Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар құру

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау. PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру туралы түсінік беру.

ә) Дамытушылығы: Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

б) Тәрбиелілігі: Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту

өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, геометрия

Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: Компьютерлер, тапсырмалар, слайд, плакат

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты меңгерту

  4. Практикалық жұмыс

  5. Білім тиянақтау

  6. Оқушылар білімін бағалау

  7. Қорытынды, үйге тапсырма

І. Сергіту сәті. Топтастыру.

ІІ. Өткен сабақты қайталау: Үйге берілген қисықтарды редакциялау, растрлық, векторлық графика түрлері тақырыптарынан сұрақтар қойылу арқылы сұралады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Фигуралық мәтін тақырыпты, қысқа жазуларда қолданылады. Фигуралық мәтінде абзац, келесі жолға көшіру т.б. қажет емес. Оны бағанға бөлуге, шегіністер орнатуға, буквица құруға болмайды. Түрлі безендіру эффектілерін (трансформация, бояу, формасын өзгерту) орнатуға болады. Ол нысан ретінде қарастырылады. Оның өзіне тән бірнеше қасиеттері бар. Фигуралық мәтінннің пішінінің, кез-келген нысанның пішіні сияқты өзгертуге болады. Оны қолмен немесе түр құрал-сайманы көмегімен өзгертуге болады.

Қарапайым мәтін

Көлемді мәтіндерді безендіруде қолданылады. Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады, оны командалар бойынша өңдеуге, форматтауға болады. Қарапайым мәтін блоктың ортасында автоматты түрде орналасады.

Мәтінді безендіру

Мәтіннің түріне тәуелсіз оған қажетті полиграфиялық параметрлерді беруге болады (шрифт, кескіні, өлшем, түс, т.б.)

Барлық шрифттерді бірнеше топқа бөлуге болады:

  • стандартты (жиынтықтық) шрифттер мәтіннің үлкен массивтерін теруге арналады. Олар өз алдына екі топқа жіктеледі - құйрықшалы, құйрықшасыз (құйрыұша - бұл кейбір әріптерді шеттерінде болатын кішкене сызықшалар), мысалы, құйрықшалы - Times құйрықшасыз - Arial:

  • акцидентті шрифтер тек мәтін атаулары үшін үлкен көлемде пайдаланылады, Шрифттің кескіні қалыпты (Normal), қою (Bold), курсив (Italic) және қою курсив (Bold-Italic) болады.

Normal Bold

Italic Bold-Italic

Times New Roman шрифтінің түрлі қаріптері. Шрифт асты сызылған болуы мүмкін және индекстеуде де қолданылады. Кез-келген графикалық нысан секілді әр әріптің өз жиегі болады. Оның түсінің қалыңдығын өзгертуге, мәтінге қатысты түрлі ұүймаларды пайдалануға болады. Мәтінді қисықтарға түрлендіру.

Мәтінді қарапайым қисықтарға түрлендіруге болады. Бұл жағдайда әр әріпте лупамен жақсы көрінетін көптеген түйіндер пайда болады. V. Оқушылар білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. Мәтін, мәтіндік блоктар тақырыбын оқып келу.



© 2010-2022