Тұлғаға бағытталған білім беруде оқу – тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыру

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тұлғаға бағытталған білім беруде оқу - тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыру

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде - "ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...", - деген болатын.

Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән - информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық - жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.

Сондықтан мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті - ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.

Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл - оқытуға керекті сағат санын арттырмай - ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.

Сағат саны жетіспей, оқу құралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін мен жаңа оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, соларды пайдаланып келемін. Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.

Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойы программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.

Жобаның мақсаты - әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу болып табылады.

Жоба проблемасы - оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.

Жоба құрылымы және көлемі. кіріспеден, 1тараудан, күтілетін нәтиже қорытындыдан, әдебиеттер тізімі

І. ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.

Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

• экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

• ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.

1.1.ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформаланцуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім берудің реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Палтышевтің физикадан есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған "Дамыта оқыту жүйесі" бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.

3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық.

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде "үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?" деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:

• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

• сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.

Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен" айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.

Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:

• қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

• әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

• оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

• параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

• мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің , болуы т.б.

Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

Бастауыш мектеп:

• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);

• дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);

• түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);

• нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;

• іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);

• оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);

• ойын әдістемесі және оны қабылдау;

• М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

Орта буын:

• проблемалық оқыту;

• іздену, зерттеу әдістері;

• топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);

• оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);

• нәтижелі технологиялар;

• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);

• өзіндік жұмыс әдістері;

• бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);

• оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);

• дискуссиялық әдіс;

• дидактикалық ойындар.

Жоғары сыныптар:

• оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;

• өзіндік жұмыстың әдістемесі;

• іздену, зерттеу әдістері;

• нәтижелі технология, жобалау әдісі;

• даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан);

• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;

• "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер) ;

• бағдарламалы оқыту;

• әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;

• профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;

• тірек конспектісін қолдану;

• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;

• модульдік технология;

• семинар-сынақ түрлері;

• өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).

1.2. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ

ЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті:

  1. Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;

  2. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;

  3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;

  4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу;

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық:

• білім сапасының төмендігі;

• білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;

• директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;

• оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

• оқушылардың және окытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқу - тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен тұрады.

I кезең: Жаңа идеяны іздеу

Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.

III кезең: Жаңалықтарды енгізу

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

IV кезең: Жаңалықтарды бекіту

Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.

Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай 2 түрге бөлінеді:

• білім беру жүйесіндегі инновациялар;

• оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.

Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:

• Білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:

Мектеп - бала бақша;

Мектеп- жоғары оқу орны;

Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;

•Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі:

• Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау.

Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

Оқытушының уақытын үнемдейді

Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

v Барлық баланы оқыту;

v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға ауапіздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірінтыңдау,сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар:әлсін -әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы,оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау,барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау,оқытумен тәрбиенің бірлігі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни ойлау кез - келген жас аралықтарына тән.Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан,оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:

Нақты мақсат қоюға дағдыланады

Өзіне деген сенімі артады

Оқу процесіне белсенді қатысады

Жолдастарының пікірін сыйлайды.

Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.

Сараптауға, бағалауға дағдыланады

Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.

  • Ø Қызығушылығын ояту;

  • Ø Мағынаны тану:

  • Ø Ой толғаныс

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.Бұл технологияның келесі бір кезеңі - ой толғаныс.Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса,соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Жаңа технологияның принциптері- оқытудыізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрысшешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру.Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаңескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт - бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

Қорытынды

Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады,яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.


© 2010-2022