Құжатқа графиктік объектілер және диаграммаларды, математикалық формулаларды кірістіру

Пәні:Информатика Сыныбы:10 «б» Күні: Сабақтың  тақырыбы:Құжатқа графиктік объектілер және диаграммаларды, математикалық формулаларды кірістіру. Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсіндіру қажет.Кесте туралы мәлімет беру,диаграмма құру үшін мәліметті кестеге енгізу керектігін түсіндіру және диаграмманың түрлерін қарастыру. Тәрбиелілік:Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту. Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік қолдану,тәжірибелік әд...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Информатика

Сыныбы:10 «б»

Күні:

Сабақтың тақырыбы:Құжатқа графиктік объектілер және диаграммаларды, математикалық формулаларды кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсіндіру қажет.Кесте туралы мәлімет беру,диаграмма құру үшін мәліметті кестеге енгізу керектігін түсіндіру және диаграмманың түрлерін қарастыру.

Тәрбиелілік:Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту.

Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік қолдану,тәжірибелік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:компьютер,экран,проектор.

Сабақтың типі:Тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Диаграмма құру үшін бізге ең алдымен сандық және мәтіндік ақпарат керек.

Кесте-жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылады,мысалы:5 баған,5 жол болуы мүмкін.

Жол-қатар орналасқан ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған-қатар орналасқан ұяшықтардың тік бірлестігі.

Баған мен жол қиылысып,ұяшық түзеді.

Ұяшық-дерек сақталатын орын.

Құжатта диаграмма құру үшін біз кестемен жұмыс жасаймыз.Диаграмма-Microsoft Excel және Microsoft Word программаларының графикалық мүмкіндігі.Мәліметтерді кестеге енгізіп,диаграмма құрамыз,яғни,диаграмма-деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.Диаграммалардың түрлері:

  • Бағандық

  • Сызықтық

  • Дөңгелек

  • Нүктелік

  • Сақиналық

  • Көпіршіген

  • Жапырақшылық

  • Цилиндрлік

  • Конустық

  • Пирамидалық

  • Биржалық

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалық екі осі болады:горизонталь(категориялық)

және вертикаль осі (мәндер осі).Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар қосылады.

IV Жаңа білімді бекіту

Диаграмманы тәжірибе түрінде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.

V Қорытынды кезең

VІ Бағалау

VІІ Үйге тапсырма §17 оқу



© 2010-2022