Планирование по информатике Графика

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Планирование по информатике ГрафикаПланирование по информатике ГрафикаПланирование по информатике ГрафикаПланирование по информатике ГрафикаПланирование по информатике ГрафикаПланирование по информатике ГрафикаПән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік

құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық

кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру:

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

3. Кесте деген не?

4. Кесте құру жолдарын ата?

5. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

WORD-тың графикалық мүмкіндіктері

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка-Рисунок-Картинки... командасын орындау қажет.

А) суреттер...( ClipArt программасы обьектілерінен );

Б) файлдар...( файл түрінде сақталған обьектілер );

В) автофигуралар;

Д) сканерленген;

Е) диаграммалар (Excel электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

1. Вставка-Рисунок-Картинки... командасын таңдағанда Microsoft ClipGallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қажет. Суретті орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка - Положение командасын таңдау қажет.

Вид - Панель инструментов- Рисование командасы арқылы түрлі дайын геометриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады.

Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады.

Практикалық жұмыс №1 Сызба құру.

Президенттің жеке және кеңесуші аппараты

Сызбаның тақырыбые енгіз. Рисование панелін пайдаланып, тіктөртбұрыш сыз. Көшіру командасын немесе Ctrl пайдаланып қалған төртбұрыштарды көбейт. Төртбұрыштарды сызықтар арқылы қос. Әр төртбұрышқа мәтін енгіз.



Президенттің жеке аппараты

Президент

Жоспарлау

жөніндегі

Вице-президент

Экономика бойынша көмекші

Жүйелік аналитик

Ұзақ уақыт бойы жоспарлау жөніндегі басқармасы

Заң жөніндегі көмекшісі






Практикалық жұмыс №2

WordArt және ClipArt обьектілерін таңдау арқылы кесте құр.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум 9.37, 9.38 тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?

  2. Рисование панелі арқылы қандай әрекеттер рындаймыз?

  3. Формат рисунка - Положение командасы қандай қызмет атқарады?

  1. Үйге тапсырма беру. Word -тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру. (Мазмұндау). Шығармашылық жұмыс жасау.

  2. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022