Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сыныпҚарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сыныпҚарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сыныпҚарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сыныпҚарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды WORDPAD мәтіндік редакторымен таныстыру және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды үйрету;

Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;

Тәрбиелілік:Еңбекке баулу, ұлттық салт - дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, презентация, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларды екі топқа бөліп аламын кеспе қағаздар арқылы, оқушылар назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Біз өткен сабақта " PAINT графиктік редакторы " тақырыбын аяқтадық. Сол тақырыптан алған білімімізді пысықтап алайық сәйкестендіру кестесі арқылы.

1. Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

А) Пиксель

2. Paint

В) Графикалық редактор

3. (Ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растырлық бейненің ең кішкентай элементі

C) (ағылшынша сурет, сурет салу)

4.Палитраның неше түсі бар

Д) Мәтін

5.Жай - күй жолында не беріледі

Е) 30

6.Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?

Ж) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат

7.Трансформация сөзі?

З) Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып

8. Масштаб сайманын көрсет?

И) латын тілінен түрлену алмасу

III.Жан -жақты білімін тексеру

  • PAINT графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • PAINT графиктік редакторы ағылшын тілінен аударғанда

қандай мағына білдіреді?

Графикалық редактор тобына . Paint туралы түсінік айту?

Мәтіндік редактор тобына. сурет салу арқылы шеңбердің ізін анықтау

Сурет салып үйрендік оқушылар енді және біз компьютерде не істейміз?

ІV. Жаңа сабақ

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға беріп түсінген білімдерін екі топ бір - біріне сұрақ қою арқылы пысықтайды. Мен саған , сен маған кезең бойынша.

WordPad мәтіндік редакторы.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзіндлерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін- біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортиасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерде қысып жазып қоюға да болады.

WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым міәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WordPad бағдарламасын іске қосу.

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск- Программы- Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көр бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.




Жолақ

Жылдам қол жеткізутақтасы

Жай-күйжолы

Сызғыш

WORDPAD батырмасыҚарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып

V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Практикалық жұмыс

  1. Компьютермен жұмыс

Суреткеқарапмәтінқұржәне оны компьютердетеріп ,жаз.

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып

Барлық оқушылар жеке- жеке тапсырмалар орындайды.

Сергіту сәті

VI. Бекіту кезеңі.

Сәйкестендіру. WordPad мәтіндік редакторының батыраларының қызметтерін анықтаңыз.

Батырма





Қызметі

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Жаңа құжат құру

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Сақталған құжатты ашу



Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Құжатты сақтау

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Құжатты баспаға шығару

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Қиыпалу

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Көшіру

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Қою

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Қаріп өлшемі

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Жартылай қалың

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Курсив

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Асты сызылған

Қарапайым мәтіндік редактор Ашык сабак 5 сынып



Қаріп түрі

ББҮ стратегиясын қолданамын.

Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.

Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.

VII. Үйге тапсырма. §19 тақырыпты оқу, оқулықтан тест тапсырмаларын орындап келу. «Менің мектебім» атты тақырыпта шығарма жазу, WordPad- та мәтінді теру.



© 2010-2022