Мәліметтер, айнымалылар типтері (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып:

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер, айнымалылар типтері

  • Білімділігі: Айнымалы ұғымын, мәліметтер типін, Pascal тілінің стандартты мәлімет типтерін (shortint, integer, real, boolean, char, string) , мәндер ауқымын және әр мәлімет типінің байттардағы ұзындығын, айнымалылырды var бөлімінде сипаттау ережелерін, меншіктеу операторының қызметі мен ережелерін

  • Write және Writeln шығару операторларын қолданып, қарапайым программаны
    жасап үйрену.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

Pascal-да қарапайым программаны жасауды және орындауды үйрену;

III Үй жүмысын тексеру

Өткен тақырыпты мазмұндау.

IV Білім деңгейін тексеру.

Алдыңғы тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру. Жаңа материалды меңгеруге дайындық.

1. Тілдің алфавиті дегеніміз:

A. мәтінді құрастыруға пайдаланылатын кез келген адам тілінің символдар жиыны

B. мәтінді құруға арналған сандар мен тыныс белгілер жиыны

C. мәтінді құруға арналған қарапайым белгілер жиыны

2. Ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігін атаңдар.

A. бит

B. байт

C. бод

3. Компьютер қандай мақсатқа арналған?

A. компьютер - мәтінді жазуға арналған құрылғы

B. компьютер - ақпаратты әмбебапты етіп өңдеуге арналған құрылғы

C. компьютер - Интернетте ойын ойнауға және жұмыс жасауға арналған құрылғы

4. Алгоритм дегеніміз не?

A. алгоритм - есепті шығаруға арналған, белгілі қадамдар санында рет-ретімен
орындауға тізбектелген әрекеттер

B. алгоритм - есепті шығаруға арналған реттілік әрекеттердің сипаттамасы

C. алгоритм - есепті шығаруға арналған жоба үлгісі

5. Айнымалыларды сипаттау қай бөлікте орындалады?

A. константаларды сипаттау бөлігінде

B. түрлерді сипаттау бөлігінде

C. айнымалыларды сипаттау бөлігінде

6. Кез келген программа қандай кілт сөзімен аяқталады?

A. End

B. Begin

C. Program

Тест сұрақтарының жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

с

A

в

A

В

с

A

V Жаңа материалды оқып-үйрену

Айнымалылар- программамен бөлінген жадтың ұяшығы, оған атауы бойынша жүгінуге болады.

ліметтер типі туралы түсінік

Әр айнымалы үшін жадтан үяшық бөлінетіндіктен әрбір айнымалыны сақтау үшін жадтан қанша байт бөлу керек екендігін программа білуі қажет. Әр айнымалы үшін жадтан үлкен көлем бөле беру дұрыс емес болар еді.

Сондықтан алдын ала әр айнымалының типін аныңтау керек. Сонда программа сол айнымалы үшін ңанша жадты қалдырып қою керек екендігін білетін болады.

Pascal-да ңолданылатын мәліметтердің стандартты типі көрсетілген.

тип

Атаулар

Мәндер аралығы

Ұзындыгы (байт)

Shortint

Қысңа бүтіндер

-128-ден 127-ге дейін

1

Integer

Бүтіндер

-32768-ден 32767-ге дейін

2

Real

Нақты

-1.7Е38-ден 1.7Е38-гедейін

6

Boolean

Логикалық

True және False

1

Char

Символдық

Бір символ, ол бір тырнақшаға алынады (мысалы, 'а') .

1

String

Жолдық

Бір тырнақшаға алынған символдар тізбегі (мысалы, 'мектеп')

255 символға дейін, 1 байт қосылған 1 байт әр символға

Меншіктеу операторы

Айнымалының мәнін меншіктеу үшін : = (қос нүкте және теңдік белгісі) символы қолданылады.

Pascal-да арифметикалық меншіктеу операторы мына пішімге ие:

<сандық айнымалы> := <арифметикалық өрнек>.

Негізгі арифметикалық амалдар белгілері былай жазылады:

+ қосу;

-алу;

* көбейту;

/ бөлу.

Екі санды азайту программасын жазыңдар.

Program esep1;

var x,y,a:real;

begin

clrScr;

write('x, y=' ) ;

read(x,y);

a:=x-y;

writeln('Айырма =',а);

end.

VІ Жаңа сабақты бекіту: 65-бет, өзіңді тексер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

C

D

A

A

C

C

D

C

A

D

VІІ Қортындылау, бағалау

Меншіктеу операторын қолданып, есептерді шығаратын кезде есте сақтаңдар:

  • меншіктеу операторы айнымалы түрлерін өзгерту мен формулаларды есептеу үшін
    қолданылады;

  • оң жақта орналасқан өрнек типі сол жақта тұрған айнымалымен бірдей болу керек.
    Айнымалы типтері мен өрнектер әртүрлі болса, типтердің сәйкессіздігі деген хабарлама шығады.

VІІІ Үйге тапсырма

Оқулықтан §10,11 оқу, мазмұндау


© 2010-2022