Презентация по информатике Создание веб страниц

Раздел Информатика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Далелхан Бегжан

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Көкшетау қаласы № 8 орта мектебі


Баскетбол тақырыбын пысықтау


Баскетбол - оқушылардың дене қимылдық тұрғыдағы дағдыларын дамытуға айырықша ықпал ететін командалық ойын түрі болып табылады. Баскетбол бойынша блокты аяқтағаннан кейін төменде берілген пысықтау, қайталау сабағын өткізуге болады. «Баскетбол ойыны - заманауи әрі жан-жақты шыныққан тұлғаны қалыптастыруда өзіндік орны бар, танымал спорт түрі» [1].

Сыныбы: 9 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Баскетболдан игерген икемділіктер мен дағдыларды қайталап, бекіту

Сабақтың түрі: қорытынды, қайталау сабақ.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімдік: баскетбол ойынының техникасы мен тактикасынан игерген икемділіктермен дағдыларды пысықтау;

Ә) Тәрбиелік: оқушыларды ептілікке, жылдамдыққа, ұжымдық ынтымақтастыққа баулу жүзеге асырылады;

Б) Дамытушылық: оқушылардың спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшынысын арттыру көзделеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрау, пысықтау, қайталау, индукция-дедукция, анализ-синтез.

Сабақтың өтетін орны: Спортзал

Сабақта қолданылатын жабдықтар: баскетбол добы, ысқырық, себет және т.б.

Сабақтың көрнекі құралдары: мәнжазба, плакаттар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу, сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылдау, журналмен жұмыс, дене қыздыру жаттығуын жасау.

Осы кезеңде оқушыларды залдың төрт бұрышын бойлап периметр бойынша төрт айналым жасаттырғаннан кейін, сап түзетіп, сапта орындалатын жаттығулардың бірнешеуі орындатылады.

Аталған дене қимылдарынан кейін негізгі тақырыпқа көшу жүзеге асырылады.

Негізгі бөлім. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. Допты алып жүру техникасын мұғалімнің өзі орындап көрсетуі, сыныптағы икемді оқушылардың орындауындағы көрсетілімдер жүзеге асырылады.

Аталған кезеңнен кейін баскетбол ойынының ережесін түсіндіру, пысықтау жұмысы жүргізіледі. Мұнда дәрігердің анықтамасы бар және баскетбол ойынына қабілеті төмен деп есептелетін оқушылардың топтық жұмысы арқылы мәнжазбаны қорғау, плакаттарды таныстыру жұмысы жүргізілген соң, баскетбол ойынының ережесі, тактикасы мен техникасы пысықталады. «Баскетбол ойыны алғаш Англияда 1895 жылы пайда болған, оны негіздеген Дж. Нейсмит ойлап тапқан болатын» [2].

Мұндағы жұмыс кезеңдері мынадай болады:

1. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

2. Ойын техникаларын қайталау (жеке, жұптық алып жүрулер, себетке лақтыру тәсілдері пысықталады).

3. Бір жақты, екі жақты, ережелерді сақтай отырып баскетбол ойнау жүзеге асырылады.

Мұнда мына әдістерге баса назар аударылады.

1-жаттығу: Баскетбол добын ұстау әдісі, допты бір қалыппен алып жүру;

2-жаттығу: Допты екі қолмен иықтан лақтыру және допты жоғарыдан лақтыру әдіcі пысықталады;

3-жаттығу: Допты екі қолды ауыстыра кезек-кезек алып жүру қайталанады;

4-жаттығу: Допты алып жүрген ойыншыға қарсы шабуыл әдістері мен қорғаныс тәсілдеріне көңіл бөлінеді.

Сабақты қорытындылау. Сыныпты сапқа тұрғызу жүргізілгеннен кейін бүгінгі қайталау сабағының нәтижесі талқыланады. Мұнда оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталынады.

Бағалау жасалады.

Аталған тақырып бойынша үйге тапсырма беріледі. Үйге тапсырма: жұптық жұмыс бойынша баскетбол добын еденге ұрып және иықтан беру дағдыларын пысықтауға беріледі.

Баскетбол тақырыбын пысықтау барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қаладағы белгілі баскетболшылар мен ардагер спортшылармен кездесу ұйымдастырып, шеберлік сыныбын ұйымдастыру да жүзеге асырылды.

Баскетбол ойыны бойынша тақырыпты қайталаудағы тәжірибеміз осындай және оны әр ұстаз өз біліктілігі мен шығармашылық әлеуетіне сай түрлендіріп өткізері даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дене шынықтыру пәні бо»йынша әдістемелік нұсқаулық. - Астана: «Мектеп», 2010 ж.[]

2. Жүнісбаев Н. Ойындар тарихы. - Алматы: «Кітап», 1989 ж.


© 2010-2022