Жас информатиктер сайыс сабақ (7 - 8 сыныптар)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас информатиктер сайыс сабақ (7 - 8 сыныптар)№197 қазақ орта мектебі






Пәні: Информатика

Сыныбы: 7-8 сыныптар

Өткізген: Есенова Гүлназ, Маделханова Құралай


















Қызылорда, 2016 жыл

Бекітілді: _________________________

Күні: 28.01.2016 жыл

Сыныбы: 7-8

Пәні: Информатика

Тақырыбы: "Жас информатиктер" сайысы

Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жүйелеу, сайыс арқылы тексеру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Көрнекіліктер: презентация, түрлі - түсті конверттер, қызықты тапсырмалар.
1-жүргізуші:

Ұстаз, ұстаз!
Ардақты да құдіретті бұл есім
Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің
Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан,
Қасиетті әр сөзіңнен нәр қосам.

2-жүргізуші

Ұстаз, ұстаз!
Сен көрсеттің білім жолын іздеген
Жүріп кеттім мен де алға
Сен көрсеткен ізбенен
Талай ғалым, талай ақын
Қанаттанды өзіңмен,
Дүние сырын таныды олар
Сенің айтқан сөзіңнен.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жас информатиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Ал, қанекей, қаралық,
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Информатика елінде,
Информатика тілінде,
Шабыт тасып шалқысын,
Көңілді сайыс жасайық.

Кешімізді бастамас бұрын әділ - қазылар мүшелерін таныстырып өтейік:

1. мектеп директоры Сабила Байқоңырқызы

2. директор орынбасары Ербол Серікбайұлы

3. директор орынбасары Ләйлә Хамитқызы

4. бірлестік жетекшісі Ләззат Қадірқызы

Бүгінгі «Жас информатиктер» сайысына 7-8 сыныптардан 2 команда қатысады. Сайымыздың 7 кезеңі болады. Командаларға ескерту: егерде кімде-кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай фишкалар беріледі. Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.

1-жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1. «Таныстыру»

2. «Бой сергіту»
3. «Инфобілім»
4. «Мені түсін»
5. «Ашық почта»
6. «Кім жылдам»
7. «Ғаламторды қаншалықты танимыз»

Сонымен алғашқы айналым Таныстыруға береміз.

1. Командалардың таныстыруы (5 ұпай)
Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың аты, эмблемасы және ұраны.

2-жүргізуші:

2. Бой сергіту.

Әр командаға конверт беріледі. Берілген сөздердің бөліктерінен компьютерге байланысты сөздер құрастыруларыңыз керек. Оған 3 минут уақыт беріледі. Қанша сөз құрастырса, сонша ұпай аласыңдар.
Жауабы: Жү - йе - лі б - лок , с - ка - н - ер , про -це - с - с -
ор , д - рай - в - ер , ви - р - ус , п - рог - ра - м - ма , мо - д - ем

1-жүргізуші:

"Инфобілім" кезеңіне де келіп жеттік. Онда ұяшық таңдалады. Егер сұраққа дұрыс жауап берілсе, онда берілген ұяшықтағы ұпайды алады.

1. Программа құрылымы неше бөліктен тұрады? (Program, Var, Begin, End.)

2. 1 КБайтта... (1024)

3. Ондық санау жүйесіндегі 2 саны екілік санау жүйесінде қалай жасылады? (10)

4. Екілік санау жүйесіндегі 11101001 саны ондық санау жүйесінде мына санға ауыстырылады: (233)

5. Сәбіздің көзге пайдалы екенін қайдан білеміз? (қоянның көзілдірік тақпайтындығынан)

6. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады жеуге болады ма? (жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

7. Жанды сұрақ:

8. Жанды сұрақ:

4. Ал енді «Мені түсін» кезеңіне жол берейік.
Бұл кезеңде қазақ халқымыздың өзгертілген мақал - мәтелдері берілген. Сендер мақал - мәтелді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер. Әр дұрыс мақалға 1 ұпайдан беріледі.


1 мақал: Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жауабы: жігітті досына қарап, бағала)
2 мақал: Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Жауабы: шегірткеден қорыққан, егін екпес)
3 мақал: Веб - дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Жауабы: қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)
4 мақал: Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Жауабы: білмесең, білгеннен сұра)
5 мақал: Антивирусы күштіні - вирус ала алмайды (Жауабы: досы күштіні - жау алмайды)
6 мақал: Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Жауабы: күлсең кәріге күл)

2-жүргізуші

5. Кезекті «Ашық пошта» кезеңіне берейік. Екі топқа хат жіберілген. Осы хатты оқып, ішіндегі қателерін тауып, дұрыс мәтінді оқу керек.

1 хат: Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2 хат: Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordстандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.

1-жүргізуші

6. "Кім жылдам" деп аталады.
"М" "Д" «Б», «Ж» әрпінен басталатын информатика терминін жазу. Әр дұрыс сөзге бір ұпайдан беріледі.

2-жүргізуші

Телефонға жүгіреміз,
Теликке ылғи үңілеміз,
Бұл заманда адамдардың
Интернетпен ғұмыры егіз.

1-жүргізуші

Қалам ұстау ұмыт қалды,
Емейлдер құрық салды,
Өмір - құйын, көре алмаймыз
Түсімізде де тымық таңды.

Келесі кезең «Ғаламторды қаншалықты танимыз» деп аталады. Екі топқа тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша интернеттен мәліметтер іздеп, принтерден шығарып постер қорғайды.

1 - топ: Тақырыбы: Қазақстанда болып жатқан соңғы жаңалықтар

2 - топ: Тақырыбы: Әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар.

Көрермендермен ойын.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап отыру жараса ма?
Зерделеп, сұрақ жауап санаңа түй,
Боласың бар жеңіске ортақ сонда. Сонымен көрермендерге сұрақ.



1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші, достарым! ( Shift + Alt )

Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? (Пробел)

Іздеп - іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + әріп )


1-жүргізуші:

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! - деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

© 2010-2022