ЖАСТАРДЫ АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАСТАРДЫ АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫ


Отансүйгіштік - бұл Отанға, елге, өзің туып өскен жеріңе деген сүйіспеншілік. Өзіңнің еліңнің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімі. Адамның өз ұрпағын Отанын сүюге, өз елі мен жерін құрметтеуге үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс екені белгілі.

Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас ұрпаққа саяси-патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Дала тұрғындарының өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас талап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары - атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық.

Қазақ халқының бұрынғы дәстүрлі қоғамынан қалған тарихи-рухани мұралардағы басты мәселе - қоғамның жағдайы адамның өзіне байланысты қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуынң объективті шарттарының бірі - патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды...» және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», - деп атап көрсеткен.

Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, саяси процестерге қатысудан, Отанды қорғаудан және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылықтардан басқа да жалпы адамзаттық құндылықтар қажет. Соның бірі отансүйгіштік қасиет болып табылады. [1]

Жастар - бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.

Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.

Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе.

Халқымыздың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылыған сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдереді.», - деп атап көрсеткен.

Отан - әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең қасиетті, ең ұлы анамыз.

Белгілі ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың айтуынша қазақстандық патриотизмнің бастауында қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің белгісі болған үш ірі тарихи оқиға тұр:

  1. Отырар шайқасы. Шыңғыс хан әскеріне қарсы алты ай күрес қазақ халқының зор рухани күшін әлемге танытты.

  2. Еркіндік пен ұлттық мемлекетілікті сақтап қалу үшін болған бір жарым ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес.

  3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық режимге қарсы алғашқы бас көтеру қазақ жерінде болып, әлемге өлмеген ұлттық рухты паш етті.

Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.

Жастар өз елінің тарихын зерделей отырып, өз бойларынде келесі қасиеттерді қалыптастырады:

көрнекті қайраткерлердің, қарапайым халық өкілдерінң тарихтағы орнын бағалау;

халықтар тағдырының ортақтығына, әдет ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің оортақтығына назар аудару;

ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарымызды бойына сіңіру.[2]

Бүгінгі күні төл тарихымызды оқытудың басты міндеті - жастарды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи декертермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу.

Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ұлттық сана-сезім. Деген туған-туысыңның, ағайыңныңның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық - ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар.

Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанының қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.

Неліктен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады? Білім беру мекемелері қазіргі заман талаптарына сай, кәсіби дайындығы жоғары маманды дайындап қана қоймай, рухани-адамгершілігі жоғары мамандарды дайындау қажет. Оқу орындарының түлектері біздің қоғамда тек қана білікті маман ғана емес, патриот - азамат ретінде де қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік білім беру бағдарламасында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру деп атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен азаматтылық» жас ұрпақтың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып табылады. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу қажет.

Қазақ халқы қазіргі жағдайда өзінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүре отырып, ұлттық қасиетінің негізі - тілін, дінін, салт-дәстүрін дамытуға тиіс. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәттІ тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтың негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух - қазақ елінің лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. [3]

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері - жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.[4]













Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз, 1999.

  2. Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты борышы. // Тарих Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010.

  3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Астана, 2007

  4. Назарбаев Н.Ә."Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде"Алматы, 2000.











АЖАСТАРДЫ АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫқтөбе облысы, Темір ауданы

№ 1 Шұбарқұдық мектеп - гимназиясы







«Жас ғалым -2012»







Тақырыбы:

ЖАСТАРДЫ АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ РУХТА

ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫ






Информатика пәнінің мұғалімі:

Қазиева Ағнұр




Ақтөбе 2012


© 2010-2022