Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түріВизуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түріВизуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түріКүні: 17.03.2015ж.

Сыныбы: 10 ә

Сабақтың тақырыбы: Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: программа интерфейсімен таныстыру. Программадағы нысандар, оларға қолданылатын құралдармен жұмыс істеуді үйрету;

Б) Дамытушылық: қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

В) Тәрбиелілік. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: кітап, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндірмелі-практикум).

ІV. Үйге тапсырма.

V. Бағалау.

Жаңа сабақ

Web-парақ немесе web-сайтты тек HTML тілінің арнайы редакторы визуалды редакторлар арқылы да құруға болады. Сондай редакторлардың бірі Front Page редакторы. Қазіргі уақытта бұл программа дами келе, SharePoint Designer деген атауға ие болды. Microsoft Office SharePoint Designer 2007 web-редактор ретінде мына жағдайларда қолданылады:

  • Қарапайым HTML беттерін құру үшін;

  • Белсенді серверлік ASPX-беттерін жасау үшін (ASP.NET cтандарты);

  • SharePoint қызметі негізінде web қосымшаларын жасау үшін;

  • Web-сайтты басқару үшін.

Программаны іске қосу үшін Пуск Барлық программалар Microsoft Office Microsoft Office SharePoint Designer бұйрықтарын орындаймыз.

SharePoint Designer интерфейсі өте қарапайым және түсінікті. Программа редакторының терезе құрылымымен танысу үшін 1 суретке қарайық.

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

1 сурет. Microsoft Office SharePoint Designer 2007 web-редакторының терезе құрылымы

  1. Тақырып жолағы.

  2. Құрал-саймандар жолағы.

  3. Бумалар тізімі - мұнда web-торапты басқаруға және файлдары бар әртүрлі бумаларды қарап шығуға болады.

  4. Ортасындағы ашық алаң жұмыс алаңы болып табылады. Жұмыс алаңы 3 түрде ұсынылады: Конструктор (web-парақты визуалды құру үшін); Код (web-парақта HTML кодын көру үшін) ; Бөліну (web-парақты конструктор және код ретінде де ұсынатын аралас режім).

  5. Элементтер панелі, мұнда web-параққа қолданылатын HTML тілінің элементтері көрсетілген.

  6. Тегтер қасиетінің панелі.

  7. Стильдер панелі.

Осылайша Share Point Designer жұмысы басқа да web-редакторлардағы сияқты web-парақтың сыртқы бейнесімен қатар кодтарын редакторлай алады. Конструктор аймағында басқару элементін орнату арқылы, сол аумаққа керекті өзгерістерді тез жасаймыз. Мысалы, мәтінді енгізу және өзгертуді орындап көрейік. Ол үшін web-редакторды іске қосамыз. Бос бет ашылады. Осы беткі мәтін қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

  • Конструктор режімін таңдаймыз, пернетақтадан қандай да бір мәтінді енгіземіз (2 сурет);

  • Құрал-саймандар жолағынан 2 тақырыпша стилін таңдаймыз;

  • Web-парақтың код терезесіне мән беретін болсақ, енгізілген мәтін

    тегімен таңбаланған (3 сурет).


Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

2 cурет. Мәтін енгізу кезеңі

3 сурет. Мәтінді енгізу және пішімдеу.


Айта кететін маңызды жайт, ол құжаттағы кез келген позицияны меңзермен ерекшелесек, бет атауы белгісінің астында ерекшеленген мәтін бөлігінің тегі көрінетін болады. Бұл құжаттың мазмұнын дұрыс бағдарлауға көмектеседі. Мәтін бөлігіне қандай да бір пішімдеу қолдану үшін Құрал-саймандар панелінен керекті құралды таңдау керек және мәтін бөліктері конструктор аумағы мен код аумағында да бірдей ерекшеленетініне мән беріңдер.

Элементтер қосу

Қарапайым мәтіндермен қатар web-парақта әртүрлі элемент түрлері кездеседі. Share Point Designer-де элементтердің 3 типі қарастырылған:

  • Кәдімгі HTML тегтері;

  • ASP.NET басқаруының серверлік элементтері;

  • Share Point қызметі басқаруының серверлік элементтері.

Элемент типтері әртүрлі болғанмен оларды web-параққа орналастыру бірдей тәсілмен жүзеге асырылады. Қазір біз параққа горизонталь сызық элементін орналастыру техникасын қарастырып көрейік. Ол үшін:

  1. Элементтер панелін ашамыз.

  2. Элементтер панелінен Горизонталь сызық батырмасын шертеміз.

  3. Тінтуірдің сол жақ батырмасымен сүйреп әкеліп, web-парақтың керекті жеріне орналастырамыз.

  4. Тінтуірді жібереміз .

Нәтижесінде web-парақта горизонталь сызық пайда болады (4 сурет).

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

4 сурет. Web-параққа горизонталь сызық элементін қосу

Қосылған элементті пішімдеу үшін контексті мәзірді қолданған ыңғайлы. Мысалы, web-параққа орналастырған сызықты редакторлау үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

  • Сызыққа тінтуірдің оң жағын шертіп, контекстік мәзірді шақырамыз;

  • Мәзірден Горизонталь сызықтың қасиеті бұйрығын таңдаймыз; (5 сурет)

  • Сұхбат терезесінен қажетті қасиеттерді орнатамыз да, ОК батырмасын шертеміз (6 сурет)

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

5 сурет. Элементті орналастырғаннан кейінгі нәтиже

6 сурет. Сұхбат терезесі.

Нәтижесінде сызықтың элементі web-парақта таңдалған пішін бойынша көрінеді.

Ескерте кететін жайт, ол элементтер панелінде жоқ элементті Қою (Вставка) мәзірінен табуға болады.

Бетті алдын ала қарау және сақтау

Share Point Designer файлдарын басқару үйреншікті тәсілмен жүзеге асырылады. Құрал-саймандар жолағындағы Сақтау батырмасы арқылы web-парақты тез сақтауға болады. (7 сурет).

Әрине, Share Point-та редакциялаудың көптерезелік режімін қолдайтындықтан, web-парақтың алғашқы типін анықтап алып, жасап, сосын қажетінше редакциялауға болады.

Редакторланған құжатты браузерде көру үшін Құрал-саймандар жолағынан Windows Internet Explorer Көру батырмасына шерту керек немесе пернетақтадан функционалдық F12 батырмасын басу керек (8 сурет).

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі

7 сурет. Құжатты сақтау.

8 сурет. Web-парақты алдын ала көру.


IV. §25 тақырыпты оқу

V. Бағалау

© 2010-2022