» Қотыр торғай» ертегісі

:   Балаларға ертегі кейіпкерлерінің жағымды- жағымсыз ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, ертегіні әңгімелеп жеткізу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Ерте, ерте заманда бір торғай өмір сүріпті. Торғайдың ескі жарасы қара қотырланып, жаңа- жаңа жазылып келе жатқан еді.  Қалың орманның ішінде шыбын шіркей қуып жүрген кезінде өткір тікен қотырын тырнап кетіп, Торғай шырылдап жылап жібереді.    Содан ыза болған Әжей ашуын балалардан алады. Балалар Тышқанды қуады. Тышқан байдың жентін ініне тасиды.Бай жылқышыны сабайды.Жылқышы ұйықтап жатқан Қасқырды апаннан қуады. Қасқыр ашуланып, Ешкініжепқояды. Бірақ Ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеп үлгере алмайды. Сөйтіп,Қотыр торғай шеңгелден кегін ала алмай, ұшып кетеді
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

»Қотыр торғай» ертегісі«Боранқұл балабақшасы» МКҚК

«Қарақұм» бөлімшесі





Өткізген: «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

Ақмоншақ Смайлова






«Қотыр торғай» ертегісі.

Мақсаты: Балаларға ертегі кейіпкерлерінің жағымды- жағымсыз ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, ертегіні әңгімелеп жеткізу.

Балалардың сөздік қорын дамыту.

Көрнекілігі: Залды безендіру.

Жүргізуші: Ерте, ерте заманда бір торғай өмір сүріпті. Торғайдың ескі жарасы қара қотырланып, жаңа- жаңа жазылып келе жатқан еді. Қалың орманның ішінде шыбын шіркей қуып жүрген кезінде өткір тікен қотырын тырнап кетіп, Торғай шырылдап жылап жібереді.

Торғай: - Қап-п! Мына шеңгелдің қорлығын- ай! Бұдан қалай өшімді алсам екен?!

Жүргізуші: - деп ойланып тұрғанда, анадай жерде маңырап жүгіріп жүрген Ешкіні көріп, қуанып кетеді.

Торғай: - Ешкі! Ешкі! Мына әдемі де дәмді шеңгелдің сылдырмағын неге сындырып жемейсіз?

Ешкі: - Торғайжан-ау, мына көк майса тұрғанда тікенді қайтем!

Жүргізуші: - деп Ешкі көк шөпті бырт- бырт жұлып, қапа болғанТорғай ұшып келе жатса, үлкен бір апанда жатқан Қасқырды көреді.

Торғай: - Қасқыр! Қасқыр!

Сен мына жерде жатқан иесіз жалғыз Ешкіні жемейсің?

Қасқыр: - Ешкіні қайтем? Жаңа ғана семіз тайдың етіне тойып алдым.

Торғай: - Қап-п!

Жүргізуші: - дейді Торғай мұңайып. Содан ұшып келе жатса, бір Жылқышы рақаттанып ұйықтап жатыр екен.

Торғай: - Жылқышы! Жылқышы! Мына қырдың астында, апанда Қасқыр жатыр.Неге соғып алмайсыз?!

Жүргізуші: - дейді Торғай жалынып.

Жылқышы: - Уақытым жоқ! Ұйқы қысып, өзім дем алып жатырмын.

Торғай: -Қап-п -Қой, мұны байға айтып, сазайын тарттырайын

Жүргізуші: - Осы оймен ол байдың үйіне ұшып келеді

Торғай: -Бай-еке! Бай-еке! Ана Жылқышының жылқының жанында жатқан Қасқырды соғуға ерінеді. Сіздің жылқыны жесін дегені ме? Неге сабап алмайсыз?

Бай: - Оны сабайтын уақытым жоқ! Жентімді жеп тауыса алмай жатырмын.

Уфф! Уфф!

Жүргізуші: - деп, Бай қарынын сипайды.

Торғай: -Қап-п! Одан да Тышқанға барып, соған айтайын!

Жүргізуші: -Дәл сол бір сәтте бір Тышқан қылт етіп, інінен шыға келеді.

Торғай: -Тышқан-ау! Тышқан! Анау байдың тәп- тәтті жентін неге ініңе тасып алмайсың?!

Тышқан: - Қайдағы бір жентті айтып, басымды қатырмашы! Інімді қазып бітіре алмай жатырмын.

Торғай: -Қап-п! Тентек балаларға айтып, сазайыңды тарттырайын.

Жүргізуші: -Айтқанындай бір топ бала асық ойнап жүр екен.

Торғай: - Уа, балалар! Балалар! Мына жерде бір тышқан ін қазып жатыр.

Қамбадағы астықтарыңды тасиды ғой?!

Балалар: -Асық ойнауға уақыт жетпей жатқанда қайдағы Тышқанды айтады екенсің!

Торғай: -Қап-п!

Жүргізуші: -дейді әбден амалы таусылған Торғай. Содан жүн сабап отырған кемпірдің жанына барады.

Торғай: -Әжей! Әжей! Мына шулап жүрген балалар бесіктегі немереңізді оятатын болды ғой. Соларды сабауыңызбен сабап алмайсз ба?

Әжей: Ойбай-ау! Ойбай-ау! Бала сабағанша жүнімді сабап алмаймын ба?

Торғай: -Қап-п! Мен сені құйынға айтайын.

Жүргізуші: -Сол кезде бұлт көтеріліп, жел соғып құйын келеді.Құйын бір үйіріліп өткенде, кемпірдің сабап отырған жүнін ұшырып әкетеді.

Содан ыза болған Әжей ашуын балалардан алады.

Балалар Тышқанды қуады. Тышқан байдың жентін ініне тасиды.Бай жылқышыны сабайды.Жылқышы ұйықтап жатқан Қасқырды апаннан қуады. Қасқыр ашуланып, Ешкініжепқояды. Бірақ Ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеп үлгере алмайды.

Сөйтіп,Қотыр торғай шеңгелден кегін ала алмай, ұшып кетеді.

Көріп. тамашалағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!



© 2010-2022