Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Қарапайым графикалық редакторда сурет үзінділерін ерекшелеуді үйрену. Paint графикалық редакторында сурет үзінділерін тану.

  • Paint графикалық редакторының сурет үзінділерінің ерекшеліктерімен танысу.Суреттің үзінділерімен жұмыс істеу.

  • Орындаушы Paint графикалық редакторының сурет үзінділерін түрлендіру әдісін меңгеру.

  • Paint графикалық редакторында сурет үзінділерін ереушелеу тәсілдерін талдау.

  • Сурет үзінділерімен жұмыс кезінде Paint графикалық редакторының құралдарын қолданудың маңыздылығын көрсету.

  • Сурет үзінділерімен жұмыс істеудің маңыздылығын ерекшелеу.

Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

  1. Анықтамаларды жаттау.

  2. Paint қарапайым графикалық редакторында сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін және жұмыс істеу ерекшеліктерін жаттау.

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

  1. Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

  2. Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

  3. Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.

Слайдтар:

1 - слайд (титул)

2 - слайд Сабақтың мақсаты

3 - слайд Тақырып жоспары

4 - слайд 1 - тақырыпша. Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

5 - слайд Фрагменттерді ерекшелеу және олармен жұмыс істеу

Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін. Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

6 - слайд Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар.

Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал, фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу). Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады.Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеуСуреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

7 - слайд

Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

8 - слайд 2 - тақырыпша. Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

9 - слайд

Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрғанда басқа орынға ауыстыру үшін:

­ курсорды ерекшеленген фрагменттің кез келген ішкі нүктесіне апарып, тышқан батырмасын басыңыз;

­ батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, фрагментті басқа орынға ауыстырыңыз;

­ батырманы босатыңыз.

Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, фондық түске боялады.

10 - слайд

Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеуСуреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

11 - слайд

  • Фрагмент жаңа орынға ауыстырылған соң да, оның ерекшеленуі алынбайды, яғни ол буферде қала береді. Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі көрініп тұрады.

  • Жаңа орында фрагменттің тек көшірмесін алу үшін (мұнда фрагмент бұрынғы орында да қалатынын ескерте кетейік) орын ауыстыруда көрсетілген іс - әрекеттер сол күйінде орындалып, тек «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс.

12 - слайд Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу


13 - слайд 3 - тақырыпша. Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.

14 - слайд

Ерекшеленген фрагментпен мынандай түрлендіру жұмыстарын атқаруға болады: Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

­ Түрлендіру → Көлденеңінен бұрау (Преобразования → Повернуть по Горизонтали) командасы арқылы орындалатын фрагментті көлденең бұрау;

15 - слайд Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

  • Түрлендіру → Тігінен бұрау (команда Преобразования → Повернуть по Вертикали) командасы арқылы орындалатын фрагментті тігінен бұрау;

16 - слайд Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

  • Түрлендіру → Инверсиялау (Преобразования → Инвертировать) командасы арқылы орындалатын фрагментті барлық түстерді қарама - қарсы (инверсиялық) түстерге ауыстыру.

17 - слайд

Ерекшеленген фрагмент мәзірдің Түзету (Правка) командасының ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін. Бұдан кейін сол менюдегі Кірістіру (Вставить) командасын орындауға болады, ол буферге орналастырылған фрагментті экранның сол жақ жоғарғы бұрышына шығарып көрсетеді немесе Өшіру (Очистить) командасын басып жойса болады.Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу



іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Paint графикалық редакторындағы сурет үзінділері дегеніміз не?

Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.



Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Инверциялау дегеніміз не?

  2. Алмасу буфері дегеніміз не?

  3. Суреттің бөлінген бөлігін қалай атаймыз?

  4. Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал?

  5. Ерекшеленген фрагмент экранда қандай сызықпен қоршалып тұрады?

  6. Ерекшеленген фрагментті қалай жойса болады?

  7. Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

  8. Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрғанда басқа орынға ауыстыру үшін не істеу қажет?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Сәйкестендіру тесті: Әрекеттер мен Командалар

Үзіндіні көшіру үшін Белгілеу - Вырезать - Вставить

Үзіндіні жылжыту үшін Белгілеу - Повернуть

Үзіндіні көбейту үшін Белгілеу - Жанама меню - Удалить

Үзіндіні бұру үшін Белгілеу - Копировать - Вставить

Үзіндіні жою үшін Белгілеу - Shift пернесін басу

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. «Жалғасын тап» ойын элементтері арқылы үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар беремін.

    1. Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған ........ және ......... қайшылар бар.

    2. Ерекшеленген фрагмент мәзірдің ........ (Правка) командасының ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін.

    3. Ерекшеленген фрагмент экранда басқа орынға ауыстырылған кезде, Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, ........ түске боялады



іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

1 - топқа:

Мұғалім берілген тапсырманы оқиды, ал оқушылар тапсырмаларды компьютерде орындайды.

«Сиқырлы балықтар әлемінің» тапсырмалары:

Тордағы балықтар.

Жұмыс аймағын төрт торға бөл

Бірінші торға шағын сурет сал

Үзіндіні белгіле

Оны әрбір торға көшір

Үзіндіні бейнеле де, қайталанбауы үшін әр түрлі бағыттарда бұр

Көрсетілген үзінділерден әрқайсысын алу үшін алғашқы үзіндімен қандай әрекеттер орындау керек екенін сәйкес төртбұрыштарға жаз.

2 - топқа:

«Сұраққа жауап тап?»

1.Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса экранда не өзгереді?

2.Орын ауыстыруда «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі басылса не болады?

3.Түзету,кірістіру және өшіру командаларын түсіндір?

3 - топқа: Мына суретте көрсетілген түрлендірулерді түсіндір

Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеуСуреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу

Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу


V. бағамдау - бағалау



© 2010-2022