Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А»

Күні: 28.01.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып,графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін,ой-өрісін қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып,жан-жақты болуға,техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылықты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар,компьютер,слайдтар

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен ақпаратты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Ой қорыту.Сабақты бекіту

5.Компьютермен жұмыс

6.Бағалау

7.Үй тапсырмасын беру

Өткен ақпаратты қайталау:

1.Ақпараттық модель дегеніміз не?

2.Барлық модельдер қандай екі үлкен класқа бөлінеді?

3. «Мәтін» нысаны қандай қасиеттерге ие?

4.Физика пәніне арналған оқулықта қандай ақпараттық модельдер бар?

Жаңа тақырып

Компьютерлік графика-программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын,өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Компьютерлік графика-күрделі ақпараттық технологияның бірі.Онсыз әрбір веб-парақшаны,компьютер ойынын жасау,кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.

Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мұмкіндік береді және кескін,сұлбалар,сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады.

Кмопьютерлік графика түрлері

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады:екіөлшемді (2D,2Dimensions-ден-2 өлшем) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден-3 өлшеу)

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар:растрлық,векторлық және фракталдық

Растрлық-графика редакторлары тек қана сурет салуға арналған.Олардың көмегімен коллаждарды,фотомонтажды,суреттерді қалпына келтіруді және т.б. Функцияларды орындауға болады.

Векторлық кескіндер - сызықтар кесінділерден,доғалардан,әртүрлі пішіндерден тұрады.Демек,программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын,өзгеретін,орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.

Фрактал - әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құрылады.Фракталдық кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады.Фрактал графикасын пайдаланып,жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар,веб-сайттардың текстуралары,компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады.

Түйін:

-Компьютерлік графика-программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын,өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

-Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар:растрлық,векторлық және фракталдық

-Растрлық графиканың бас элементі-нүкте,векторлық графиканікі-сызық немесе қисық,фракталдікі-математикалық теңдеу.

Өзіңді тексер!

1.Қандай кескіндер шынайы?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

2.Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

3.Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

4.Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

5.Қандай кесіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

6.Фрактал-ол .......

А) бас элементі сызық болатын кескін

В) берілген көлемдегі кескін бөлігі

С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін

D) бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін

Сабақты бекіту:

<<Кім жылдам>>

Бұл кезеңде берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақ жасырылған сөздерді табу керек.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Графика түрлері.Шығу тарихы





© 2010-2022