Практическая работа по информатике на тему Ақпарат санын есептеуге есептер шығару

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сыныбы:


Күні


Тақырыбы: Ақпарат санын есептеуге есептер шығару. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерін қолдана отырып ақпарат көлемін есептеуді уйрету.. Компьютерде деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды орындай алу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: Ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін, мәтіндік және графикалық редакторларды іске қосуды.

Оқушылар үйренуі тиіс: Мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды, тәжірибелік тапсырманы арнайы нұсқаулық бойынша орындауды.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа қатысты жасалған презентация, орындалу нұсқаулары көрсетілген тәжірибелік тапсырмалар жазылған үлестірмелі карточкалар.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, практикалық жұмыс түрінде.

Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өтілген тақырыпты пысықтау

ІҮ. Компьютердегі тәжірибелік жұмыстар

Ү. Қорытындылау.

ҮІ. Үй тапсырмасы.

ІІ. Үйге мазмұны оқуға берілген №4 параграф бойынша тест тапсырмасы орындалады. Тест алып болған соң дұрыс жауаптар экранға шығарылады. Оқушылар өзара жауаптарын тексереді. Жиі кездескен қателер талданады.

Тест жауаптары №4

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

D

A

C

B

C

C

A

B

A

D


ІІІ. Ақпараттың көлемін есептеуге тапсырмалар беріледі.

  1. «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар?

  2. «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер.

Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

  1. Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер.

Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?

Оқушылар еспетеулерді жұмыс дәптерлеріне орындап, аяқтаған соң мұғалімге тапсырады.

ІҮ. Оқушыларға компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындаудың алдында әр нақты тапсырманы орындаудың нұсқауы беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды бермес бұрын оқушылардың орындау қабілетін білу үшін тапсырма мәтінімен танысып, өз деңгейлерін анықтауға және тапсырманы таңдауларына мүмкіндік беріледі.

Компьютердегі №1-ші тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все программы-Стандартные-WordPad батырмаларын басыңдар.

  2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

  3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

  1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. (Пуск-Все программы-Стандартные- WordPad).

  2. Оқулықтың 20 бетіндегі «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

  3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

Оқулықтың 22 бетіндегі «Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.



Компьютердегі №2-ші тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

  1. Пуск-Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

  2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын

басыңдар.

  1. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.

  2. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып

алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.

В деңгейі

  1. А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.

  2. Документы бумасын ашыңдар.

  3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар

Ү. Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасы: №1-4 параграфтарды қайталау, тест сұрақтары бойынша өз білімдерін тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру.










© 2010-2022