Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу

Білімділік ОқушыларғаExcel – дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктерітуралытүсінікберу;Дамытушылық Оқушылардың ДБ сұрыптау , есеп беруді басуға шығару туралытүсініктерін толықтыру. Ойлау қабілеттерін арттыру;Тәрбиелік Балаларды сауатты азамат болуға , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, лекцияСабақты жүргізу әдісі: Баяндау әдісі.Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер:Оқулық, жұмыс дәптері, плакаттар схемалар, сұрақ-жауап.
Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.

Сабақ мақсаты:

Білімділік Оқушыларға Excel - дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері туралы

түсінік беру;

Дамытушылық Оқушылардың ДБ сұрыптау , есеп беруді басуға шығару туралы

түсініктерін толықтыру. Ойлау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік Балаларды сауатты азамат болуға , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, лекция

Сабақты жүргізу әдісі: Баяндау әдісі.

Сабақта пайдаланатын

көрнекіліктер: Оқулық, жұмыс дәптері, плакаттар схемалар, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, орындарына отырғызып, сабаққа дайындаймын. Балаларды түгендеп, жоқтарды белгілеймін.

ІІ Оқушы білімін жан-жақты тексеру

Оқушылардан Excel программасының терезесі туралы сұраймын. Мысалы: Excel кесте құрылысы, бағандар жолдар және ұяшықтар туралы.

ІІІ Жаңа материалды игеруге дайындық

Excel программасы іске қосылғанда экранға шыққан терезе «кітап» деп аталады. Компьютерде мәтін , графикалық кескін жасауға, есептеу жүргізуге мүмкіндік беретін программалардан басқа, көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программа деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады.

ІҮ Жаңа сабақты түсіндіру

MS Excel кестелік процессоры дерек базалармен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:

  1. ДБ құруға және оларға ат қойып , дискіде сақтауға ;

  2. Сақталған дерек базаларын ашуға және оларды түзетуге :

  3. ДБ жазбаларды, өрістерді қосуға;

  4. ДБ жазбаларды , өрістерді өшіруге;

  5. Жазбалардың , өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға ;

  6. ДБ жазбаларды қарауға және іздеуге;

  7. Жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему ретібойынша сұрыптауға;

  8. Берілген параметрі бойынша немесе үнсіз келісім бойынша деректерді сұрыптауға;

  9. Есеп беруді басуға, яғни принтерге шығаруға.

Excel-де деректер базасы жол және бағандар мен ұқсас құрылады. Мұнда кестені бағаны - өрісі, ал әрбір жолы - жеке жазба болып табылады. Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі. Мысалы, бізідің кестеде

Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.

Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.

Деректер жазбасын экранда көру үшін меңзерді деректер базасының кез келген ұяшығына орналастырындар, содан кейін Данные→ Форма командасын орындандар ,

Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.

экранда өрісі бар деректер базасының терезесі шығады.

Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.


Деректер базасын сұрыптау

Жазбаларды берілген ретпен орналастыру операцияларын деректер базасын сұрыптау деп аталады Данные → Сортировка. Есеп беуді нақтылы бір деректермен басып шығару үшін ДБ «електеп өткізу» сияқты сұрыпттау қажет. Автофильтр командасымен қажетті жазбалар сұрыпталады.

Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.

Данные → Фильтр → Автофильтр

Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.



Есеп беруді басуға шығару

Автофильтр командасының көмегімен қажетті жазбаларды сұрыптап және осы жазбалар экранға шыққаннан кейін Файл→Печать командасын орындап немесе стандартты аспаптар панелінде Печать батырмасын шертіп , оларды басып шығаруға болады.


Ү Жаңы білімді пысықтау

Жаңа сабақта танысқан материал бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беремін, түсінбеген сұрақтары болса, қайталап өтемін.

Тапсырма

Өтілген материалды бекіту үшін келесі практикалық жұмысты орындандар .

  1. Дәптерлерінде жобасын жасаған «Оқушылардың жыл бойғы үлгерімінің жиынтық тізімдемесінің» Excel-дегі деректер базасын құрандар.

  2. ДБ дерек енгізіндер, оны ДБ2 ведомость - ФИО деген атпен сақтандар.

  3. ДБ оқушылар тізімін алфавиттік ретте сұрыптандар.

  4. Әрбір оқушының орта бағасын есептендер, жолдағы барлық бағанды қосу формуласын қолданып қосындар және оларды пән санына бөліндер.

  5. «Информатика» өрісі бойынша дерек сұрыптауды орындаңдар және «5» деген бағасы бар, содан кейін «4» деген бағасы бар барлық оқушыларды таңдаңдар.

  6. Есептерінді басуға шығарындар және мұғалімге көрсетіндер.

Ү Оқушы білімін бағалау.

Жаңа сабақта белсенділік танытқан оқушылардың білімдерін бағалап , класқа хабарлаймын.

ҮІІ Үйге тапсырма беру.

Жаңа сабақта танысқан командаларды қайталап оқып , жаттап келу.





№50 орта мектеп


Ашық сабақ


Тақырыбы: Excel кестелік процессорында дерек

базасымен жұмыс істеу.

Өтілген сыныбы: 8а-сыныбы

Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі

Биржанова Алтынгуль


Ақтөбе 2006-2007 оқу жылы


© 2010-2022