Талаптыға нұр жауар

Талаптыға нұр жауар    Мақсаты:оқушыларды алдына қойған мақсатын,табиғи дарынын,қабілетін жетілдіруде ізденуге,талаптана білуге үйрету.    Міндеттері: -          Өмірде адамның алдына қойған түрлі мақсаттары мен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алатын орны туралы түсінік беру; -          Оқушылардың талаптану барысында адамгершілік ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуына ықпал ету; -          Оқушыларды табиғи дарынын дамыта білуге,еңбекқорлыққа,төзімділікке тәрбиелеу.  Шаттық шеңбері:     Оқушылармен бірігіп шеңбер құрып,бір-бірімен сәлемдеседі.Өздерінің  әлемді қалай түсінетіндерін,өзі үшін талап деген нені білдіретінін кезекпен айтып шығады:           «Мен үшін талап-...».  Мәтінмен жұмыс        Оқулықта Мұқан Иманжановтың «Талап» атты әңгімесін оқуға ұсынылған.Әңгімені оқу барысында оқушылардың талаптану туралы білімдері арта түседі.Өйткені әңгімеден оқушылар адамның белгілі бір мақсатта талаптануында намыс,жігер қайрат сияқты адамгершілік қасиеттердің өзара байланысын жете түсінеді.  Тапсырма         Оқулықта «Тапсырма» айдарымен берілген Шәкәрім Құдайберді ұлының «Талап пен ақыл» өлеңі талаптың тағы бір қырын ашады.Мәтіннің көлемі үлкен болғандықтан,сыныпты топтарға бөліп,мәтінді бөліктерге бөліп,әрбір мәтіннің  негізгі мазмұнын қысқаша мазмұндап береді.Мәтінмен жан-жақты танысып болғаннан кейін, берілген тапсырманы дәптерлеріне орындауын сұрайды.  Оқу ақпараты         Оқушылар қарастырылып отырған құндылық туралы өз беттерінше ізденіп,талқылағаннан кейін оқулықта берілген жаңа ақпараттағы анықтаманы оқып,өз болжамдарымен салыстырып,талқылайды. Жүректен-жүрекке         Оқушылармен бірге шеңберге тұрып, оқулықта ұсынылған өлеңді оқып шығады.       Талап болар табиғи болмысында,                    Тәрбиемен өрлейді зорлы шыңға.                    Талап пен еңбекке әр кез құшағыңа жай,                    Құр мақтан жалқаулыққа қолды ұсынба.                   Ей,жас дос,мін талаптың арғымағын!                    Ұйықтама,ұлт ісінде қалғымағын!     Сабақ аяқталғаннан кейін мұғалім балалардың алдағы уақытына сәттілік тілейді .
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сабақ

Талаптыға нұр жауар

Мақсаты:оқушыларды алдына қойған мақсатын,табиғи дарынын,қабілетін жетілдіруде ізденуге,талаптана білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Өмірде адамның алдына қойған түрлі мақсаттары мен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алатын орны туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың талаптану барысында адамгершілік ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуына ықпал ету;

  • Оқушыларды табиғи дарынын дамыта білуге,еңбекқорлыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылармен бірігіп шеңбер құрып,бір-бірімен сәлемдеседі.Өздерінің әлемді қалай түсінетіндерін,өзі үшін талап деген нені білдіретінін кезекпен айтып шығады:

«Мен үшін талап-...».

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта Мұқан Иманжановтың «Талап» атты әңгімесін оқуға ұсынылған.Әңгімені оқу барысында оқушылардың талаптану туралы білімдері арта түседі.Өйткені әңгімеден оқушылар адамның белгілі бір мақсатта талаптануында намыс,жігер қайрат сияқты адамгершілік қасиеттердің өзара байланысын жете түсінеді.

Тапсырма

Оқулықта «Тапсырма» айдарымен берілген Шәкәрім Құдайберді ұлының «Талап пен ақыл» өлеңі талаптың тағы бір қырын ашады.Мәтіннің көлемі үлкен болғандықтан,сыныпты топтарға бөліп,мәтінді бөліктерге бөліп,әрбір мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша мазмұндап береді.Мәтінмен жан-жақты танысып болғаннан кейін, берілген тапсырманы дәптерлеріне орындауын сұрайды.

Оқу ақпараты

Оқушылар қарастырылып отырған құндылық туралы өз беттерінше ізденіп,талқылағаннан кейін оқулықта берілген жаңа ақпараттағы анықтаманы оқып,өз болжамдарымен салыстырып,талқылайды.

Жүректен-жүрекке

Оқушылармен бірге шеңберге тұрып, оқулықта ұсынылған өлеңді оқып шығады.

Талап болар табиғи болмысында,

Тәрбиемен өрлейді зорлы шыңға.

Талап пен еңбекке әр кез құшағыңа жай,

Құр мақтан жалқаулыққа қолды ұсынба.

Ей,жас дос,мін талаптың арғымағын!

Ұйықтама,ұлт ісінде қалғымағын!

Сабақ аяқталғаннан кейін мұғалім балалардың алдағы уақытына сәттілік тілейді .



© 2010-2022