9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Графикалық режим

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Графикалық режимСыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Графикалық режим

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Паскальда графикалық операторларды қолдануды және қарапайым кескіндерге программа құруды үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың программа құру барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2. Үй жұмысы

3. Компьютермен жұмыс

4. Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Турбо паскальда графикалық режимде жұмыс істеу үшін арнайы графикалық операторларды (USES), драйверлерді (graph USES), модульдерді (crt, Graph), режимдерді (GraphMode, CloseGraph) қосуымыз қажет, нәтижесінде символдар тізбегін ғана емес сонымен қатар әртүрлі суреттер, сызбалар, мен кескіндерді бағдарламалай алатын боламыз.

USES - арнайы графиктік оператор.

Graph-графикалық бейнелерді салуға арналған стандартты кітапханалық модуль.

Crt- пернетақтадан берілгендерді енгізуді, сол сияқты терезелермен жұмыс істеуді, дыбыстық сигналдар мен түрлі түсті мәтіндік жолдарды экранға шығаруды қаматамасыз ететін модуль.

Графикалық элемент

Паскальда жазылуы

Нүкте

PutPixel(x,y,t)

Кесінді

Line (x1,y1,x2,y2)

Сызық

LineTo(x,y)

Тік төртбұрыш

Rectangle (x1,y1,x2,y2)

Боялған төртбұрыш

Bar(x1,y1,x2,y2)

Шеңбер

Circle(x,y,r)

Эллипс

Ellipse(x,y,b,s,rx,ry)

Боялған Эллипс

Fillellipse (x,y,r1,r2)

Доға

Arc(x,y,b,s,r)

Сектор

Sector (x,y,b,s,rx,ry)

Сызықтың түсі

SetColor(t)

Фон түсі

SetBkColor

Сызықтың түсі

SetLine (tp, 0, te)

Бояудың түсі

SetFillStyle(t1,t2)





Мысал: Сағаттың суретін салу.

9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Графикалық режим

Бағдарламасы:

program esepkb;

uses graph;

var driver, mode:integer;

begin

driver:= detect; Мониторды графикалық режимге ауыстыру, detect режимінде 640*480 пиксель болады

initgraph(driver, mode, 'C:\bp\bgi');

setbkcolor(1); Фон тусі

setcolor(4); Сызықтың түсі

rectangle(125,100,275,250); Тік төртбұрышты салу диагональ бойынша

line(125,100,150,75);

line(150,75,225,50);

line(225,50,300,75);

line(300,75,275,100);

line(275,100,200,75); Қалған сызықтар (9 кесінді)

line(200,75,125,100);

line(200,75,225,50);

line(300,75,300,225);

line(300,225,275,250);

setcolor(9); Шеңбердің сызығының түсі

circle(200,175,50); Радиусы 50-ге тең шеңбер

circle(200,175,2); Радиусы 2-ге тең шеңбер

line(200,175,215,145); Сағаттың сағаттық көрсеткіші

line(200,175,240,175); Сағаттың минуттық көрсеткіші

ellipse(200,86,0,360,10,5); Эллипс салу (радиусы 5-ке тең)

setcolor(4); мәтіннің түсі

settextstyle(1,0,1); Мәтіннің олшемдері: әріп нөмірі, әріп бағыты, әріптің өлшемі

outtextXY(185,103,'12'); (185,103) координатасында «12» мәтінін шығару

settextstyle(1,0,1);

outtextXY(252,165,'3'); (185,103) координатасында «3» мәтінін шығару

settextstyle(1,0,1);

outtextXY(190,228,'6'); (190,228) координатасында «6» мәтінін шығару

settextstyle(1,0,1);

outtextXY(137,165,'9'); (137,165) координатасында «9» мәтінін шығару

setcolor(15);

settextstyle(1,0,1);

outtextXY(150,30,'clock'); (150,30) координатасында «clock» мәтінін шығару

readln;

cleardevice; Экранды тазалау және фон түсімен бояу

closegraph; Графикалық режимдегі жұмысты аяқтау

end.

Үйге: Графикалық режим «Ғажайып төртбұрыштар» салу.

© 2010-2022