Поурочный план по информатике на тему

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по информатике на темуПоурочный план по информатике на темуМұғалімі: Медетбаев. Е Тексерген: __________


Информатика

5 сыныптар

Сабақтың аты:

Мәтіндік процессор

Жалпы мақсаты

Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен танысу, мәтінмен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу) болып табылады.

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2. «Информатика және ақпараттық технология»

7- сынып, Рахманбердиева Д.С.

3. 5-сыныпқа арналған информатика оқулығы

// авторлары Е.А.Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ.Әбенов//

4. Электронды оқулық, Информатика 7-сынып

5. Информатика. Әдістемелік құрал.

// авторлары Е.А.Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ.Әбенов//

Оқыту нәтижесі


  • Мәтіндік файлды құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды;

  • Алмасу буферін қолдануды;

  • Пішімдеу тақтасы мен сызғышты қолдана отырып, құжатты пішімдеуді.

Түйінді идеялар

Мәтіндік редактормен жұмыс істеуге үйрету

Сабақта қолданатын материалдар

ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық

Оқыту әдістері

Түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

  • Жеке жұмыс

  • Топтық жұмыс

  • Сыныппен жұмыс

Дерек көздері

Электрондық оқулық 7-сынып

Тапсырмалар

Сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 7 сынып электрондық оқулығынан тест

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ: 8:00 - 8:45

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.

Топтау //Әріптер арқылы екі топқа бөлу.//

2) Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)

  1. Компьютерде қандай принтер орнатылған?

  2. Суреттің неше көшірмесін басып шығаруға болады?

  3. Суреттің бір бетін ғана басып шығаруға бола ма?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

Ой қозғау Мәтіндік редактор түсінігі?

4)Жаңа тақырып.Топпен жұмыс (Жигсо әдісі)

І - топ: WordPad программасын іске қосу

ІІ - топ: WordPad мәтіндік редакторының батырмалары

ІІІ топ: Мәтінді енгізу және редакциялау

5) Жаңа тақырыптың алынғанын тексеру (10-15 мин)

Жеке жұмыс. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау (А,В,С, деңгейі)


Сергіту жаттығулары (5 мин)

6) Жаңа тақырыпты бекіту (5 мин)

Топпен жұмыс. Шағын тест тапсыру (Оқулық 168 бет, 6 сұрақ)

Қорытындылау:

Кері байланыс сұрақ - жауап (5 мин)

  • WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

  • WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

  • Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

  • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

Келесі тапсырма:

§16, тест орындау

Келесі оқылым:

§ 17, визитка салуға дайындалып келу

Бағалау:

Жиынтық бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /

Кері байланыс:

Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізді. Рефлексия алынды.



© 2010-2022