

Өзіңді тексер! Тестінің кілті 1.А; 2.В, 3А; 4А; 5.D; 6.D; 7.B; 8.C; 9.A; 10.B;

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Оқушыларға жұмыс үстелінен құжат ашу ұсынылады.

Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын таркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдауларың керек.

Егер сендер ұсынылған үлгілерің ешқайсысы ұнамаса, онда маркелердің кеңейтілген тізімдемесін шақыру үшін символ немесе Сурет батырмасын басуға болады. Мысалы, маркер ретінде  белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.

Нөмірленген тізім. Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең кең тараған үлгісі - нөмірленген тізімдер. Бұл тізімде жолдар реттік 1,2,3, және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің Басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегімен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни, Enter пернесін басу тізімнің келесі нөмірін шақырады. Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.

Нөмірленген және маркерленген тізімдер. 6 сынып. Сабақ жоспары.Өз достарыңның тізімін жасаңдар. Бұл тізімді маркерленген немесе нөмірленген етіңдер.

Кейде нөмір ретінде a, b, c әріптерін немесе І,ІІ,ІІІ рим сандарын қойып шығу қажет болады. Басқаша айтқанда, тізімді белгілі бір параметрлер бойынша (нөмірлеу, әріп, бастапқы нөмір және т.б.) баптау керек.

Процессорда тізімдер түрін баптау мүмкіндігі қарастырылған. Егер ондай қажеттілік туындаса, онда Нөмірленген және маркерленген тізімдер. 6 сынып. Сабақ жоспары. батырмасымен төмен жайылатын мәзірді ашып, одан тізім түрін таңдайды.

Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жақшалары мен нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктерің бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттық терезесін шақырады.

Қолмен баптау реті

  1. Нөмірлеу өрісініен нөмірлеудің түрін таңдаймыз: рим немесе араб сандары, әріптер және т.б.

  2. Формат - Нөмірдің пішімі өрісінде өте ұқыпты түрде (нөмірлеуді жойып алмай!) саннан немесе әріптен кейін шығарылатын символды (нүкте немесе жабық жақша). Егер ешқандай символ шығарылмайтын болса, онда бұл терезеде тек нөмірлеуді қалдарамыз.

  3. Түзеу өрісінде тізімнің бетте орналасуын баптаймыз.

  4. Қаріп батырмасы құрылатын тізім нөмірінің мөлшерін және сырт пішімін реттейді.

  5. Баптаулар кезінде тізімнің жалпы түрін Үлгі терезесінде бақылауға болады. Барлық баптаулардан кейін ok шертеміз.

IV. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар:

1. Нөмірленген және маркерленген тізімдер. 6 сынып. Сабақ жоспары. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Оқулықтағы А,В,С деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды бөліп беріп, орындату.

2. Сергіту сәті «Үш тілді білемін» Видео - ақпарат көрсетіледі. Ақпаратта берілген мәліметтерді Нөмірленген тізіммен жазыңдар.

Қосымша ақпарат 1.Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» көрмесінің тақырыбы қандай? (Болашақтың энергиясы)

2. «Шанхай ЭКСПО - 2010» көрмесіндегі Қазақстан павилонының тақырыбы қалай аталды? (Қазақстан - Еуразия жүрегі)

3.Слайдтан көрсетілген Астана қаласындағы ғимараттардың атауларын маркерленген тізіммен жазыңдар.

V.Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды ЕasyQuizzy-де автотест орындату арқылы алған білімдерін қорытындылау.

VI.Үйге тапсырма: §19 - оқуға, тақырып бойынша тест құру

VII.Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022