Алгоритмді жазу пішімі, блок схемалар сабақ жоспары 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгоритмді жазу пішімі, блок схемалар сабақ жоспары 6 сыныпАлгоритмді жазу пішімі, блок схемалар сабақ жоспары 6 сыныпАлгоритмді жазу пішімі, блок схемалар сабақ жоспары 6 сыныпАлгоритмді жазу пішімі, блок схемалар сабақ жоспары 6 сыныпСынып: 6 Информатика Күні: 12.11.2014

Пән: информатика

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок - схемалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алгоритмнің қасиеттерін, жазу ережелерін түсіндіріп, блок - сызбалармен таныстыру

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: дербес компьютер, оқулық, тапсырмалар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме балалар! Кітап, дәптер, қаламсаптарымызды дайындайық.

Бүгін сабақта кім жоқ?

  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Бүгінгі сабағымызда алгоритмді жазу пішімдерімен, блок схемалармен танысамыз

  1. Үй тапсырманы тексеру

Үй тапсырмасын орындау алгоритмі

    1. Басы

    2. Күнделікті аламыз

    3. Үйге берліген тапсырманы қараймыз

    4. Кітапты аламыз

    5. Бетін ашамыз, тапсырманы табамыз

    6. Дәптерді ашамыз

    7. Тапсырманы орындаймыз

    8. Дәптер кітапты сумкаға саламыз

    9. Бітті

  1. Жаңа сабақ

Алгоритмді әр түрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:

  • Сөздік формада

  • Графикалық

  • Алгоритмдік тілде

  • Программалау тілінде.

Сіздер орындаған үй тапсырмаларың қандай формада болды?

Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блок - сызба деп атайды.

Блок сызбада әр іс - әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс - әрекет төртбұрышқа жазылады. Блок - сызбадағы барлық элементтер бір - бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтерді параллелограммға жазылады.

Екі санды қосудың блок - сызбасы



Басы



а,в енгіз





С = а+в





С- ның нәтижесін есепте




соңы





  1. Жаңа білімді тиянақтау

Дәптермен жұмыс

Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.

Басы

Карындашты ал

Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж,1О,3Ж,2С,3Ж,2О,1Ж,1О,3Т,1Ж,1О,2Т,1С,4Т,2О,1Ж,1О,1Ж,5С,2Т,2С

Алынған суретті аяқта

Қарындашты орнына қой.

соңы

  1. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:

  • Алгоритм формалары

  • Блок - сызбалар

5. Үй тапсырмасы

Оқулықтан §9 оқу, 9 тапсырманы орындау



© 2010-2022