Сабақтан тыс жұмыс Сандар құпиясы

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Сандар құпиясы" ойыны (сыныптан тыс)

Мақсаты: Білімділік: Жалпы информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, ой- өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және пән бойынша білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушы ларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

Барысы:

1- жүргізуші: ___________________________________________

2- жүргізуші: ___________________________________________

(Күй ойналады)

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Сандар құпиясы» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.

2- жүргізуші:

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21- ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

1- жүргізуші:

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамды

Әлі ашылар құпиялар сан қырлы- дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын шарты «Сандар құпиясы» ойынына 8 сыныбының оқушыларынан құралған 3 команда қатысқалы отыр. Әр команда 5 ойыншыдан құралған. Ойын 4 турдан тұрады.

І тур Дешифратор

ІІ тур Қисынды ойлай білейік

ІІІ тур Дода

ІV тур крестик

Командалармен танысып өтейік:

8а сыныбының «Бірлік» командасы, команда мүшелері

_____________________________________________________________________

Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

8б сыныбының «Жеңіс» командасы, команда мүшелері

_____________________________________________________________________

Ұраны: «Тек қана алға»

8в сыныбының «Ақиқат» командасы, команда мүшелері

_____________________________________________________________________

Ұраны: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен білімің екі жақтан»

2- жүргізуші:

Әділ халқым берерсің әділ баға

Білімі мен білігін салыстырып- дей келе ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

___________________________________________

___________________________________________

___________________________________________

___________________________________________

1- жүргізуші: Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер -дей отырып сайысымыздың І туры «Дешифратор» кезеңін бастаймыз. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұраққа дұрыстығына байланысты «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.

(Сұрақтарды екі жүргізуші әр командаға кезекпен оқиды)

І тур. «Дешифратор» кезеңі

І командаға

«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау,мәлімет дегенді бәлдіреді. (ия)

Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ- та пайда болды.(ия)

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

1 байт 8 битке тең. (ия)

Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

ІІ командаға

«Информатика» пәні ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)

1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)

Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)

Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)

Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

Процессор- ол компьютердің миы. (ия)

1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

ЭЕМ-нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)

ІІІ командаға

Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)

1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)

Пернетақта, сканер ДК- дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

Delete пернесі оң жағында тұрған символды өшіреді. (ия)

ЭЕМ- нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)

Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

(Әділқазылар алқасы әр команданың қанша балл жинағанын айтып өтеді)



3- жүргізуші:

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

1- жүргізуші: Сонымен ІІ турымыз «Қисынды ойлай білейік». Бұл турда берілген сөздерді дұрыс құрастыру арқылы ішінен артық сөзді табу қажет. Жауап толық болса 20 балл, толық болмаған жағдайда 10 балл қойылады. Бұл турдан кейін ең төмен балл жинаған команда ойыннан шығарылатынын ескертеміз.

2 - жүргізуші:

Жас достарым, мұны айтайын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Сәйкес ұпай, шәкірт, саған несібе - деп, турымызды бастайық.

(Тапсырма әр командаға карточка түрінде беріледі.

Бірінші болып жауабы дайын команда жауап береді)

1 - командаға: Жауаптары:

NFMOITNRANO INFORMATION

GORMARP PROGRAM

TUOECRMP COMPUTER

ETKITC TICKET

2 - командаға:

SICIA ASCII

HTISF SHIFT

ETBLA TABLE

NSOWDIW WINDOWS

3 - командаға:

NEMLGTENA GENTLEMAN

CAEPAKCBS BACKSPACE

LKAPCSCO CAPSLOCK

ELETDE DELETE

2 - жүргізуші: Қосымша қызықты мәліметтен хабардар болып отырайық. Әлемнің айнасына айналған YouTube-ке әр минут сайын 20 сағаттық видеожазбалар жүктеліп отырады. YouTube-ке жүктелген ең бірінші видео «Мен зоопарктамын» деп аталып, ол ешкімге де қызық болмаған. (Әділқазылар алқасы әр команданың қанша балл жинағанын айтып өтеді.

Екі тур бойынша ең төмен балл жинаған командаға алғыс хат беріліп, ойыннан шығарыладыі)

  1. жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

2- жүргізуші: Олай болса келесі «Дода» кезеңінің шарттарымен таныстырып өтсек. Бұнда алты ұяшықта сұрақтар берілген, әр қатардағы сұрақ 10, 20, 30 балдан. Әр команда ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді, командаға балл сол таңдалған ұяшықта белгіленген баллға ие болады. Алдыңғы екі турдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған командаға бірінші болып ұяшық таңдау мүмкіндігі беріледі. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі командаларға жол беріледі.

Сабақтан тыс жұмыс Сандар құпиясы

2 - жүргізуші: Сонымен, әділқазылар алқасы жалпы ұпай нәтижесін есептеп шығарғанша, көрермендер арасында сайыс ұйымдастырылады. Көрермендерге пәнге байланысты терминдер жасырылған «Венгр сөзжұмбағын» жасырамыз. Көрермендер екі топқа бөлініп, тапқан терминдерін қағазға түсіріп отырады.

М Т П Л О Т Т Н О М

И Ы П Р Р Т Е И Д Е

К Ш Н И Е Е Р О М М

Р Қ А Н Т Р Н Н И Т

О Н Т С Ө З Е Т Р О

П А И Б А Й Т Т Е З

Р М В П И К М Е Р Е

О Ә И А Р С О Ұ А Ф

Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л

Е І У В Ж Л И Я И Ц

С Н С Д А Ь Ф И К А

С О Р А Б О Н Е Н Т

Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

1 - жүргізуші: Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық.

2 - жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.



© 2010-2022