Символдық мәліметтермен жұмыс

Сабақтың тақырыбы:    Символдық мәліметтермен жұмыс                    Сабақтың  мақсаты:                         Білімділігі:  Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық  мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;    Дамытушылығы:  Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық  ой- өрістерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке  тәрбиелеу. Сабақтың түрі:    теориялық  сабағы Сабақтың барысы:                                        1. Ұйымдастыру                                     2. Өткен материалды қайталау                                    3.  Жаңа сабақты түсіндіру                                     3. Деңгейлік тапсырма                                    4.  Қорытынды.  Үйге тапсырма     Жаңа  сабақты түсіндіру  Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын  CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан. Символдық мәліметтер төмендегідей стандартты функциялар орналасқан: Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді   pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді upcase(ch) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.    Символдық мәліметтерді еңгізу             Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар: 1.      Бос орын таңбасы -  ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады. 2.      Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі. 3.      Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі – ENTER ( )   басылса да  READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды. 4.      Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады. 5.      Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line)    стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды – дегенді білдіретін  Enter пернесі басылғанда ғана  ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse )  болады.                              Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу        Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөз қолданылады. VAR:  string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ] Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз. Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады. Салыстыру амалдары олар: =, < >,, = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады. Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция  алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын  символдар санымен анықталады. Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің функциялары : CHR(I)-I  санына сәйкес символы береді.             ORD(S)-S  символының бүтін сан түріндегі кодын береді             COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан     бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады.             UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас   әріптерге ауыстырады.             DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М-  таңбасын өшіреді.             INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының  Poz  нөмірінен бастап           N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.     1        есеп Латын альфавитінің  әріптерін экран бетіне шығару  бағдарламасын құру.   program e1;          var   I: char;                        begin for  I:=‘A’  to  ‘z’  do       writeln(I);                              end.   2        есеп  program e2;  var   x:string;a:integer; begin x:=‘ Информатика';   a:=Length(x);   writeln('a=',a); readln  end. 3        есеп program e3;              var  a,x:string;              begin x:=‘информатика';              a:=copy(x,1,5);              writeln('a=',a); readln  end.    №6   есеп“Мен  оқушымын”   сөзінің  ұзындығын  табатын  бағдарлама құрыңыз. № 7 есепЛатын альфавитінің    А  ВВ   ССС  ... Z     етіп шығарудың  бағдарламасын  құрыңыз.     Үйге тапсырма   Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.Символдық  мәліметтерді енгізу.  Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.   №8 есеп     Мәтіндегі  “а”  әріпінің  санын анықтау  бағдарламасын құрыңыз.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ______2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 9

Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

3. Деңгейлік тапсырма

4. Қорытынды. Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

  • Var операторының қызметі қандай?

  • Const операторының қызметі қандай?

  • Readln операторының қызметі қандай?

  • Writeln операторының қызметі қандай?

  • Цикл дегеніміз не?

  • Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?

  • Программаның нәтижесін қалай көреміз?


Жаңа сабақты түсіндіру


Символдық шамалар дегеніміз сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз. Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық айнымалыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты пернетақтадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз. Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты операторларының көмегімен жұмыс істей аламыз.

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.

Символдық мәліметтер төмендегідей стандартты функциялар орналасқан:

Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді

ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді

upcase(ch) - кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.




Символдық мәліметтерді еңгізу

Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

  1. Бос орын таңбасы - '_' Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.

  2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.

  3. Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі - ENTER

( ) басылса да READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.

  1. Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.

  2. Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line) стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды - дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse ) болады.

Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу

Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөз қолданылады. VAR<айнымалы аты>: string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ]

Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.

Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.

Салыстыру амалдары олар: =, < >,<, >, <=, > = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады.

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің функциялары :

CHR(I)-I санына сәйкес символы береді.

ORD(S)-S символының бүтін сан түріндегі кодын береді

COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан

бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады.

UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас

әріптерге ауыстырады.

DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М-

таңбасын өшіреді.

INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап

N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.



  1. есеп Латын альфавитінің әріптерін экран бетіне шығару бағдарламасын құру.

program e1;

var I: char;

begin for I:='A' to 'z' do

writeln(I);

end.


  1. есеп

program e2;

var x:string;

a:integer;

begin x:=' Информатика';

a:=Length(x);

writeln('a=',a); readln end.

  1. есеп

program e3;

var a,x:string;

begin x:='информатика';

a:=copy(x,1,5);

writeln('a=',a); readln end.

4 есеп

program e4;

const y='mektep';

var a,x:string;

begin x:='gimnazia';

a:=concat(y,x);

writeln('a=',a); readln end. Тапсырма:

Символдық мәліметтермен жұмыс

6 есеп

"Мен оқушымын" сөзінің ұзындығын табатын бағдарлама құрыңыз.

7 есеп

Латын альфавитінің А ВВ ССС ... Z етіп шығарудың бағдарламасын құрыңыз.

Үйге тапсырма Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.

Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.

8 есеп Мәтіндегі "а" әріпінің санын анықтау бағдарламасын құрыңыз.


Қ. Мұхамеджанов атындағы № 1 мектеп - гимназия



Символдық мәліметтермен жұмыс



Информатика


9 класс

Тақырыбы: «Символдық мәліметтермен жұмыс»

Мұғалімі: Мүсілімова Р.М.









Қызылорда қаласы

© 2010-2022