Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы Ізгілік жолымен жүру

Ізгілік жолымен жүру атты сыныптан тыс іс-шараның мақсаты оқушыларды ізгілік ұғымымен таныстыру, балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында қазақ халқының нақыл сөздері. Мысалы, Сайф Сарайдың "Шамаң келсе ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді", Махмұд Қажғаридың "Біреу келсе бетіне, күйдірер күл шашпағын, ізгілікке күлімдеп, жылы қара, саспағын" деген сияқты нақыл сөздердің мән- мағнасын оқушыларға түсіндіру. Сыныптан тыс іс-шара барысында оқушылар ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ізгілік жолымен жүру

(Сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: Оқушыларға ізгілік ұғымын үғындыру. Ізгіліктің ізеттілік, әдептілік, мейірімділік барысында көрінетінін айту. Адамгершілік қағидаларын сақтауға баулу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер,сүреттер.

Сабақтын барысы:

1.Ұымдастыру. 2.Негізгі бөлім.

1.-жүргізуші:

Ізгілік бір үй мұнарасы,

Алқызыл жайнап өскен жасыл аспан,

Сол үйдің не болмаса іргетасы.

2-жүргізуші:

Өсер елдің алтын болмай мақсаты,

Ізгілік қой-қалған болса жақсы аты.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,ұстаздар,біздің бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыз ізгілік қасиеттерге арналады.

2-жүргізуші:Ендеше ізгілік кемесіне отырып,оның мән-мағынасын ашуға тырысайық.

1-жүргізуші: Ең әуелі ақиқатты таныған бабалар сөзі ізгілік туралы не айтады,соған құлақ түрелік:

1-оқушы: Шамаң келсе ізгілік істе,ізгілік пен әділдік өлмейді. Саиф Сараи.

2-оқушы:Ал махмұт Қашқари былай деген: Біреу келсе- бетіне, күйдірер күл шашпағын,Ізгілікке күлімдеп,жылы қара, саспағын.

3-оқушы: Кісі өзін ізгілік туралы сөздерді айтуға ғана емес.ізгі істер мен қылықтарға үйретуге тиіс. Демокрит.

4-оқушы: Қытай ойшылы Лао-Цзы «Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі де-ізгі»деген екен.

2-жүргізуші: Ізгілік ұғымын біз мына тұрғыдан құрастырудыжөн деп санадық.

1.Ізгілік-ізеттікте,ал ізеттілік-әдептілік.

2.Ізеттілік - мейірімділікте, мейірімділік шуағы анада.

2-жүргізуші: Біз жақсы мен жаман деген сөзді жиі қолданамыз. Ал шынында бұл өте кең ұғым.

1-жүргізуші:Иә жақсы сөз ,жақсы мінез, жақсы бала жақсы әдет, жақсы оқу.

2-жүргізуші: Немесе, жаман қылық , жаман сөз,жаман адам.

1-жүргізуші: Тоқта, тоқта«Жақсы сөз - жарым ырыс деген». Одан да балалардың жақсы мен жаман туралы сөздерін тындайық:

1 -оқушы:Жақсы -ай мен күндей, әлемге бірдей.

2-оқушы: Жақсы туса-ел ырысы,

Жанбыр жауса-жер ырысы.

3-оқушы: Жақсы келді дегенше,

Жарық келді десейші.

Жақсылықтың нышанын

Алып келді десейші.

4-оқушы: Жақсыныңжақсылығын айт, нұры тасысын.

1-жүргізуші: Ия, жақсы сөз-жан азығы. Ал жақсылық жасауға ұмтылу-ізгіліктің бірінші белгісі.

2-жүргізуші:

Көңілдің жақсы болмағы,

Өмірдің жақсы болғаны.

1-оқушы: Кішіпейілдікпен ізет білдіре сөйлеген сөздердің барлығы ізгі сөздер деп аталады.

2-оқушы: Көңілдің жақсы болмағы,

Өмірдің жақсы болғаны.

1-жүргізуші: Ал ізеттілік деген не?

Оқушылар бұған не дейді?

1-оқушы:1 Кішіпейілдікпен ізет білдіре сөйлеген сөздердің

барлығы ізгі сөздер деп аталады.

2-оқушы: Барлық жақсылық ізгілектен басталады.

3-оқушы: «Ізгі сөздер» Ө.Тұрманжанов.

Мектебімізге барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен,ақ пейілмен,

«Қайырлы тан »,-деймін мен

Күндіз де елді елеймін,

«Қайырлы күн!»,тілеймін,

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін,

«Кеш жарық !», - деп кіремін.

4-оқушы: «Сәлем берем үлкенге»

5-оқушы: «Ізгілік ізеттілікте»

М. Мақатаев.

Анам маған: -үлкенді сыйла,- деген,

Сол сөз маган ізгілік құйған ерен.

Үлкенедерден ауысқан кішілікті.

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра -ізеттілік,

Арымды соған қойғам күзеттіріп,

Адалдық - менің сәби жүрегім ғой

Маңдайымнан жүретін жүз өрбітім.

6-оқушы: Сыйлау, үлкен-кішіге құрмет көрсету-ата бабамыздан мұра болып келе жатқан ізеттілік белгілері.

7-оқушы:

Ізгілікті іздеші,

Үміттерді үзбеші

Үлкендерді ардақтап,

Құрметтеші, «Сіз» деші.

8-оқушы:

Жаман сөзге ермеші,

Намысыңды бермеші

Ел сенімен ақташы

Абыройды сақташы.

9-оқушы:

Ата-анаңды аяла,

Жақсыларды саяла.

Адалдықты сақтағын

Достарыңды сатпағын

Осы саған аманат,

Жоламасын жаман ат.

10-оқушы: Үлкендердің өсиеті-сен үшін аманат,өйткені оны өзіңнен кейінгі ұрпаққа тек сен жеткізесің.

1-жүргізуші:

Орындалса аманат,

Бабалардың тілегі.

Жоламаса жаманат

Балалардың тілегі.

Ән «Бала тілегі»

1-жүргізуші: Айналасындағыларды құрметтеу,кішілік мінез таныту,үнемі сыпайылықты құрмет ету,имандылыққа жақын жүру-ізеттіліктің белгісі. Енді ізеттілік ережесіне құлақ терейік:

а) Үйде,мектепте,көшеде«Сәлем!»Сәлеметсізбе!» «Қайырлы түн!»деген сөздерді есіңе сақта.

ә) Жасы кіші үлкенге сәлем береді.

б) Кітапеханада, емханада немесе көшеде жөн сұраған адамға бас иіп,сәлемдесіп алған соң өтінішіәңді білдір.

в) Сауалыңа жауап алған кезде,сыйлық алған кезіндерақмет айтып,ризашылығыңдыбілдіруді ұмытпа.

г) Абайсызда жіберілген кемшілігіңүшін кешірім сұрауды ұмытпа.

ғ) Әдепті сөзді жалған сөзден айыра біл.

1-жүргізуші: Әдепті балаарлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

2-жүргізуші: Кім сендерді балалар,тәрбиететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін

Ол-ана!

  1. Мейірімділік -адам бойындағы ең ізгі қасиет. Ол қасиет сенің бойыңа әкеңнің қанымен, анаңныңмейірімен келеді.

  1. Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

  1. Мейірімі мол ананың,

Жүрегі жылы,қолы кен.

  1. О, дариға, аспан астында анаңның барын, жер басып жүретінін сезінуден артық бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл иісі...Осының бәрі сені тапқан анаңның қасиетінентаралған, мейірімінен жаралған рақат екен ғой.

  2. Ана,ана!...

  3. Сені қолымен жасап,саған жарық көрсетіп,бір рет кешер ғұмыр берген құдыреті күштіқұдай ғой ана деген.Шіркін-ай, дүниеде ана кеудесінен асқан жұпар, хош иісі кең тыныс барма? Егер сен таңғы ауадай таза,кен болсаң, кеудең қасиетке толы майталман болсаң,жөргегіңде ана көгірегімен еркін тыныстаған екенсің азамат!

1-жүргізуші: Сенің жамандығынды жасырып, жақсылығыңды асырып жүретін ана. Қиындықта әркезсенімен бірге болатын да анаң.Бұл өмірде бәріміз оған қарыздармыз.Олай болса,оқушылардың дайындаған «Шын ана» атты көрінісін тамашалайық.

«Шын» ана көрінісі.

1-жүргізуші: Ана тақырыбына қалам тартпаған ақын кем де кем болар. Ана мейірімі-ұшан теңіз,жылуы мол жарқыраған күн. Сондықтан біз де өз ойымызды өлең дермен өрнектесек. Оқушылар шығармашылығына кезек береміз.

1.Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.

2.Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі,

Мейірім ғой керемет.

3.Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертен-ақ мақтанышың.

Білім алып,тер төгем,ең бек етем,

Өзіңнең сеңіміңді ақтау үшін!

4.«АЙЫМ»ДЕУДЕН ТАЛМАҒАН,

АЙНАЛАЙЫН АҚ МАМАМ,

Ұзақ өмір сүргейсіз

Тілерім сол Алладан.

Ән.«Ана туралы жыр!»

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар,

оқушылар біз бүгін ізгілік ұғымын адамға деген ізеттілікпен.анаға деген мейірімен қарастырдық. Ой талқыға салсақ: Ізгілік деген не?

Ізгі істер жасау қолымыздан келе ме? Ізгі тілекке не жатады?

Олай болса,бір-бірімізге жүрек түкпіріндегі ізгі тілектерімізді арнайық.

Айналайын аналардың тілегі

Ұстаздардың сарқылмайтын кең пейілі,жүрегі

Айналайын! Ізгіліктің нышаны

Сол бір жандар қорғаштайтын үнемі.

1-жүргізуші:

Қанат бітіп кеудемдегі арманға,

Жанарыңда жыр жұлдызы жанғанда.

2-жүргізуші:

Күн нұрынын шуақ шашын бар манға,

«Айналайын» әсем әнін салғанда.

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар,ата-аналар Біздің «Өзін- өзі тану» пәнінің әнұранына арналған «Айналайын» әнімен бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!


© 2010-2022