Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.


Кошкимбаева Куляйхан Абдыкадыровна

Жамбыл болысы

Меркі ауданы

№1орта мектебінің информатика пәнінің Ідеңгейлі мұғалімі.



Сабақ № 8

7 «А» сынып тексерген: Айбекова Ж.У. күні____________

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: Программалау - алгоритмді жазудың формальді тәсілі.

Мақсаты: Алгоритмді жазудың формальді тәсілі - формальді атқарушыға арналып құрылған алгоритм екендігін түсіндіру.

Табыс критерийі: 1. Алгоритм жазудың түрлерін біледі.

2. Теорияны практикамен ұштастыра білу дағдысын меңгереді.

Әдіс-тәсілдері: 1,2,3,4 сандары бойынша топқа бөлінеді ,Топтық жұмыс, ашық сұрақ жауап . (Флипчарт толтыру),

Ресурстар : Дербес компьютер, Флипчарт, Бағалау критерийі парағы, Кері байланыс парағы, оқулық, Интерактивті тақта.

Кезең

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

Бағалау

1

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Оқушылар ортада шаттық тілек тілейді. Алтын ережені еске түсіргізу. 1,2,3,4 сандары бойынша топқа бөлінеді.

Қажет құралдарын алып сабаққа дайындалу. Алтын ережені еске түсіру

Сабақта жақсы көңіл күймен қарым-қатынас орнайды.

мадақтау

2

Үй тапсырмасы

4 мин

Тірі дәліз.

Сұрақ қояды:

  • Операциялық жүйе дегеніміз не?

  • Компьютердің операциялық жүйесіз жұмыс жасауы мүмкін бе?

  • Операциялық жүйелерді жіктеу түрлерін атаңдар.

  • Графикалық интерфейс қандай қызмет атқарады?

Мұғалім қасына тоқтаған оқушы жауап береді. Мұғалім әрі- бері 2-3 рет жүреді. Қойылған сұрақтарға жауап толық берілмесе, келесі оқушы толықтырады.

Оқушыларда білімді тек өзіндік белсенді әрекеттер арқылы ғана игеруге мүмкін деген түсінік қалыптасады.

Мадақтау.

Өзара бағалау.

3

Жаңа сабақ

15 мин

Мағынаны тану: Әр топқа мәтін беріледі.

Жаңа сабақ меңгертуде инсерт әдісі бойынша нұсқау береді.

INSERT - белгі қойып оқу немесе рефлексия кезінде қолдану.

Бұрыннан білемін - "V"

Мен үшін жаңа ақпарат - "+"

Менің ойлағаныма қайшы, кереғар - "-"

Білдім, бұрын білмеген едім - "?"

Білетін едім

Білдім

Тағы да

білгім

келеді



Мәтінмен жеке және топтық жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде постер толтырады.

Әр топ инсерт әдісі бойынша таңдап алған мәтіндерін ортаға салады.

Бірлескен оқу жүзеге асады. Топта өзара бірін-бірі үйретеді толықтырады, түсіндіреді, пікір алмасады. Диалогтік оқыту жүреді.

Стикер арқылы

4

Бекіту

5 мин

Домино ойыны бойынша сұрақ-жауап алуға тапсырма береді. Сұрақтар мен жауаптардың дұрыстығын қадағалайды.

Бір оқушы ашық сұрақтарын қиманың 1-ші бөлігіне жазады, 2-ші бөлігіне басқа оқушы жауабын жазады. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Шапшаң ойлау, уақытын ұтымды пайдалануды үйренеді.

Критерий арқылы бағалау .

5

Қорыту

8 мин

«Алгоритм» сөзі шығатындай ребус құрастырыңдар

«Алгоритм» сөзі шығатындай ребус құрастырады.

Өзара көмек көрсету, жақсы қарым-қатынас.

Бас бармақ.

.

6

Бағалау

2мин

Бағалауға нұсқау беріледі

Өз білімдерін саралайды.

Білімінің қандай дәрежеде екенін ұғынады

Топ басшысы бағалайды

критерии б-ша

7

Үй тапсырмасы

2 минут

Үйге тапсырма береді.§3.1

40-41бет

Күнделікке үй тапсырмасын жазады

§3.1

40-41бет

8

Рефлексия

2мин

Кері байланыс парағын береді

«Тағы да білгім келеді» бағанындағы сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия жазады

Өз ойларын білдіруді үйренеді.


§3.1 Программалау - алгоритмді жазудың формалды тәсілі.


Информатикада алгоритмдердің әмбебап атқарушысы компьютер болып табылады, ол кезегінде формалды атқарушы да болады. Формалды атқарушы үшін алгоритмнің барлық командаларының нақты жазылуы өте маңызды. Формалды емес атқарушы қажет жағдайда өз шешімін қабылдай алады, ал формалды атқарушы қалай болғанда да тек алгоритмде берілген нұсқаулықты, егер ол қате болса да орындайды.

Мысалы, қызыл және жасыл қызанақты жәшікке бөліп салу алгоритмі берілген. Егер қызанақ арасынан шірігені шықса, бұл алгоритмде формалды емес атқарушы (адам) оны лақтырып тастайды, ал формалды атқарушы екі жәшіктің біріне салады. Сондықтан алгоритмді құру кезінде барлық командалардың қарастырылуы өте маңызды

Алгоритмді жазудың (алгоритмді ұсынудың) бір-бірінен көрнекілігі, ықшамдылығы, қалыптасу дәрежесі және басқа да көрсеткіштерімен ерекшеленетін бірнеше тәсілдері бар.

Ең көп тараған тәсілдері: графикалық, сөздік, алгоритмдік және программалау тілінде.

Жазбаның әр тәсілінде алгоритмді сипаттаудың өзіндік амалы болады және ол өз атқарушысына бағытталады. (сурет1).

Алгоритмді жазу түрлері

Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.

Графикалық

Алгоритмдік тілде

Сөздік

Программалау тілінде



Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.

Блок-схема

Арнайы тілде

Табиғи тілде

Программалау тілінің командалары

Адам

Адам

Адам

Компьютер



Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.



1-сурет. Алгоритмнің жазылу түрлері



Алгоритмді жазудың келесі түрлері қабылданған:

  1. Табиғи тілде жазылуы;

  2. Графикалық жолмен жазу;

  3. Алгоритмдік тілде жазылуы;

  4. Программалау тілдерінде жазылуы.

Табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды.

Ақпаратты өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті графикалық түрде бейнелеумен айқындалады.

Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл -математикалық белгілер, сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілер, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдерді қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілерді - тілдің символдары деп, ал символдар жиынын -оның алфавиті деп атайды.

Компьютер - алгоритмді формалды атқарушы. Ол түсінікті тілде жазылған әркеттерді орындай алады. Мұндай тіл программалау тілі болып табылады. Ол компьютермен ақпарат алмасу, ақпаратты түрлендіру және жеткізу үшін пайдаланылатын символдар, келісімдер және ережелер жиынынан тұрады. Бейсик, Паскаль, Си++ және т.б. программалау тілдері бар.

Сабақты бекітуге сұрақтар:

  1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

  2. Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері бар?

  3. Формальді және интеллектуалды атқарушылар бір- бірінен қалай ерекшеленеді?

  4. Программа алгоритмді жазу тәсілдерінің бірі болып табылады ма?

  5. Компьютерге программаны құрастыруда нені ескеру керек?



Сабақты қорыту . «Алгоритм» сөзі шығатын ребус құрастыру

Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.Программалау – алгоритмді жазудың формалды тәсілі.


© 2010-2022