Информатикадан ашық сабақ жоспары Paint графикалық редакторының құралдарын қолдану. 5 сынып

«Paint графикалық редакторының құралдарын қолданып суреттер салу». тақырыбына өткен ашық сабақ бірнеше рубрикадан тұратын ауызша журнал түрінде өтті.    Сабақ барысында оқушылар    «Артық болмас білгенін»  рубрикасында «Пейзаж түрлері» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Пейзаж тақырыбына салынған әйгілі суреттердің аты мен авторлары туралы ақпараттар ұсынылады. (Ә.Қастеев. «Шалкөде жайлауы», И.Айвазовский. «Тоғызыншы балл»,  К.Моне.  «Сен-Лазар вокзалы», В.Батурин. «Ясная Полянадағы гүлдер», В....
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдарын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Paint графикалық редакторының құралдарын қолдана отырып сурет салуға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

  • Paintграфикалық редакторының терезе элементтерін білу;

  • Paint редакторының негізгі құралдарын қолдана білу;

  • Оқушылардың суреттерді редакторлеу және сақтауды білуі;

  • Paint графикалық редакторындағы суреттерді аша білу.

Дамытушылық:

  • Компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

  • Өз беттерімен білім алуға жетісу;

  • Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

  • Өз ойларын жеткізе білуге;

  • Таиғатты аялап, құрметтеуге;

  • Сурет салуға деген құштарлықтарын ояту;

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Ауызша журнал

Сабақтың көрнекілігі:

1. Компьютер мен ноутбуктер;

2. Мультимедиалық проектор;

3. Интерактивті тақта;

4. Колонка;

5.Сабақтың тақырыбына сәйкес мультимедиалық презентациялар.

6. «Айгөлек» журналына шыққан оқушылардың суреттерінен көрме.

Оқыту түрі:

  • Жекелеме;

  • Интерактивті (оқушы -компьютер);

Оқыту тәсілдері.

  • Сөздік-көрнекілік;

  • Практикалық;

  • Шығармашылық;

Пән аралық байланыс:

  • Бейнелеу өнері;

  • Музыка;

  • Қазақ тілі:

  • Орыс тілі;

  • Ағылшын тілі

Сабақтың жүру барысы

Сәлеметсіздер ме, балалар!Біз Paint графикалық редакторларының құралдарымен толық танысып болдық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Paint графикалық редакторының құралдарын қолданып суреттер салу». Сабағымыздың мақсаты: графикалық редакторының құралдарын қолдана отырып, өз қиялымызбен табиғат тақырыбына сурет салу. Сендер көрмеге қойылған картинкаларда сурет тақырыбы мен авторы суреттің оң жақ төменгі бұрышына жазылатынын байқаған боларсыңдар. Олай болса кітаптан 124 беттен «Мәтіні бар суреттер салу» тақырыбы бойынша суретке мәтін кірістіру алгоритміне көз жүгіртіп қайталап өтейік. Бұл бізге сабақ барысында кажет болады.

Ал, енді тізбек бойынша өткен тақырыптарды қайталап, ойымызға түсірейік.

/Қойылған сұрақтарға оқушылар кезектесіп жауап береді/

1. Paint графикалық редакторы неге арналған?

2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата

4. Paint графикалық редакторында неше құралды пайдалануға болады?

5. Құю құралының қызметі қандай?

6. Әрекеттерді орындатпау үшін қандай команда қолданамыз?

7. Paint графикалық редакторында беттің масштабын қалай өзгертеміз?

8. Жұмыс алаңындағы суреттерді жою үшін қандай команда орындауға болады?

9. Графикалық редакторда салынған суретті жұмыс столына жіберуге бола ма?

10. Салынған суреттің көшірмесін қалай алуға болады?

11. Негізгі түс қалай таңдалады?

12. Алуа. doc, Алуа.bmp, Алуа.xls осы файлдардың қайсысы

графикалық редакторда жасалған файл?

13. Үнсіз келісім кезінде фондық түс пен негізгі түс қандай

болады?

14. Егер түстер палитрасы көрінбей тұрса, қандай команда

арқылы шақыруға болады?

15. Квадрат немесе шеңбер салуда қай пернені қолданамыз?

16. Масштабты өзгерту үшін қандай команда орындаймыз?

Сабағымыздың жалғасы әдеттегіден өзгеше өтеді. Бүгінгі сабағымыз «Көңілді суреттер» деген атпен ауызша журнал түрінде өтеді. Журналымыз бірнеше рубрикадан тұрады:

  1. «Бәрін білгім келеді»

  2. «Өзің бояп көр»

  3. «Ағылшынша үйренейік!»

  4. «Буратина қонақта»

  5. «Артық болмас білгенін»

  6. «Сырлы бояу сөйлейді»


  1. Сонымен журналдың бірінші бетін ашайық «Бәрін білгім келеді».

Paint графикалық редакторы құралдарының міндетін айту. /Слайд /

  1. Келесі беті «Өзін бояп көр».

Жалпы компьютерлік графиканы көптеген мамандық иелері қолданады: архитекторлар ғимараттарды жобалауда, инженер-конструкторлар техниканың жаңа түрін құрастыруда, модельерлер киімнің жаңа үлгісін жасауда, мультипликаторлар мультфильмдер құрастыруда, дизайнерлер жарнамалар т.б дайындауда. Компьютерлік графика әлемі шексіз. Мына слайдта ең алғаш 1958 жылы компьютермен жасалған мультфильмнен көрініс.

Ал, кәне кім айтады мына сурет қандай мультфильмнен алынған?

Сендер қазір жұмыс столындағы «5 сынып» атты буманың ішінен «сурет» файлын графикалық редактор көмегімен ашып, түрлі-түсті етіп бояңдар.

/оқушылар құю құралының көмегімен суретті бояйды/.

  1. Журналымыздың келесі «Ағылшынша үйренейік!» айдарымен аталатын бетіне ауысамыз.

«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек» деп Елбасы Жолдауында айтқан еді. Ендеше сендер үштілді меңгерген білімді азамат болып өсулерің керек. Сондықтан бұл рубрикада сендер бүгінгі сабаққа қатысты бірнеше терминнің үш тілде айтылуын үйренесіңдер.

/оқушылар тақырыпқа қатысты сөздердің 3 тілде айтылуын құлақап арқылы тыңдап үйренеді де, сосын хормен дауыстап айтады/

Сурет рисунок picture

Қылқалам кисть brush

Сызық линия line

Тақта доска board

Шеңбер круг circle

Шаршы квадрат square

Түс цвет colour

Өшіргіш ластик eraser

Үйдом house

Табиғат природа nature

  1. «Буратина қонақта» /Сергіту сәті/

Келесі рубрика «Буратина қонақта» деп аталады.

Буратина: Мен сендерге төмендегідей жаттығу жасауды

ұсынамын: Көз қиығымен айтылған бағытқа қарау арқылы,

көзге жаттығу жасайық.

Көкке - жерге

Жерге - көкке

Оңға - солға

Солға - оңға

Қайда - қайда

Мұрныңның ұшына.

(Оқушылар Буратинаның командасын орындап көзге жаттығу

жасайды)

  1. «Артық болмас білгенін» /Ақпараттық сәт/«Пейзаж түрлері» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Пейзаж тақырыбына салынған әйгілі суреттердің аты мен авторлары туралы ақпараттар ұсынылады. (Ә.Қастеев. «Шалкөде жайлауы», И.Айвазовский. «Тоғызыншы балл», К.Моне. «Сен-Лазар вокзалы», В.Батурин. «Ясная Полянадағы гүлдер», В.Поленов. «Московский дворик»

  2. «Сырлы бояу сөйлейді» айдары бойынша оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі.Оқушылар елестету немесе қиялдау арқылы өз ойларыңдағы көріністің суретін салады. Сурет салу барысында табиғаттың буырқанған қозғалыстағы кейпін немесе бірқалыпты күйін беруге тырысу керек.

(Оқушылар жұмыс жасап жатқанда жайлап музыка қосылып тұрады)

Сурет салып болған соң, салған суреттерін сақтап, суреттерін бас компьютерге жібереді. Мұғалім сабақ соңында сәтті шыққан суреттерден электронды көрме ұйымдастырады.

7. Сабақтың қорытындысын шығару.

1. Міне, өздерін салған суреттер галереясын (электронды көрме) тамашалауға болады. (Мұғалімсәтті шыққан суреттерді атайды).

8.Үйге тапсырма.

  • Paint графикалық редактор құралдары тақырыбы бойынша қайталау.

  • Өздерің жақсы көретін 1 пәннің сыртқы мұқабасын көркемдеуге арналған сурет салып келу.

  1. Рефлексия.Ал, енді сендер бүгінгі сабақ өздеріңе ұнаған немесе ұнамағанын білдіру үшін, алдарында жатқан смайликтерге бір элемент қосу (ауыздың суретін салу) арқылы көрсетіңдер.

Маған да сендермен жұмыс істеген қызықты болды. Сендерге рахмет, сау болыңдар!

© 2010-2022