Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика

Сынып 6 «а»

Күні 14.12.15 ж

Сабақтың тақырыбы:
«Алгорит және оның атқарушылары.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың алгоритм және алгоритм атқарушылардың тақырыбына пысықтау жұмыстармен бекіту.

Білімділік:

Оқушыларға алгоритм және алгоритмнің атқарушылары туралы түсініктерін, алгоритмнің жазу жолдарымен тиянақтау.

Дамытушылық:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ой-өрісін, логикасын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды тақырыпты меңгеріп алгоритм құруда ұқыптылыққа, өзбетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пән аралық байланыс: математика, геометрия, сурет

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, тапсырмалары бар карточка, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сыныпты сабаққа дайындау.

Б) Оқушыларды түгелдеу.



Сабақ жоспары:

1. Сыныпты 3 топқа бөлу;

2. Лото ойыны;

3.Топтық жұмыс;

4. Компьютермен тәжірибелік жұмыс;

5. Постер қорғау;

6. Сөзжұмбақ;

7.Үйге тапсырма беру;

8. Бағалау.



Ұй тапсырмасы «Лото » ойыны арқылы сұрақ-жауап алу оқушылардан:

1Алгоритмнің жазылу жолдарын ата?

  1. Сөздік;

  2. Кестелік;

  3. Графикалық;

  4. Программалық.

2. Алгоритм атқарушы деген не, оны кім атқара алады?

Алгоритм атқарушы - бұл алгоритмде жазылған командарды орындай алатын адам немесе техникалық құрылғы.

Сабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушыларыСабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушыларыСабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары

3. Циклдік алгоритмнің түрлерін ата?

Цикл алгоритмнің түрі:

1. Қайталану саны алдын ала белгілі;

2. Қайталану саны алдын ала белгісіз.

4.Алгоритм қасиеттері деген не?

Алгоритмнің жалпы сипаттамасын алгоритм қасиеттері деп атайды.

Алгоритм қасиеттерін анықтамасымен ата?

  • Түсініктілік- алгоритмді атқарушысы оны орындайтынын білуі керек

  • Дискреттілік- алгоритм нақты әрекеттерден тұрады, келесі қадамы тәртіппен жүзеге асады.

  • Анықтылық- алгоритмнің әрбір ережесі анық, мағыналы болу керек.

  • Нәтижелілік- орындалатын қадамдардың соңында алгоритм нәтижеге жетуі керек.

  • Жалпылық- қандай да алгоритмді түрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше рет қолдануға болады.

5. Тармақталған алгоритмнің жазылу түрлерін ата?

1. Толық тармақталған алгоритм;

2. Толық емес тармақталған алгоритм.



ІІІ. Топтық жұмыс

Тапсырма№1 Алгоритм құр.

Сабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары

Тапсырма №2


«Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

дұрыс орналастырыңда

Шұңқырды толтыр…

Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып, көшетті отырғыз

Күрек пен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал.

Күрек пен су сепкішті орнына қой







Тапсырма №3

Сабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары

Блок- схеманың сұлбасын дәптеріне сызып тапсырманың жауабын жаз.

Сабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары

Компьютерлік тапсырмалар:

1.Сызықтық алгоритмге:

Сабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары

2. Тармақталған алгоритмге:

«Бота» бағдарламасында тармақталудың «Үлгі -1 » орындау.

( Бота алманы тікенектен айланып өтіп жеу).

3. Циклдік алгоритмге:

Сабақтың тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары

Ботаға «1»-ден «4»-дейін «Қадам» беріп кілті сызу.

V. Постер қорғау.

VІ. Сөзжұмбақ

VІI. Үй тапсырмасын беру

§ 3.1- 3.5 27-44 беттерді қайталау

VIІI. Бағалау

Өзін бағалау парағына бағаларын қою

© 2010-2022