«Жас информатиктер» сайыс сабақ 4-класс

Информатика  пәнінен сыныптан  тыс сабақ  жоспары. Сабақтың  мақсаты: А) Білімділік Бұрын  алған  теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, мәтіндік,  графикалық редактормен, жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға талпындыру. В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа, компью...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жас информатиктер» Сайыс сабақ
Информатика пәнінен сыныптан тыс сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік Бұрын алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, мәтіндік, графикалық редактормен, жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға талпындыру.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа, компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: білім - білік дағдыларын қайта жаңғырту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS Power Point - та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
Сайыс сабақ 7 кезеңнен тұрады. Сайысқа 2 топ қатысады.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Жас информатиктер» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген ұлағатты сөзбен сайысымызды бастайық. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып өтейік.

Сайыс сабағының бағдарламасы:
I. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстыру)
II. «Кім тапқыр» (Сұрақтар қою)
III. Компьютермен жұмыс (5 минутта мәтінді теру)
IV. Сиқырлы сандар.

V. Ойлан тап (ребус шешу)
VІ. Қылқалам сыры (Сурет салу)
VII. Қорытындылау (Топты марапаттау)

Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың
1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Монитор» , «Компьютер» топтарына береміз
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
I. «Компьтер» тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз алғырлы,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
II. «Монитор» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

II. «Кім тапқыр» (Сұрақтар қою)
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, 2-бөлімді бастайық.
Шарты: әр топқа 12 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа топқа 1 ұпайдан қосылады.
«Компьютер» тобына сұрақтар

1. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? монитор

2. Сурет салуға арналған программа (Paint)

3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
4. Аты бар байттар тізбегі? (Файл)
5. Зиянкес программа? (вирус)

6. Келесі жолға өту пернесі (Enter)

7. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болуы керек? (60-70см)

8. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ? (Терезе)

9. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы? (Пернетақта)

10. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирус)

11. Жыпылықтап тұратын тік сызықша `(Меңзер)

12. Принтердің неше түрі бар? (3түрі)

13.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

14 Функционалдық пернелер нешеу? (12)

15. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? (колонка)

«Монитор» тобына:
1. Компьютер пернетақтасында қанша перне бар? 101-102

2. Адам мен компьютердің қарам - қатынас тілі ( интерфейс)
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

5. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді? (Delete)

6. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады? (Бос орын)

7. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (Себет)

8. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (монитор,пернетақта, жүйелік блок)

9. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

10.Windows сөзінің аудармасы? (терезе)

11.Қағазды баспаға шығаратын құрылғы (принтер)

12.Компьтер жанындағы өсімдік (кактус

13. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз Беббидж)

14. мәтіндік редакторға сурет енгізуге болама? (иә)

15. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)

III. Компьютермен жұмыс (берілген мәтінді 5 минутта теру)

Кеудеме өзің құйдың жарық нұрды

Сағыныш қашан мені жалықтырды

Барсам да қай қиырға сенің атың,

Жұлдыз боп жанарымда жанып тұрды.

Оранып әні дала гүлмен,

Көркіңе көзім қанық бала күннен.

Өзіңді туған ауыл сәл ұмытсам,

Анамды ұмытқандай боламын мен.

- «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі бөлімімізге көшейік. 4-кезең Сиқырлы сандар.


Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отыра келесі кезеңді бастайық.
V. кезең Қылқалам сыры (Сурет салу)

VII. Қорытындылау тест . (Топты марапаттау)

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Кеш соңында жеңіске жеткен топ марапатталады.
Қош сау болыңыздар!











Қызылжұлдыз орта мектебі











«Жас информатиктер»









Өткізген: Лайықова Н.Б











2014-2015 оқу жылы





«Компьютер»

тобы







«Монитор»

Тобы







«Жас информатиктер» сайыс сабақ 4- класс

© 2010-2022