5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға стандартты програмалар: графикалық редакторын және оның кез келген ортада қолдана білуін жан - жақты меңгерту

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың компьютерде жұмыс жасай отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, салыстыру және талдау жасауға үйрету

Б) тәрбиелік:

Сабақ барысында оқушыларды салауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:


Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

түсіндірмелі , сұрақ - жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта, компьютермен жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы:


Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;


ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Түзу сызық сызу

1.Линия батырмасын шертеміз

2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.

3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.

4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апарамыз.

5.Маустың батырмасын жібереміз

Төртбұрыштар мен квадраттар салу

Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.

1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.

2.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар

3.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

  1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.

  2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.

  3. маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

  5. маус батырмасын жіберіңдер.

Эллипс және шеңбер салу

Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:

  1. Эллипс батырмасын шертіңдер.

  2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.

  3. маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.

Қисық сызықтарды салу:

1.Кривая құралының батырмасын шертеміз

2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз

3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз

4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз

5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз

Көпбұрыштар салу:

1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз

2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз

3.Бірінші сызықты саламыз

Құю (Заливка) құралын пайдалану:

1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз

2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз

3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз

Бүріккіш құралын пайдалану:

1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.

2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.

3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.

4.Бояуды бүркеміз.

Қылқаламмен сурет салу:

1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.

2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.

3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.

4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.

5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.

Өшіргіш құралын пайдалану:

1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.

2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.

3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Оқушылар өз бетімен компьютерде стандартты программаны пайдалана отырып жұмыс жасайды.

ІV.Жаңа білімді бекіту

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

V. Үйге тапсырма.

Графикалық редактордың сурет салу құралдары

VІ.Бағалау

Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және сол бойынша бағалау


© 2010-2022