Жоба Ғасырдың өлім тұзақтары

     Мультимедиялық жоба "Ғасырдаң өлім тұзақтары". Мақсаты: жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен түсіндірілген. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.        Есірткі туралы жалпы мағлұмат берілген. Есірткі қолданудың себептері. Аурудың 3-кезеңі. Аурудың 1-ші кезеңі "Эйфория", 2-ші кезеңі "Ағзаның есірткіге тәуелділігі", 3-ші кезең "Абстиненттік синдром". Нашақорлардың негізгі белгілері. Нашақор қолданған адам қандай ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала аудандық білім бөлімі

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы





Тақырыбы:

«Ғасырдың өлім тұзақтары»



Мұғалімі: Мыржикова Т.Д.



Шежін ауылы

Тақырыбы: «Ғасырдың өлім тұзақтары»

Мақсаты: жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен түсіндіру; салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

Ұраны: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».

Мына мен бар!

Уа, халайық, қараңдар,

Көз тоймайтын сиқырым бар

Еліктірер адамды.

Осы өнермен әп-сәтте-ақ

Жаулап алам ғаламды!

Есірткі туралы жалпы мағлұмат.

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Есірткі және стимулятор дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар.

Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдеті адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани жүйесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде есірткі қолданушылардың саны күрт өсіп, мемлекет басшылары бұл мәселенің шешімін іздеуде. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, анархиялық оқиғаларда, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын азғындауда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал. Жастарды бұл бәледен қорғау және құтқару адамдық пен ұлттық борыш болып табылады. Бұл

қырсыққа душар болған жастар оның қаншалықты қауіпті екендігін түсінбей, жаман достарына еліктеп, жаны мен тәніне, болашағына қатер төндіреді.

Адамның әрекеттерінде, ой-сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатындары мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини.

Есірткі қолданудың себептері

Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.

Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.

Ойын-сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын-сауық орындары. Бұлардың бәрі «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпандары болып табылады. Ол жерге кірген адамның диірменнен өту ықтималы өте үлкен.

Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.

Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.

Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымның есірткіге бейімділігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туындаған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, менмендікке итермелеуі негізгі себептер болып табылады.

Дос өте маңызды.

Балалар мен жастар жанұядан, мектептен және достарынан әсер алады. Достарының қатарынан қалмау үшін жастар көбінесе достарының қысымына шыдай алмай есірткі қолданады. Осылайша есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы арқылы емес, достары арқылы пайда болады.

Есірткіге үйрету тәсілдері. Есірткіге тәуелділік ең алғашында дос арқылы басталады. Егер де досыңыз шын дос емес, есірткі сатушылардың шабарманы болса бірнеше апта жалғасқан достықтан кейін «бомбалау» деген екінші қадамды жасайды. Бұл қадам, бір күні қонаққа келген «шабарман» сізге «базарлығын» берген соң кетіп бара жатып байқамай көп мөлшерде героинді ұмытып кетеді. Бұл героин ол үшін қаншалықты маңызды екендігін білгеніңіз үшін күманданбайсыз. Бірнеше күн оның келуін күтесіз. Бірақ ол келмейді. Бір күні, «шамалы тартсақ ештеңе етпес» дейсіз. Сөйтіп жалғаса береді. Героин біткенде сіз «бомбаланған» болып шығасыз. Енді есірткіге тәуелді болып, «шабарманды» іздейсіз және оны өте оңай табасыз.

Әсіресе, жастардың арасында достарының бірі немесе бірнешеуі есірткі қолданатын болса, бұл басқаларының бір рет болса да «дәмін көру» үшін жеткілікті бір себеп болады.

Жастар бірі-біріне темекі ұсынардай немесе ауруын жазу үшін дәрі берердей есірткіні өте оңай тауып береді. Достар араларындағы әңгімеден тыс қалмағанын қалайтын жолдастарын да күштеп есірткі қолдануға үйретулері мүмкін. Есірткіден бас тартқан достарын менсінбей, мазақ қылып, өздерінше төмендетуге тырысады.

Мектептердің алды есірткі сатушылардың міндетті мекен-жайы болып табылады. Әсіресе, сабақ біткен уақытта есірткі сатушыларды мектеп алдында кездестіруге болады. Наша қолданатын адамдарға н а ш а н ы ң і ш і н е г е р о и н араластырып беріп, оларды да героинге үйретуге болады. Героин ұстамасы басталса, адам героинге тәуелді болады деген сөз.

Аурудың 1-ші кезеңі. «Эйфория»

Бұл есірткі қабылдаған адамның бей-жай көңіл-күйі, барлық қиындықтарды ұмытып өзімен-өзі маужыраған күйін медицина тұрғысында эйфорин деп атайды.

Аурудың 2-ші кезеңі. Ағзаның есірткіге тәуелділігі.

Басы, барлық жүйке жүйесі ауырады, бұлшық еттері қатты шаншып ауырып, жанын қоярға жер таппайды. Сіңірлері тартылып, құлағына айқай-шу, өзіне ұрысқан дауыстар үздіксіз естіледі. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Аурудың 3-ші кезеңі. Дене бітімінің әлсіреуі. «Абстиненттік синдром» (ломка).

Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады. Адам тірі өлікке айналады.

Нашақорлардың негізгі белгілері.

Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:

  • Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;

  • Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;

  • Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;

  • Солғын, ұйқылы-ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;

  • Көз қарашықтарының үлкеюі;

  • Адамның бос жерге қарап отыруы;

  • Отқа ұстап тұру үшін арналған сабы артқа қарай майысқан кішкентай қасық, сабы темірден жасалған қақпақ немесе шприц сияқты есірткі қабылдау үшін пайдаланылатын құралдардың болуы;

  • Нашақорлардың жаргон тілін білуі;

  • Кісінің белгілі уақытта (4-5 сағат сайын) басқа жерге кетіп қалуы (есірті қабылдау үшін);

  • Бұрын сенімді болған бір адамның қылмыс жасап, ұрлық, алдау-арбау;

  • Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды;

  • Жиіленген асқазан ауруы мен лұқсу т.б.

  • Агрессиялар мен қозулар.

Нәтижелері:

Абақты

Депресия

Жалғыздық

Есаландық

Бекерге ақша жұмсау

Өлім

Есірткімен дос болу, онда оған құл болу. Олар әрі ауру, әрі қауіпті адамдар. Есірткі табу үшін адам өлтіруге дейін барады.

Есіртіні қолданатын адамның орташа жас ұзақтығы 3 жылға созылады.

Біз Қазақстан жастары есірткіге қарсымыз!

Жас өспірім!

Егер есірткі деген бәлені қолдансан, құрдымға тірелесін.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  • «Ғасырдың өлім тұзақтары» авторы: Байрам Кенджи, 2007 ж.

  • Балаларға есірткі мен темекісіз өмір сүруге көмектесуде біз не жасай аламыз? Авторы: Н.А.Құлжанова, Л.М. Сейтқұлова, 2003ж

  • Интернет сайттары

  • Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар журнал 2009ж.



© 2010-2022