Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік белгісі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдептілік-әдемілік белгісі.

  • 0

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы. Әдептілік - әдемілік белгісі.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Көрініс арқылы олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашу, көрнекі суреттер арқылы зейін логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Тілдік сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік. Суреттер.
Әдіс - тәсіл. Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Барысы.
Шаттық шеңбер.
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді ұғамыз,
Саяхатқа шығамыз.
Бүгін оқу іс - әрекетіміз әдептілік туралы өтеді. Осы әдептілік ережесін сақтаумыз керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
« Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді досына қайырымды, еңбекесүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның Отанымыздың мақтанышы боласың. Ендеше әдепті бала дегенеміз кім? Әдептілікке не жаттады? Әдеп туралы қандай мақал - мәтел білеміз? міне осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Нурали: Бірлік болмай, тірлік болмайды.
Арайлым: Өнерлі өрге жүзеді.
Дильназ: Жақсы аға орман, жақсы іні қорған.
Ботагөз: Сіз деген әдеп, біз деген көмек.
Аяулым: Әдептілік ар ұят, адамдықтың белгісі.
Жылы сөз жанды жылытар дегендей, балалар өздеріне әлдене қажет бола қалса,
өтінем деген сөзді айту қажет.
1 - көрініс. Ортада Милана мен Аяжанның сурет салуын тамашалайық. Аяжан қарындашды рұқсатсыз алып кетеді. Себебі Милананың қарындаштары Аяжандікінен қарағанда әлде қайда әдемірек болатын. Милана қарандаштарын қайтарып беруін сұрайды. Алайда Аяжан оған бергісі келмеді.
Тәрбиеші, Балалар, біреудің құралын рұқсатсыз алуға бола ма?
Балалар: ЖОҚ.
Тәрбиеші. Қане, бұл қателікті кім түзейді.
Арыстан. Өтінемін қарындас,
Бере тұршы қарындаш - дейді.
Қыздар қарындашты Арыстанға береді.
Тәрбиеші. Балалар, қараңдаршы Арыстан қандай әдепті. Өтінем деген ізгі сөзді айтуды ұмытпады. (Милана, Аяжаннан кешірім сұрап, қарындаштарын беріп, екеуі қайта достасады.
Тәрбиеші. Кейде біз жылтыраған, жалған сөздерді жиі естиміз.
Мадина:
Қасқыр қойды мақтады
Барлық ісін жақтайды.
Қасқыр жолдас болмайды - ау,
Қой түбінде оңбайды.
Тәрбиеші: Қасқыр мен қой дос болуы мүмкін бе?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Дұрыс, жалған сөйлеуге болмайды.
Тәрбиеші: Енді балалар, мына суретке назар аударайық.
1 - сурет: Бала не істеп тұр?
Балалар: Балала көшеде атаны көріп қалып амандасып тұр.
2 - сурет: Автобусдың ішінде қыз не істеп тұр?
Балалар: Қыз әжеге орын беріп тұр.
3 - сурет: Бала, атаның несін жерден алып, беріп тұр.
Балалар: Бала атаның жерден таяғын алып беріп тұр.
Осындай жағымды іс - әрекет, яғни әдептілікті білдіреді.
Ендіше әдептілік туралы тақпақтарды айтайық.
Жандаулет.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде
Ізетпен бас иемін
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін
Ерхан.
Атам маған қашанда
Әділетті бол деген.
Ата сөзін санамда,
Жүрем тура жолменен.
Ботагөз.
Анаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
- Рахмет деу керек
Әли.
Балалар жүр көшеде,
Етіледі айқай - шу.
Сен де шықтың көшеге
Қағып кеттің байқамай,
Не деу керек?
- Кешіріңіз деу керек
2 - көрініс. Дүкенге бір қарыт кісі келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатады. Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады.
Адина. - Ана кісі сенің анаңба?
Әли. - Жоқ, анам емес.
Адина. - Жеңген бе?
Әли. - Жоқ, жеңгем емес.
Адина. әжең бе?
Әли. - Жоқ, әжем емес.
Адина. - Танисын ба?
Әли. - Жоқ танымаймын. Жай бір адам ғой.
Қыз бала таңыркап қалады.
Сендер осы көрністен не түсіндіңдер?
(балар өз ойларын айтады) Әже недейді балаға? (рақмет)
«Әдептілік» дегеніміз не?
Мирас. Адамгершіліе, үлкендерді сыйлау, кішкетайларды аялау, сыпайы сөйлесу, таза болу, Отанды жақсы көру. Салт - дәстүрді сыйлау, дұрыс тамақтану.
Адамгершілік дегеніміз не?
Милана. Бір - бірімізге көмектесу, ренжіспеу, ойыншықтарға таласпау, әке - шешенің тілін алу, үлкендерді құрметтеу, сыйлау.
Нұрлыбек. Әдепті мектепте сәлемдеседі. Кезікен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
Дұрыс айтасыңдар, бұл мүмкіндектерін ұмытпаңдар.
Қандай әдепті сөздер білесіңдер
- Рақмет.
- Сәлем!
- Қалың қалай?
- Сәлеметсіз бе?
- Амансыз ба?
- Қош келдіңіз!
- Сау болыңыз! Қош болыңыз! Қездескенше!
Қорытынды.- Балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде әдептілік, сыпайлық жайлы сөйлес тік. Әдепті, сыпайлы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайлы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйренейік



© 2010-2022