Ашық сабақ жоспары. Excel бағдарламасын қорытындылау

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Excel бағдарламасын қорытындылау.

М. Жанпейсованың "Бақытты сәт" оқыта үйрету ойыны.

Сабақтың мақсаты:

І. Оқушыларды сауаттылыққа, логикалық ойлауға , жылдамдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

ІІ. Ехсеl бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен қолдану арқылы ой-өрісін дамыту.

ІІІ. Деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін бекіту, қорытындылау.

Сабақтың түрі:

Білім мен іс-әрекет барысындағы қорытынды сабақ.

Ойынның жүру барысы :

Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың өзінің топ басшысы және атауы болады.

І гейм. "Бой сергіту" Әр командаға 10 сұрақтан беріледі әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға бір фишкадан беріледі.

ІІ гейм ."Бөшкеден шыққан бас қатырғылар"

Бөшкеден әр команда тапсырма алып орындайды. Дұрыс орындаған тапсырмаға бір фишкадан беріледі.

ІІІ гейм. "Жұмбақтас" "Сиқырлы пернелер" Жасырынған пернелерді табады .

ІV гейм. "Сен маған, мен саған "

Командалар бір- біріне тест тапсырмаларын дайындап әкеледі.

V гейм. " Көсемдікке ұмытылу"

Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.

І гейм. "Бой сергіту"

І топқа

1) Microsoft Excel программасын деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?

2) Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.

3) Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады?

4) Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар?

5) Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз ?

6) Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз?

7) Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз ?

8) Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады ?

9) Excel - дің қызметі қандай?

10) Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?

ІІ топқа

1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін қандай

команда орындалады?

3. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?

4. Формула қандай символмен басталады?

5. Автосумма деген не?

6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?

8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

9.Microsoft Excel -дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз?

ІІ гейм

" Бөшкеден шыққан бас қатырғылар"

Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.

Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.

ІІІ гейм. "Жұмбақтас"

"Сиқырлы пернелер"

Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.

Практикалық тапсырма

1. Формула қатарын пайдаланып, есептеулер жүргізіңдер . Арифметикалық амалдарға 2 мысалдан келтір. Нәтижесін табыңдар.

2. Алынатын азық- түлік кестесін құр, бағасын енгіз және оны есептеңдер. Шығыныңды тап!

І V гейм

"Сен - маған, мен- саған" / Тест құрылғысын пайдаланып орындайды./

І командаға тест сұрақтары.

ІІ командаға тест сұрақтары.

V гейм. " Көсемдікке ұмытылу"

Оқушылар өздері үйден дайындап әкелген шығармашылық жұмыстарын, сөзжұмбақ немесе сканворд, криптограммаларын бір- біріне ұсынады.

Сергіту сәті.

І топқа

Қосымша жұмбақтар шешеді

Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

ІІ топқа

Ақпараттарды ол өлшер.

Кемірушіге ұқсайды,

Құйрығы ұзын, түсі сұр.

Білгіш болсаң жауап бер,

Осы заттың аты не?

Сабақты бекіту:

1. Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

2. Ой тастау. Әр оқушы өзі сөйлейді. Яғни осы бағдарламалар арқылы біз не үйрендік? Болашақта қолданамыз ба? Қажеттілігі бар ма ? ( Миға шабуыл )

Сабақты қорытындылау, бағалау.

1. Рефлекция . Сұрақ -жауап.

2. Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін және тест тапсырмалары арқылы талдау жасау.

3. Бағалау Ехсеl кестесінде жүргізіліп, мониторингісі шығарылады.

Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.

Рефлекция

1. Сізге бүгінгі сабақ ұнады ма ?

2. Сабақтың қандай ерекшелігін байқадың?

3. Сіз үшін компьютерлік программалардың меңгерудің маңызы қаншалықты?

4. Компьютермен жұмыс жасаған ұнай ма?

Ашық сабақ жоспары . Excel бағдарламасын қорытындылау.

Үйге тапсырма:

Әр оқушы оқу пәндерінің бағасын кестеге толтырып үлгерімі мен сапасын есептеу және диаграмма сызу.


Копеева Гулдана Амангельдиевна

М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектебі.

Информатика пәнінің мұғалімі.


© 2010-2022