Ашық сабақ Компьютерлік графика түрлері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлеріАшық сабақ Компьютерлік графика түрлері

Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі









Тақырыбы: «Компьютерлік графика түрлері».


Өткізген: Информатика пәні мұғалімі

Белгібай А.С


2014-2015 оқу жылы

Сыныбы: 7

Пәні: Информатика

Дайындаған: Белгібай Айдана Сансызбайқызы.

Күні: 5.02.2015

Сабақтың тақырыбы:Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу боййынша программасының интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

  2. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

  3. Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілік: Постерлер, маркер, стикерлер, таратпа парақтар, флипчарт, интербелсенді тақта.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен ақпаратты қайталау

3. Жаңа сабақты баяндау. (мәтінмен жұмыс)

4. Бекіту

5. Қорытынды

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып. «Өзіме тілегенді саған тілеймін» атты шаттық шеңері өтеді.

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Карточкалық тапсырма беріледі:

  1. Нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету дегеніміз- (Модель)

  2. Таңбалық модельдерге ..................................мысал бола алады. (сурет, мәтін, график, схемалар)

  3. Объект немсе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін -....(математикалық модель).

  4. Ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер аталады- (Логикалық модель)

  5. Модель түрлерін жаз..........(вербальдік, геометриалық, ауызша, математикалық, логикалық, ақпараттық).

  6. (Вербальдік модель)...... дегеніміз-ойша немесе әңгіме түрінде жасалатын модель.

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау: Оқушыларға алдымен сөзжұмбақтар беріледі.

1



2





3




4


5




6




7




Сұрақтары: Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын командалар тізбегі қалай аталады? (алгоритм)

Барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын программа. (оператциялық жүйе)

Шартпен орындалатын алгоритм түрі. (тармақталған)

Ақпарат тасушының бір түрі. (флешка)

Алгоритм қасиеті. (дискіреттілік)

Объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын өрсететін модель. (математикалық)

Машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмдіайтамыз. (программа)

ІІІ. Жаңа сабақ: Компьютерлік графика (оқушылар тақырыпты өздері талқылайды)

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:


Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.


Іскерлік графика - қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Көркемдік графика немесе жарнамалық-графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады

Жарнамалық графика (көркемдік графиканың бөлігі) - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.

Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.



Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді..


Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

ІҮ. Бекіту: 1-тапсырма: Компьютерлік графиканың анықтамасын құру.


2-тапсырма: Сәйкестендіру. 1-топ

2-топ:


Сергіту сәті:

3-тапсырма: Сәйкестендіру: 1-топ

2-топ: Қалам көмегімен флипчартқа жазып орындалады.

Ү. Қорытынды: Бүгін сабақта не үйрендіндер? Деген сұрақ қойылады оқушылар бір-екі сөзбен тақырыпты қорытындылайды.

VI. Үйге тапсырма. Графика түрлері. Шығу тарихы.

Оқушының

аты - жөні

Тапсырмалар

Үй жұмысы

әр дұрыс жауапқа1 ұпай

Жаңа сабаққа қатысқаны

Бекіту тапсырмаларын орындағаны

Қорытын-ды

Баға








Бағалау: Бақылау парағы


© 2010-2022