Қысқа мерзімді жоспар Векторлық графика (7-сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы

7

Сабақтың тақырыбы

Векторлық графика.Фигураларды салу.

Сабақтың мақсаты

Векторлық графиканы өндеуге,фигураларды салуға үйрету


Күтілетін нәтиже

Векторлық графика қандай программалар арқылы жасалатыны және қандай салаларда қолданатыны туралы біледі. Тұтас суретпен және оның үзіндісімен әрекеттерді жасай алады.


Сілтеме

8 сынып Информатика оқулығы, Интернет ресурстары, «Информатика негіздері»

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысындағы іс - әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

(3 минут)

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.

Ынтымақтастық атмосфера құру. «Сатып алдым...» тренинг

Мысалы:Мен Әділмін, мен гүл сатып алдым, келесі оқушы: мен Рахатпын,Әділ гүл сатып алды, ал мен қарындаш сатып алдым , т.с.с.өздерін таныстырып есте сақтайды


Топқа бөліну.

(2 минут)

1.Суреттердің қиқымдарын тарату,сол қиқымдарын жалғастарын табу арқылы топқа бөлу(бір бөлігі үстелдің үстінде жатады)

2.Топ мүшелерінің қызметтерін анықтайды (түрлі түсті әріптер таңдау арқылы )

3.Бағалау парақтары таратылады.


1.Суреттің компьютерлік графика түріне байланысты («мозаика») сол топтың мүшесі болады.

І топ - Пиксель

ІІ топ - Вектор

2. Топбасшысы, дизайнер, зерттеуші, таймкиппер қызметтерін бөліп алады.

3.Бағалау парақтарымен танысады

Үй тапсырмасын сұрау (6 минут)

1.«Серпілген сауал» арқылы сұрақ қою әдісін ұсынады.

-Компьютерлік графиканың қандай түрлерін білесіздер?

-Қандай салаларда қолданылады?

-Растрлық графиканың негізгі элементі не болып табылады?

Формативті бағалау

1. Ойыншық арқылы жауап берген оқушы басқа оқушыға сұрақ қояды,т.с.с.



Мағынаны тану

(10 минут) Постер қорғау


Пиксель тобына«Векторлық графика».

Вектор тобына «Векторлық графика».

Бағалау:«Екі жұлдыз,бір тілек»


1.Әрбір топтан спикер тағайындалып «Векторлық графика» тақырыбы бойынша постер қорғайды.

2.Топтар бір-бірін бағалайды (бағалау парағына)


Ой толғаныс

(15 минут)


«Тәжірибе аймағы»

1.Деңгейлік тапсырмалар

2. «Миға шабуыл»: -Салған суреттерін қандай компьютерлік графика арқылы салынды?


1.Деңгейлік тапсырмаларды орындайды,өздерінің таңдаулары бойынша

2.Жұптасып бір-бірін бағалайды

3.Бағалау парақтарына бағалайды

Сергіту сәті (2минут)

Компьютерден бейнеролик

Оқушылар бейнероликтегі биін қайталап билейді.

Рефлексия

(2 минут)

Инсерт кестесі. Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Стикерге өз пікірлерін жазуға ұсыну

Стикерлерге өздерінің бүгінгі сабақта не біліп,не үйренгенін және нені үйренгісі келетіні жазады.

Бағалау

(3 минут)

Жиынтық бағалау

Топ басшыларының бағалауы, бағалау парағы бойынша.

Үйге тапсырма

(2 минут)

Компьютерлік графика түрлерінің айырмашылығы туралы оқу.

Шығармашылық тапсырма: кроссворд жасау.

Күнделіктеріне жазып алады.



© 2010-2022