Файлдармен және бумалармен жұмыс тақырыбында дәріс

  Windows операциялық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және бумалармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз бумалар сияқты бумалар құрылымын пайдаланады.   Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.   Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуғ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәріс №15

Тақырыбы: Windows. Файлдармен және бумалармен жұмыс.

Windows операциялық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және бумалармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз бумалар сияқты бумалар құрылымын пайдаланады.

Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.

Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.

Бумалар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге бумаларды да қамти алады. Бумаларда түрлі файлдар - құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.

Жаңа бумаларды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге бумалардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, буманың ішінде қосымша бума жасауға болады.

Жарлық (Ярлык) - компьютердегі немесе желідегі қатынасуға болатын бағдарлама, файл, бума, диск, веб-беті, басып шығарғыш немесе өзге компьютер сияқты кез келген элементке сілтеме. Белгішелерды кез келген орынға, Жұмыс үстеліне, Іске қосу мәзіріне немесе нақты бір бумаларға орналастыруға болады.

© 2010-2022