PAINT графикалық редакторының құралдары

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: PAINT графикалық редакторының құралдары.

Білімділік мақсаты:

Оқушыларды «PAINT графикалық редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру .

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың бүріккіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру және сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық-практикалық

Пән аралық байланыс : сурет, сызу

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

А).Оқушылармен сәлемдесу

Ә). Оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындықтарын тексеру

Б). Сабақтың мақсатын айту.

II. Өткен сабақты қайталау: Өткен материалдарға қатысты интерактивті тапсырма арқылы сұрақтар қойылады. (Оқушылардың жауабы тыңдалады және интерактивті тақтадан дұрыс жауап көрсетіледі)

Қойылатын сұрақтар мен интерактивті тапсырмалар.

  1. Paint графикалық редакторы деген не?

PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.

  1. Paint графикалық редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ата және іске қосу жолын көрсет.

PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.



  1. Paint графикалық редакторының элементтерін ата және интерактивті тапсырмалар арқылы терезе элементтерінің атауын тышқанның сәйкес ұяшықтарға апарыңыз.

PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.

I

Paint редакторында 16 құралды пайдалануға болады.II.Жаңа сабақ.

PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.

- ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез - келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

- карандаш құралы, бұл кез - келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.

- кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған.

Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.


PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.

бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.

- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

- тіктөртбұрыш құралы, бұл салуға арналған.

- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.

- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.

Осы құралдардың ішінен бүріккіш құралын пайдаланып қалай сурет салуға болатынын түсіндіру.

Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады. Мұны жасау үшін:

1. Распылитель PAINT графикалық редакторының құралдары. батырмасында тышқанды шертіңдер.

2. Нұсқағышты түстер палитрасына орнатып, қажетті түсті таңдап, тышқанды шертіңдер.

3. Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын жақтаудан бүрку дағының өлшемін таңдаңдар.

4. Тышқан нұсқағышын қажетті жерге апарып, оның сол жақ батырмасын басып отырып, бояуды бүрку керек. Батырманы басып тұрып, тышқанды қаншалықты ұзақ және баяу жылжытсақ, бояу соншалықты қою жағылады.

PAINT графикалық редакторының құралдары.


  1. Оқушыларға жұмбақ жасырылады, жауабын тауып суретін компьютермен салып орындайды.

PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.


  1. Қалған оқушылар интерактивті тақтада берілген сөзжұмбақты шешеді.

PAINT графикалық редакторының құралдары.



IV. Жаңа сабақты бекіту үшін ребус шешіледі.



PAINT графикалық редакторының құралдары.PAINT графикалық редакторының құралдары.

V.Оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын жатқа білу.

Тапсырма 1-5.













Алматы облысы Жамбыл ауданы

Абай атындағы гимназия мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен

мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі

Мусаев Дастан Ерғазыұлы



© 2010-2022