Қарапайым мәтіндік редактор редактор интервейсі

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №19

Пән аты: Информатика

Класы: 5 «А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы. §19. Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың типі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

Біздің әрқайсысымз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазады және т.с.с. Кейде өзгенің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлдеқайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді.

Арнайы программалардың - мәтіндік редакторлардың көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:

  • Мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;

  • Керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;

  • Мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады.

Мәтіндік редактор - ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа.

  • Мәтіндік құжаттарды құруға;

  • Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;

  • Мәтінді пішімдеуге-әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;

  • Құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін-ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.

Мәтіннің құрылымы

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер -мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз - бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен (пробелы) ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ-сөз-жол-абзац-бет-мәтін.

Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

Түйін

  • Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығына: сақтау ықшамдылығын, мәтінді басқа тасығыштарға жылдам көшіру, компьютерлік желілер арқылы жеткізу мүмкіндіктерін жатқызуға болады.

  • Мәтіндік курсор мынадай символдың орнын көрсетеді.

  • Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программалар-мәтіндік редакторлар (немесе мәтіндік процессорлар).

  • Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.

  • Мәтіндік құжат бос болмайды. Онда міндетті түрде бір абзац бар және абзацтың қасиеттері сақталады.

Үйге тапсырма: §19. Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Түйінді жаттау. «Өзіңді тексер» тест сұрақтары.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.

Оқушыларды бағалау.



















© 2010-2022