Урок по информатике на тему Операциялық жүйелер (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні__________

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер

Сабақтың мақсаты:

  • Операциялық жүйенің қызметі, құрылымы мен жүктелу тәсілі туралы түсінік беру.

Оқышылар білуы тиіс: ОЖ-нің міндеті мен қызметтерін, бұйрықтық жолы бар интерфейс пен графикалық ОЖ-нің ұғымдарын, қазіргі ОЖ-ге қойылатын талаптарды.

Оқушылар үйренуі тиіс; ОЖ-нің қызметтерін анықтау, бірнеше Ож-ні атау, сипаттамаларын беруді.

Сабақтың ілеспесі: көрсету тәртібіндегі тұсаукесер (Lesson 6 файлы/ОЖ.pps).

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру Сұрақтар:

  1. Қандай программалық жабдықтамасыз компьютер жұмыс істей алмайды?

  2. Операциялық жүйе қай кезде жүктеледі?

  3. Операциялық жүйеге мысалдар келтіріңдер

  4. Сендердің компьютерлеріңде қандай операциялық жүйе орнатылған?

Сабақ тақырыбын тұжырымдау.

V Жаңа материалды оқып-үйрену

Оқушылар операциялық жүйе, оның программалық қамтамасыз етудегі рөлі туралы біледі. Осы сабақта оқушылардың білімін жүйелеп, операциялық жүйенің міндеті мен қызметтерімен таныстырамын.

VI Жаңа сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

А деңгейлік тапсырманың мақсаты- тінтуірмен,Windows Жұмыс үстеліндегі нысандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. В деңгейлік тапсырманың мақсаты- Менің компьютерім нысанымен (жүйе туралы мәліметтерді қарау), Жұмыс үстеліндегі нысандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

С деңгейлік тапсырманың мақсаты - компьютердің қызмет ету программаларымен (Windows қызметтік программаларымен) жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

VII Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары

  1. - тапсырма

Бос орындарды толтыр.

Операциялық жүйе - бұл программалық жабдықталу мен қолданушы, програмалық қамтамасыз ету мен компьютер аппаратурасы арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін программа.

2 - тапсырма

Операциялық жүйе талаптарында жіберілген қателерді түзет.

  • төзімділік - ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыз етілуінде жұмыс істеуі қажет;

  • сенімділік және тұрақтылық - әрине, ОЖ ақаусыз және іркіліссіз жұмыс істеуі қажет:

  • қауіпсіздік - заманауи ОЖ - де бір тұтынушының мәліметтері екінші қолданушыдан қоғалуы қажет:

  • кеңеюшілік - ОЖ компьютерде ұзақ жұмыс істейтіндіктен, оның жұмысын жақсартатын қосымшалардың болуын көздейтін мүмкіндіктер қарастырылуы керек;

  • өнімділік - кез келген қолданушы ОЖ-нің тез жұмыс істеген қалайды.

3- тапсырма Өзіңе белгілі операциялық жүйелерді жаз. Жауабы: Windows, Unix, Linux, MS-DOS

VIII Қорытындылау IX Үй тапсырмасы §6 оқу, сұрақтарға жауап беру.


© 2010-2022