Visual Basic-те графика мен дыбысты бағдарламалау информатика сабағы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Visual Basic- те графика мен дыбысты бағдарламалау. Анимация.

Мақсаты:

1. Кескін, графикалық объектілерді салуда API функцияларын пайдалана отырып, жаңа ұғымдар түсінііктермен таныстыру

2. Анимацияланған объектілер, мультимедиа компоненттерімен қолданбаларды жасауды үйрену.

3. Бағдарлама жазу барысында тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ

Формасы: жеке, топпен жұмыс

Әдісі: репродукциялық, проблемалық ізденіс, түсіндірмелі -иллюстративті

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабаққа дайындық жасау

ІІ Үй жұмысын тексеріп өту

Бағдарлама кодын тақтамен тексеріп өту:

Dim Xp, Yp As Integer

Private Sub Command1_Click()

Xp = 1300

Yp = 800

FillStyle = 0

FillColor = QBColor(14)

Circle (Xp, Yp), 850, QBColor(14)

Xp = 1620

Yp = 2200

FillStyle = 0

FillColor = QBColor(11)

Print Tab; " Геометриялыќ фигуралар"

Line (Xp, Yp)-(Xp + 2000, Yp + 1500), , B

Line (4620, 1000)-(9390, 3700)

End Sub

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

ІІІ Сабақтың мақсатын айтып өту: Бүгін сабақта біз Visual Basic ортасында графикалық объектілерді бағдарламалау және оғана қарапайым анимация жасауды үйренеміз

IV. Оқушылардың білімін тексеру

- Cұрақ қою:

1. Visual Basic- тің негізгі объектісінің бір болып табылады, оны атаңыз

Жауап: Пішін. Басқа объектілер сияқты ол да қасиеттер, әдістер мен оқиғаларға ие бола алады. Пшін әр түрлі басқару элементтері орналасқан қолданбалардың болашақ терезесі деп айтуға болады.

2. Қасиет дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз

Жауап: Қасиет дегеніміз объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түсі, экрандағы жағдайын, белгілейтін объект атрибуты

3. Оқиға дегеніміз не? Объект дегеніміз объектімен жасалатын әрекеттерді айтады Мысалы тышқанды шерту, пернені басу, пішінді экранда бейнелеу оөиғалар болып табылады.

4. Біз бүгін графикалық объектілерді қарастыратын болғандықтан, графикалық пішінді құруға мүмкіндік беретін әдістерді атап өтейік

Жауап:

Графикалық әдістер

Cls- пішінді фон түсімен, яғни BackColor қасиетімен берілген түспен бояп, тазалайды

Circle- берілген түспен шеңбер, эллипс немесе доғаның суретін салады салады

Line- сызықтар салу

Print- мәтінді шығарады

Үйге берілген тапсырманы талдау. Үй тапсырмасында геометриялық фигураларды салу әдістерін көрсету.

V. Сарамандық жұмыс орындау.

Мақсаты:

Сабақта үш тапсырма орындаймыз, олардың бағдарлама кодын жазып, бағдарламаны пішінде орындаймыз.

1. Бағдарлама жазуға дайындық жасау

Тапсырма 1.

Пішінде сызық салып, оны экранда жылжыту, анимация эффектісін жасау. Пішін тақтада орналастырады. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады?

1 Пішге қандай басқару элементтері орналастырылған?

2 Сызықтың қасиеттерін сипаттаңыз

3 Пішінде орындалатын оқиғаларды атаңыз

4 Бағдарламаның кодын жазыңыз

1- Тапсырма

Бағдарлама коды:

Private Sub Command1_Click()

Line1.X1 = Int(Form1.Width * Rnd)

Line1.Y1 = Int(Form1.Height * Rnd)

Line1.X2 = Int(Form1.Width * Rnd)

Line1.Y2 = Int(Form1.Height * Rnd)

End Sub

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

1-ші тапсырманы қорытындылау. Бағдарламаның кодында қандай фуекциялар, процедуралар қолданылды? / Оқушылардың жауабы тыңдалады/

Жауап: Бағдарламада Rnd (Randomize) - кездейсоқ санды генерациялау, Int - санның бүтін бөлігін анықтау (алу)

Тапсырма 2.

- Пішінде элементтер панеліндегі қандай басқару элементтері қолданылған?

- Пішіндегі элементтердің бағдарлама кодын жазыңыз .

Тапсырма бойынша қосымша сұрақтар беру:

- Көлденең айналдыру жолағы басқару элементіне сипаттама беру.

- Фигура басқару элементіне сипаттама беріп өту.

- Shape қасиетінің тұсындағы цифрларға тоқталып, оларға сәкес геометриялық фигураларды атап өту.

Екінші тапсырманы қорытындылау. Бағдарлама кодында қандай функциялар мен процедуралар қолданылғанын айтып өту

VI. Өзіңді тексер. Сұрақтар арқылы оқушылардың білімін пысықтау, тиянақтау

DLL -файлы дегеніміз не?

Windows API функциясына мысал келтіріңіздер?

Анимация эффектісі ненің көмегімен пайда болады?

Графикалық өріс басқару элементі қалай жасалады?

Drag & Drop және DragOver оқиғаларын сипаттаңыз .

Пішіннің негізгі қасиеттерін атаңыздар

Пішіннің оқиғалары

Пішіннің әдістері

Пішіннің өлшемдерін беретін қасиеттердің негізгі өлшем бірлігін атаңыз

Тест сұрақтары

1. Visual Basic іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің қанай терезесімен пайда болады? /New Project/

2. Терезе неше қосымша беттен тұрады? Атаңыздар. New (Жаңа жоба), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланған жобалар)

3. Инструменттер панелі қалай қосылады? Viewà ToolBars à Standart

4. Қарапайым жаба терезесінің негізгі екі батырмасын атаңыз? View Object пішінді көру үшін View Code пішінмен байланысты бағдарламалық кодты көру үшін қолданылады.

5. VB те объектінің сипаттамалары (өлшемі, түсі, экрандағы жағдайы), белгіленетін объект атрибутын атаңыз? /Қасиет/

6. VB тің негізгі объектісі болып табылады /Пішін /

7. Обьектімен танылатын әрекетті атаңыз? /Оқиға/

8. Объектіге қатысты жасалатын әрекет қалай аталады? /Әдіс/

9. Элементтер панелі қалай іске қосылады? View àToolBox

10 Пішіннің өлшемдерін беретін қасиеттердің негізгі өлшем бірлігін атаңыз, | Twip |

11 Дюйм, сантиметр, твип арасындағы байланысты атаңыз? 1 дюйм = 2, 54 см; 1 дюйм=1440 евипов; 1 см= 567 твипов: 1 дюйм=72 пункт

12. Жаңа пішін жобаға қалай қосылады? Project à Add Form

VII Үй тапсырмасын беру.

1) 2.8 -тақырып. Оқу 123-126 беттер,

сұрақтарға жауап беру.

VI. Оқушылардың білімін бағалау

VIІ. Қорытындылау



© 2010-2022