Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.   Дамытушылық: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипат...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауКүні: 25.11.2014 жыл Пәні: Информатика Сыныбы: 5 (бесінші)

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ (тірек-сызбалар, «Шыңға шығу» ойыны, практикалық тапсырмалар, «Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, «Ой толғаныс»)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, жұптық және жеке жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, бағалау қағаздары

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

4. «Ей, болашақ ұланым!

Болашағы қазағымның,

Сендерсің деп білемін

Балғынды жас болашақ

Мен сендерге сенемін!» өлеңін оқи отырып, оқушылардың

рухын көтеру, сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Шыңға шығу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:

1. Терезе деген не?

2. Терезелердің түрлерін атаңдар.

3. Пернетақтаның көмегімен терзелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?

4. Айналдыру жолақтары не үшін керек?

5. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?

6. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?

7. Мына батырма Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау қандай қызмет атқарады?

8. Мына батырма Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау қандай қызмет атқарады?

9. Мына батырма Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау қандай қызмет атқарады?

10. Терезе неше бөліктен тұрады?

2. «Миға шабуыл» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Файлдық жүйенің негізгі нысандары

Жарлықтар

Файлдар

Бумалар

ЖарлықтарИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

Файлдар

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

Жұмысшы

бумаларИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

Бумалар

Жүйелік

бумалар

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау


Файлдар

Файл - байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

ФайлдарWindows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.

Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * > < |.

Бумалар

Бума - объектілер қоймасы.

Бумалардың түрлері:

Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады (2-суретте көрсетілгендей).

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау


2-сурет. Жүйелік бумалар белгішелерінің үлгісі

Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows-де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар мынадай белгімен:

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.


Жарлықтар

Жарлық - нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.

Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.

Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған (3-сурет).

Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ (4-сурет).

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлауИнформатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау


3-сурет. Ойындар бумасының 4-сурет. Ойындар бумасының

жарлығы үлгісі

Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.

Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе прорамманы орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.

ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.

Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)

Төменде берілген суерттегі (5-сурет) терезенің сол жақ бөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.

Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау

5-сурет. Бумалардың бұтақталуының көрінісі



Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.

Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.

ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Жұптық жұмыс. Практикалық тапсырма.

1. Практикалық тапсырманы компьютерде орындаңдар.

1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.

2. Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығын таңдау арқылы жаңа бума құрып, оған ат беріңдер.

3. Құжаттар (Документы) бумасындағы бірнеше файлдарды көшіріп алып, өздерің құрған бума ішіне орналастырыңдар.

4. Олардың бір-екеуінің атын өзгертіңдер.

5. Бумадан кері шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.

2. Жұмыс үстеліндегі Windows нысандарын аттарымен мына кестеге теріп жазыңдар.

Файлдар

Бумалар

Жарлықтар






V. Жаңа тақырыпты бекіту: «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы.

1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?

А) Файл В) Бума С) Программа D) Құжат

2. Жарлық - ол:

А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме

В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума

С) Арнайы түрде құрылған D) Мәтіні бар файл

3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:

А) 100 В) 200 С) 50 D) 255

4. Буманы ашу үшін не істеу керек?

А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту

В) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту

С) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту

D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту

5. Белгіше Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау - ол:

А) Жүйелік бума В) Жұмысшы бума С) Жарлық D) Файл

6. Белгіше Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау - ол:

А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер

7. Белгіше Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау - ол:

А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер

8. Белгіше Информатика пәнінен Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын жоспарлау - ол:

А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер

Тестті бағалау шкаласы: 8 ұпай - 5;

6-7 ұпай - 4;

4-5 ұпай - 3;

4 төмен ұпай - 2.

VІ. Қорытындылау: Блум гүлі. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау.


ҮІІ. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар

VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:


© 2010-2022