Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті (7 сынып)

Тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиетіМақсаты:Модельдер туралы түсініктерін қалыптастыру.Міндеттері:-жаңа тәсілдерді қолданып модель түрлері туралы түсінікті жетілдіру;-сыни тұрғыдан ойлау арқылы ақпараттық және графикалық модельдерді  құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету;-топта белсенді жұмыс істей алуға дағдылану. Сабақтың түрі: араласҚолданылған модульдері: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, о...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:________________ Пәні: информатика Сыныбы: 7

Тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті

Мақсаты:

Модельдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-жаңа тәсілдерді қолданып модель түрлері туралы түсінікті жетілдіру;

-сыни тұрғыдан ойлау арқылы ақпараттық және графикалық модельдерді құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету;

-топта белсенді жұмыс істей алуға дағдылану.

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Қорытындылау», сергіту сәті «Көңіл-күй» жаттығуы, рефлексия «+,-, қызықты».

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау


Ресурстар


І.Кіріспе

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Мақсаты: жақсы, көтеріңкі көңіл-күйге енгізу, өзіне, өзгелерге сенім арту.

Сәлемдесу. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. бір-бірімізге хормен СӘТТІЛІК тілеу.

Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;Назарын сабаққа аударту

Мұғаліммен амандасып, бір-біріне хормен СӘТТІЛІК тілейді. Сынып старостасы сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады;

Жарайсыңдар, жақсы.

Компьютер, интерактивті тақта,

Флипчарттың 2-беті

1 мин

«Сандар» бойынша сыныпты топқа бөлу.

Мақсаты: Сыныпты топта бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру

Балалар бүгінгі күнге сендерге сәттілік тілеймін.

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

-Ендігі кезекте қолдарыңа алған қағаздағы сандар бойынша топтарға бөлініңдер.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Флипчарттың 3-беті

Бағалау парағы

5 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл» стратегиясы

Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру

Меншіктеу операторы?

Шығару операторы?

Енгізу операторы?

Алгоритмнің түрлерін ата?

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Өте жақсы, тамаша!

Жарайсыңдар

Флипчарттың 4-беті

ІІ.Тұсауке

сер

2 мин.

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы

Мақсаты:зейінін арттыру.

Модель дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауаптарын тыңдау

Өте жақсы

Негізгі бөлім

25 мин.


Мағынаны тани білу












Сергіту сәті. «Көңіл күй» жаттығуы

Мақсаты: достық қарым-қатынастарын дамыту мен бойларын сергіту

Практикалық жұмыс

Модель (фр.modе1е, ит.modе11о, лат.modulus - өлшем, үлгі) - бұл:
- нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
- заттың кішірейтілген / ұлғайтылған түрдегі макеті;
- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық / ақпараттық аналогы;
- анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмасыра алтын алмастырушы - объектісі;
-модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтің жаңа объект.

Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: -материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген / ұлғайтылған көшірмелері;
-бейнеленуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
-ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).

Ақпараттық модельдер: компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.

«Көңіл-күй» жаттығуын қосу


Графикалық редакторда кез-келген зат моделінің суретін салу

Дәптерлеріне, маңызды, жаңа сөздерді жазып алады.












Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.












Жарайсыңдар, өте жақсы.

Дидактикалық материал

Интерактивті тақта











Интерактивті тақта

Видео көрсетілім

Қорытын ды.

3мин.

Ой толғаныс сатысы

Рефлексия «Қорытындылау»

Сабақты қорытындылау

Сұрақтар


2мин.




Бағалау




Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында топтағы бағалау парағын жинау

Бағалау парағын толтырып, мұғалімге жинап бермес бұрын, топтағы ниет білдірген оқушылардың талдауы тыңдалады.

Бағалау парағы

2мин.

Үйге тапсырма

Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті

Конспект

3мин.

Рефлексия

«Қосу, алу, қызықты» стратегиясы

Мақсаты: алған мәліметтерін өңдеу, өзін-өзі реттеу

Стикерлер тарату

Стикерлерге

бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын жазады.

Стикерлер


© 2010-2022