Сабақ жосапры: §29. Берілгендерді пішімдеу. 8-сынып

Пәні: Информатика Күні: Сынып: 8 Сабақтың тақырыбы: §29.Берілгендерді пішімдеу Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Сілтеме: Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылым, ПШО-дан алынған материалдар. Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Excel бағдарламасында формулалармен жұмыс істей алады, математикалық есе...
Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Күні:

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы:

§29.Берілгендерді пішімдеу

Сабақтың әдісі:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Сілтеме:

Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылым, ПШО-дан алынған материалдар.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Excel бағдарламасында формулалармен жұмыс істей алады, математикалық есептеулерді орындай алады.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: ЕХСЕL- дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді ЕХСЕL-ге

енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары,

деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты

түрде пішімдеу, кестелерді баспаға шығару туралы білімдерін шығару туралы

білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту. Сыни тұрғыдан ойлануға жағдай жасау.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Формативтік бағалау түрі:

Сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысып отырған оқушыларға стикерлер беріп отырамын. Сол стикерлердің саны бойынша «Электрондық бағалау кестесі» арқылы бағалаймын.

АКТ мүмкіндіктері:

Слайдтар, электрондық оқулық, компьютерлер.

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

1 мин

Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әрпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.

Мысалы: Камила-көрікті, Шолпан-шыдамды, Бағлан-білімді т.б.

Сабақтың барысы:

Реті

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

1

1 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушыларды түгендеу.

2) Оқушыларға қауіпсіздік ережесі туралы шолу жасаймын.

Кезекші оқушы сыныпта жоқ оқушыларды түгендеп, мұғалімге хабарлайды.

Слайдта көрсетілген қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек

2

7 мин

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы бойынша жақсы дайындалып келген оқушыларға стикерлер беремін.

Үй тапсырмасы бойынша барлығы сабаққа белсенді қатысуы керек.

Үй тапсырмасы бойынша тапсырма аяқталғаннан кейін оқушыларды конфеттер арқылы топқа бөлемін.

Себебі, оқушылар бір топта отыра бермеу керек, басқа да оқушылармен қарым-қатынас жасатса, сыныпта атмосфералық орта қалыптасады.

3

5 мин

Миға шабуыл

Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.

Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау

Сол суреттер бойынша оқушылардың не ойлағанын сұраймын.

Оқушылар суреттерге қарап өз ойларын айтады.

(заманына қарай бөлуі, компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары н/е жаңа-ескі деп бөлуі мүмкін)

4

5 мин

Жаңа сабақ

Сабақты электронды оқулық бойынша түсіндіремін.

Тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Қажетті функцияларды, термин сөздерді дәптерлеріне жазады.

4

1 мин

1 мин

1 мин

1 мин

1 мин

1 мин

5 мин

Топтық жұмыс

а) «Функцияларды

құрастыр»

Диалогтық оқыту

ә) Сандық пішімдерді

тап

б) Шыршаны дұрыс

ұяшықтармен

в) Функция мұздарын

ерімей тұрып тап

г) Excel-да мәзір жолағының элементін

тап

д) Логикалық функцияларды себетке

жина

ж) ЭО-тағы

тапсырмаларды

орында

Интерактивті тақтадан төмендегі тапсырманы ұсынамын.

Диалогтық оқыту негізінде осы тапсырмаларды орындатамын

Оқушылар осы әріптердің ішінен бүгінгі сабақта өтілген функцияларды құрастырады.

Әр топтан оқушылар осы тапсырмаларды тақтаға шығып, активті қаламның көмегімен орындайды.

5

10 мин

Жеке компьютерлік жұмыс

«Компьютерлік тапсырмалар»

Мұғалім оқушыларды компьютерге отырғызады.

Функцияның мәнінінің

[-4; 4] аралықтағы кестесін құрыңыз:

у=3х+8х2

Оқушылар осы есептеулерді компьютерде орындайды.

6

2 мин

Сергіту жаттығуы

Оқушыларға сергіту жаттығуын жасатамын

Оқушылар тақтадағы слайд бойынша жаттығуды жасайды

7

Сабақты қорытындылау

«de BONО» әдісі бойынша сабақты оқушылар қорытындылау керек.

Әр түрлі түсті қалпақтарды ұстаған оқушылар сабақ бойынша қорытынды жасау керек.

8

1 мин

Бағалау

Стикерлердің саны бойынша оқушының ортақ бағасын шығарамын.

Оқушылар стикерлердің санын айтып отырады.

9

1 мин

Үйге тапсырма

1-ші топқа банк қызметкерінің; 2-ші топқа мектеп бухгалтерінің рөлін сомдау беріледі.

Оқушылар қажетті мәліметтерді мұғалімнен сұрайды.

10

1 мин

Көңіл-күй смайликтері

Мұғалім оқушыларға смайлик таратып береді.

Бүгінгі сабақта алған әсерлеріне байланысты оқушылар смайликтерді көтереді


© 2010-2022