Семинар по теме HTML. Как работать по теме

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семинар по теме HTML. Как работать по теме

ФОТО слушателяБірлік орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

информатика пәнінің мұғалімі

Қаиргали Дария Қаиргалиқызы

Санаты: ІІ

Аудандық информатика пәні бойынша семинар сабақ

Пән мұғалімі: Қ.Д.Қаиргалиқызы

Пәні: Информатика

Күні:10.02.16ж.

Сабақтың тақырыбы

НТМL - ГИПЕРМӘТІНДІК БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жалпы мақсаты:

Әр мұғалім заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруда жаңа технологияларды қолданады.

Сабақтың типі

HTML тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі

Лекция түрінде пікірталас

Оқыту нәтижесі


  • Білім беруді ақпараттандырудың басты бағытының бірі - оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасай алады.

  • Бұл бағдарлама бойынша жұмыс кезінде НТМЛ бағдарламалау тілімен интернет жүйесінде жұмыс істеуді үйренеді;

  • Өзінің жеке Веб-сайтын құруға ұмтылады және кез-келген жерде, кез-келген уақытта олар өздерінің әр түрлі хабарларын енгізіп, көрсете алады.

Сілтеме

Интернет желісі, «Информатикадан оқыту әдістемесі»

Ресурстар

Жергілікті желі, проектірлік тақта, слайд, маркер, электрондық оқулық. видео, бинго

Мұғалімнің жазбасы

Уақыты

Жұмыстың мазмұны


Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйым-дастыру

3 мин

1. Сәлемдесу

2. Сабақ барысымен таныстыру

5. Ынтымақтастық атмосферасын құру

Сабақтың барысын түсіндіру

Шаттық шеңбер арқылы,

Мен бүгін бәрін үйреніп аламын! (оң қолымызды көтереміз)

Менің көңіл-күйім тамаша (сол қылымызды)

«Мен сүйкімдімін!» дегендер (екі қолды шапалақтаймыз)

«Кіріспе» бөлім

5 мин

Осы бүкіл әлемдік интернет жүйесінде өте көп мөлшерде әр түрлі бағдарламада және бағдарламалау тілдерінде жасалған файлдар енгізілген. Бұл файлдардың көбі интернетте Web-беттер түріндегі гипермәтіндік құжаттар болып табылады және олар басқа құжаттарға сілтеме арқылы байланыстырылған. Гипермәтіндік құжаттар НТМL (HyperText Markup Language) базасының тілінде құрылған. Осы орайда интернет жүйесінің сипатамасына тоқтала кететін болсақ, WWW - Word Wide Web (Дүниежүзілік тор) - бұл дүниежүзілік ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген құжаттар жинағы ретіндегі технологиясын пайдаланады. Әрбір құжатта мәтіннен басқа, график, дыбыс немесе видеобейнелер болады. Ақпарат берудің мұндай формасы мультимедия деп аталады. Құжат Web-беттерден тұрады, олардың әрқайсысы бірнеше тақырыптарды баяндайды. Компьютердің экранында Web-бетті қарай отырып негізгі мәтіндерді, бейнелерді және де түрлі боялған мәтінді, сызылған сөйлемдерді көруге болады. Мұндай объектілер гипертекстік нұсқау деп аталады

«Білу керек» бөлім

5мин

Сайт ашу үшін мына тілдерді білу керек

  • HTML, CSS, php, JavaScript

Негізгі кезең

10 мин


Сайт ашу жолдары

Кодтар арқылы

+ Барлығын білетін боласыз

  • Уақыт көп қажет етеді.

СSS -арқылы

+ Сапалы сайт

  • Керек жерін өзгерте алмайсыз

Фрилансерлер арқылы:

+ Сапалы, тез жасап береді

-Өте қымбат, өзгерту қиынға соғады

«Біліп жүріңіз» бөлімі

5мин

Сайт қалай жұмыс ісиейді?

1.HTML- кез-келген сайттың үлгісі

2. HTML- сайттың негізі болса

3.CSS- сайттың келбеті (дизайн)

4.100%, 30% білу керек.

Семинар по теме HTML. Как работать по теме

Семинар по теме HTML. Как работать по теме

CSS тілін қолданбаған кезде

Семинар по теме HTML. Как работать по теме

CSS тілін қолданған кезде

Қорытынды бөлім

5 мин

HTML бағдарламалау тілін пайдалан отырып сайт жасауға болады. Әр түрлі тест түрлерін, электрондық оқулықтар құруға болады.
Оқушыларға HTML бағдарламалау тілімен интернет жүйесінде жұмыс істеуді үйрете отырып, олардың кез-келген жерде, кез-келген уақытта өздерінің әр түрлі хабарларын көрсете білуіне, әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруге шексіз мүмкіндік алатынын түсіндік. Сонымен интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімдерін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

HTML құжатын құру үшін бізге ешқандай редакторлар керек емес, оны Windows жүйесінің «Блокнот» бағдарламасында құра аламыз. Бұнда HTML құжаты екенін білдіретін декларациядан бастаймыз, ары қарай құжаттың тақырыбы HEAD командасы, құжаттың денесі BODY командасымен және құжаттың соңы белгісімен аяқтап, Web-бетті жасаудағы қарапайым алғашқы қадамын бастаймыз.



құжат тақырыбы



құжат денесі

© 2010-2022