І жарты жылдық тест (9-сынып)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып ИНФОРМАТИКА

2015-2016 оқу жылы бойынша І-жарты жылдық тест

І-вариант

1. Алгоритм ұғымы:

А) көзделген мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін атқарушыға түсінікті, дәл анық жазылған бұйрықтар тізімі;

В) көзделген мақсатқа жету үшін жазылған бұйрықтар тізімі;

С) көзделген мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін компьютерге түсінікті жазылған программа;

Д) көзделген мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін адамға түсінікті, дәл анық жазылған бұйрықтар тізімі;

2. Алгоритмнің графикалық өрнектелуінде ромб фигурасы қандай қызмет атқарады?

А) шарт енгізу; В) мәлімет енгізу

С) есептеулер жүргізу; Д) алгоритмнің басы.

3. Төмендегi құжаттардың қайсысы алгоритм бола алады?

  1. А) Тағам дайындау ережесi; В) Техникалық қауiпсiздiк ережесi;

С) Поезд қозғалысының кестесi; Д) Кiтапханадағы кiтаптар тiзiмi;

4. Алгоритм тіліндегі қайталану командасының қызметші сөздерінің жазылу түрі:

А) цб- әзір-цс -бітті; В) әзір - цб.-цс.- бітті;

С) әзір-цб-цс; Д) егер-әзір-цб-цс;

5. Алгоритм тақырыбы дегеніміз:

А) алг- арг- соңы; В) басы- алг- арг - нәт;

С) алг- арг- нәт; Д) алг- арг- басы.

6.Trunc(x) функциясы қандай қызмет атқарады?

А) саналатын типті бүтін типке көшіреді; В) шаманың минимум мәнін табады;

С) нақты санның бүтін бөлігін береді; Д) шаманың максимум мәнін табады;

Е) нақты санды бүтін санға дөңгелектейді;

В) есепті шығару үшін түсінікті, дәл анық жазылған іс-әрекеттер тізімі.

7.Round(x) функциясы кандай кызмет аткарады?

А) саналатын типті бүтін типке көшіреді; В) шаманың максимум мәнін табады;

С) санды символға аударады ; Д) нақты санды бүтін санга дөнгелектейді;

8.Low(x) функциясы қандай кызмет аткарады?

А) саналатын типті бүтін типке көшіреді ; В) шаманын максимум мәнін табады;

С) санды символға аударады; Д) шаманың минимумын мәнін табады;

Е) нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.

9. Ord(x) функциясы қандай қызмет атқарады?

А) саналатын типті бүтін типке кошіреді; В) шаманың минимум мәнін табады;

С) нақты санның бүтін бөлігін береді; Д) шаманың максимум мәнін табады;

Е) нақты санды бүтін санға дөңгелектейді;

10. Аргументтің арктангесі қай түрде жазылады?

А) exp (x); B) int (x); C) arctan (x); D) frac (x); E) abs (x)

11. х санының бүтін бөлігі қалай жазылады?

А) exp (x); B) int (x); C) arctan (x); D) frac (x); E) abs (x)

12. x caнының натурал логарифмі қай түрде жазылады?

А) cos(x); B) sin(x); C) sgr (x); D) ln (x) ; E) sgrt (x).

13. х-тің квадрат түбірі қай түрде жазылады?

A) ln (x); B) sin (x); C) sgrt (x); D) sgr (x); E) cos (x)

14. Label түйінді сөзі нені сипаттайды?

А) тұрақтыларды; В) белгіні; С) мәліметтер типін; Д) айнымалыларды;

Е) программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі.

15. Қандай жағдайда позициялық емес санау жүйесі деп атаймыз:

А) егер цифрдың мағынасы оның тізбектегі орнына тәуелді болса;

В) оң натурал сандар болса; С) теріс сандар болса;

Д) тізбектегі сандар оның тұрған орнына тәуелсіз болса.

16. Паскальдағы қарапайым типтерге мыналар жатады:

А) dim, put, input, output ; В) array, text, record ;

С) type, string, false, true; Д) integer, char, real, Boolean.

17. Паскаль тілінің дұрыс жазылған стандартты функциялары:

А) tan(x), ctg(x), log(x), cosec(x), lg(x); В) real(x), strihg(x), full(x), odd(x), tor(x);

С) col(x), asin(x), save(x), load(x), log(x); Д) Int(x), sqr(x), sqrt(x), sin(x), cos(x).

18. GO TO операторы былай аталады:

А) цикл операторы; В) шартсыз көшу операторы; С) шартты көшу операторы; Д) таңдау операторы.

19. Паскальда программа неше бөліктен тұрады?

А) 1; В)2; С)3; Д) 4;

20. Экранға мәлімет шығару процедурасы:

А) writeline ("x=",x:8:3); В) readln ("x=", x:5:0); С) read (s,t); Д) writeln ("y=", y:5:2).

21. Паскаль тілінде қолданылатын берілгендер мәндерінің стандартты типтері мынандай:

А) BOOLEAN, REAL, INTEGER, CHAR; В) REAL, INTEGER, ARRAY,SET, CHAR;

С) INTEGER, REAL, RECORD, BOOLEAN; Д) ARRAY, CHAR, BOOLEAN, REAL;

Е) RECORD, CHAR, REAL, INTEGER.

22. Мына өрнектің Паскальда дұрыс жазылуын көрсет: І жарты жылдық тест (9-сынып)

А) e^(a+b)/0.5*a+sqrt(2); В) exp(a+b)/0.5*a+sqrt(2);

С) exp(a+b)/ (0,5*a+sqrt(2)); Д) e^(a+b)/(0.5*a+sqrt(2)).

23. Паскаль тіліндегі мына өрнекті математикалық түрге келтір:

Sqrt(sqr(a)+2*cos(x))/exp(sin(x))+6.17*x)

А) І жарты жылдық тест (9-сынып); В) І жарты жылдық тест (9-сынып); С) І жарты жылдық тест (9-сынып); Д)І жарты жылдық тест (9-сынып).

24. Келесі өрнектің (16 mod 7) мәні мынадай болады:

А) 0; В) 9: С) 2; Д)8; E) 1.

25. Келесі теңдіктегі х мәні нешеге тең? 20 div x=20 mod x

А) 1; В) 10; С)19; Д)12; Е)52.

26.Төмендегі амалдардан соң, А мен В нешеге тең болады?

a:=12; b:=2; if a

А) a=12; b=2; В) a=22; b= 12; С) a= 12; b= 4; Д) a=22; b=2; Е) a=4; b=2.

27. Санау жүйесінің түрлерін көрсетіңіз?

А) позициялы және позициясыз; В) қайталанбалы және жылжымалы;

С) тармақталған және позициялы ; Д) графикалық және текстілік;

28. Алгоритмнің қай қасиеті оның біртектес есептердің барлығын шеше алатындығын анықтайды ?

А) жалпылығы; В) үздіктілігі;

С) нәтижелігі; Д) үздіксіздігі

29. Паскаль программалау тілін жасап шығарған ғалым:

А) Никлаус Вирт

В) Әл Хорезми

С) Блез Паскаль

Д) Чарльз Бэббидж

30. Арифметикалық өрнектелудің мәнін жазыңыз

І жарты жылдық тест (9-сынып)

А) x/(1+sqr(x))/2*y); В) І жарты жылдық тест (9-сынып)

С) І жарты жылдық тест (9-сынып); Д) І жарты жылдық тест (9-сынып)


9 сынып ИНФОРМАТИКА

2015-2016 оқу жылы бойынша І-жарты жылдық тест

II -вариант

1. Алгоритм ұғымына берілген қате анықтаманы табыңыз:

А) көзделген мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін атқарушыға түсінікті, дәл анық жазылған бұйрықтар тізімі;

В) көзделген мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін компьютер мен адамға түсінікті жазылған сөйлемдер;

С) көзделген мақсатқа жету үшін жазылған бұйрықтар тізімі;

Д) көзделген мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін анық жазылған әрекеттер тізімі;

2. Қандай жағдайда қайталану алгоритмі пайдаланылады?

А) кестелік функцияны есептеуге;

В) шарттарға байланысты әр түрлі операторлар;

С) кейбір командалар бірнеше рет болатын болса;

Д) анықталған операторларға.

3. Алгоритмнің графикалық өрнектелуінде параллелограмм фигурасы қандай қызмет атқарады?

А) мәндерді енгізу - шығару; В) алгоритмнің басы;

С) есептеулер жүргізу; Д) шарттың орындалуын тексеру;

4. Алгоритмдік тілдегі тармақталу командасының қызметші сөздерінің жазылу түрі:

А) егер - онда - әйтпесе - бітті ; В) онда- егер- әйтпесе - бітті; С) басы - егер -онда -әйтпесе- бітті; Д) басы- егер-онда- бітті; Е) басы- егер- әйтпесе- бітті.

5. Алгоритмнің денесі дегеніміз:

А) алг- арг- соңы; В) басы- алг- арг - нәт; С) алг- арг- нәт;

Д) алг- арг- басы; Е) басы- соңы .

6. High(x) функциясы қандай қызмет атқарады?

А) саналатын типті бүтін типке көшіреді; В) шаманын максимум мәнін табады;

С) санды символга аударады ; Д) накты санды бүтін санга дөнгелектейді;

7. Trunc(x) функциясы қандай қызмет атқарады?

А) саналатын типті бүтін типке кошіреді; В) шаманың минимум мәнін табады;

С) нақты санның бүтін бөлігін береді; Д) шаманың максимум мәнін табады;

Е) нақты санды бүтін санға дөңгелектеді;

8. Chr функциясы қандай қызмет атқарады?

А) саналатын типті бүтін типке көшіреді; В) шаманын максимум мәнін табады;

С) санды символга аударады; Д) накты санды бүтін санга дөнгелектейді;

9. Аргументтің абсолют шамасы қай түрде жазылады?

А) int (x); B) arсtan (x) ; C) exp (x); D) fraс (x); E) abs (x)

10. х санының бөлшек бөлігі қай түрде жазылады?

А) int (x); B) arсtan (x) ; C) exp (x); D) fraс (x); E) abs (x)

11. Аргументтің косинусы қай түрде жазылады?

А) sin(x); B) ln (x); C) sgrt (x); D) cos (x); E) sgr (x)

12. х-тің квадраты қай түрде жазылады?

A) ln (x); B) sin (x); C) sgrt (x); D) sgr (x); E) cos (x)

13. Var түйінді сөзі нені сипаттайды?

А) тұрақтыларды;

В) программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі

С) мәліметтер типін; Д) белгіні; Е) айнымалыларды.

14.Паскаль тілінің дұрыс жазылған меншіктеу операторын көрсет:

А) = ; В) :=; С) =: ; Д) >=; Е) <=;

15. Паскальда қандай сандар типтері болады?

А) бөлшек, аралас; В) оң, теріс, натураль; С) бүтін, нақты; Д) қысқа, ұзын, орташа.

16. Паскаль тілінің реттілігі дұрыс жазылған сипаттау бөлігі:

А) label, const, type, var, function, procedure;

В) procedure, var, type, const, label, function;

С) procedure, type, const, label, function, var;

Д) procedure, type, var, const, label, function.

17. Дұрыс жазылған идентификатордың жолын көрсет:

А) alfa, a15, alc2, tania1, termos ;

В) боря, аман, lt3, вес1 ;

С) а12, mou#se, 1-zap, 2-call, while;

Д) load, true, if.

18. Квадрат теңдеуді шешуде алгоритмнің қандай құрылымы қолданылады ?

А) үздікті. В) сызықтық;

С) қайталанбалы; Д) тармақталған;

19. Енгізу операторы

А) writeline ("x=",x:8:3); В) readln ("x=", x:5:0); С) read (s,t); Д) writeln ("y=", y:5:2).

20. Мына өрнектің Паскальда дұрыс жазылуын көрсет: І жарты жылдық тест (9-сынып)

А) (a+b)^2 / sqr (2+sin(x); В) (a+b)^2 /sqrt(2+sin(x));

С) sqr(a+b)/ sqrt(2+sin(x)); Д) sqr(a+b)/(sqrt(2+sin(x)).

21. Паскаль тіліндегі мына өрнекті математикалық түрге келтір:

(4,5*a+sqr(b))/sqrt(sqr(a)+b)+exp(a+b)

А) І жарты жылдық тест (9-сынып) В)І жарты жылдық тест (9-сынып) ; С) І жарты жылдық тест (9-сынып) Д) І жарты жылдық тест (9-сынып)

22.Келесі өрнектің мәні (25 div 4) мәні мынадай болады:

А) 1; В) 12; С) 2; Д) 8; Е) 6.

23.Келесі теңдіктегі х мәні нешеге тең? X div 5=8

А) 43; В) 45; С) 40; Д)42; Е)52.

24.Төмендегі амалдардан соң, А мен В нешеге тең болады?

a:=3; b:=2;

if a

А) a=2; b=2; В) a=2; b=1; С) a=2; b=4; Д) a=1; b=2; Е) a=2; b=6.

25. Қарапайым тілде өрнектелген алгоритмді орындаушы-

А) компьютер; В) адам; С) робот-машина; Д) принтер;

26. Паскаль тілінде программаны қатеге тексеруді қай команда атқарады?

А) LOAD ; В) RUN; С) SAVE; Д) COMPILE.

27. Паскаль тіліндегі программа қандай таңбамен аяқталуы тиіс?

А) нүкте; В) қос нүкте;

С) нүктелі үтір; Д) үтір.

28. Қандай жағдайда позициялы санау жүйесі деп атаймыз:

А) оң натурал сандар болса;

В) егер цифрдың мағынасы оның тізбектегі орнына тәуелді болса ;

С) тізбектегі сандар оның тұрған орнына тәуелсіз болса;

Д) тек нақты сандар болса.

19. Паскаль тілінің компиляторының қай бұйрығы программаны компьютер жадысына сақтау қызметін атқарады?

А) COMPILE; В) RUN; С) SAVE; Д) LOAD.

30. Арифметикалық өрнектелудің мәнін жазыңыз І жарты жылдық тест (9-сынып)

А) 1+arctan (x/(1+sqrt(x)))

В) І жарты жылдық тест (9-сынып)

С) 1+arctan(x/(1+sqrt(x))

Д) І жарты жылдық тест (9-сынып)


© 2010-2022