Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директор

Куатова Г.Р.

________2015 ж.


«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережесі

2015 - 2016 оқу жылы

Жалпы техника қауіпсіздігнің ережелеріне қойылатын талаптар:

1. Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

3. Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

4. Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

5 Пернетақта үстіне артық заттар қоюға болмайды, компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

1. Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

2. Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлу керек.

Оқушының дербес компьютердің жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек.

2. Cыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

3. Көз шаршаған жағдайда орыннын тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

4. Электр тоғымен зақымданғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.

Дербес компьютермен жұмысты аяқталған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

1.Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру.

2.Жұмыс орнын ретке келтіру.

3. Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.


© 2010-2022