Сызықтық алгоритмді программалауға үйрету

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау Мақсаты: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, сызықтық алгоритмдерді программалаудыүйрету. Алғантеориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру Күтілетін  нәтижелер: -  Сызықтық алгоритмді программалау жөнінде түсінік қалыптасады; -  Енгізу және шығару операторларын пайдаланып есептер шығара біледі; Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, тест сұрақтары Әдісі: АКТ, «Бастама-жауап- кейінгі әрекет», топтық және жұптық жұмыс, тест Сілтеме Оқулық, Информатика журналы, интернет материалдары
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық алгоритмді программалау

Мақсаты:

Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, сызықтық алгоритмдерді программалаудыүйрету. Алғантеориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер:

- Сызықтық алгоритмді программалау жөнінде түсінік қалыптасады;

- Енгізу және шығару операторларын пайдаланып есептер шығара біледі;

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, тест сұрақтары

Әдісі:

АКТ, «Бастама-жауап- кейінгі әрекет», топтық және жұптық жұмыс, тест

Сілтеме

Оқулық, Информатика журналы, интернет материалдары

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау


1-кезең: Қызығушылықты ояту: (10 мин)

- үй тапсырмасын тексеру;

- ұйымдастыру өткен

тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

1. Психологиялық ахуал:"Бір тілек" тренингінде оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіру арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.

2. Топқа бөлуін ұйымдастыру. Сурет қиындыларын таңдау арқылы топтарға бөлу. Топ спикерін сайлауын ұйымдастыру.

3. Құрастыралған сурет атауларына қысқаша сипаттама беру.

4. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында, үй тапсырмасының негізіндегі жұмыс есептер шығару арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1. Бір-біріне түрлі түсті стикерлерге тілектерін жазады.

2. Оқушылар сурет қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлінеді. Топпен ақылдасып, топ спикерін сайлайды.

3. Монитор, пернетақта, жүйелік блокқа сипаттама береді.

4. Әр топтың оқушылары таратылып берілген тапсырмаларды жеке орындайды.


Өзін-өзі бағалау

формативті бағалау жасау.

2-кезең: Мағынаны ажырату: (25 мин)

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастыра

ды;

Таратылған стикерлерге байланысты оқушылар қайта өзара топқа бөлемін.

1. Мұғалім жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында "ДЖИГСО" әдісін пайдаланады. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну керектігі ескертіледі.

2. Топтық жұмыс. Әр топқа ресурстар бөлініп беріледі. Мәтінмен танысып болғаннан кейін топ мүшелері келесі топқа өз мәтіндерін түсіндіреді.

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындату.

1) «Ішіне-сыртына».

Кесте толтыру

Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.

Internet, Paint, Writeln, Readln, WordPad, Microsoft, Program, Var, Excel, Power Point, begin, end.

2) «Кім жылдам?»

есеп шығару

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау. Барлық оқушыларды сабаққа араластыруға тырысамын. Белсенділігі төмен оқушыларды сөйлетемін.

Таратылған стикерлерге байланысты оқушылар қайта өзара топқа бөлінеді.

1. Ресурстармен танысады, талқылайды. Топ мүшелері ұсынылған материалды меңгеріп, өз тақырыпшалары бойынша топ мүшелеріне түсіндіреді.

2. Әр топ мүшелері келесі топқа мәтінді түсіндіреді, дәлелдейді.

3. Топ мүшелері берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Ішіне

Сыртына



Екі санның азайтындысын (c=а-в) анықтайтын блок-схемасын, алгоритмін жазу

Екі санның азайтындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын, алгоритмін жазу

Смайлик арқылы өзін-өзі бағалау


2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалау

3-кезең: Ой- толғаныс:(10 мин)

-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді

Рефлексия

Қорытынды: Ойлан, жұптас, пікірлес

Оқушыларға тест тапсырмаларды орындату


Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар толық қатысты.

1. Тест тапсырмаларын орындайды.

2. Топ спикерінің бағалауы


Кері байланыс

Шығу картасы

Өзін-өзі бағалау,

Формативті бағалау.


Жиынтық бағалау





© 2010-2022