Сабақ жоспары Бағдарлама интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:____________________

Күні: _______________________

Сабақтың тақырыбы: Бағдарлама интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бағдарлама интерфейсімен таныстырып, құжаттарды құру және сақтауға үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар жетілдірілген интерфейсі бар қолданбамен жұмыс жасап, құжаттарды құруға және сақтауға үйрену керек.

Дамытушылық: Оқушыларға бағдарлама интерфейсі, құжаттарды құру және сақтауды көрсету.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары,оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

1. Қандай мәтіндік редакторларды білесің?

2. Мәтіндік редакторлардың мәтіндік процессордан айырмашылығы неде?

3. Мәтіндік құжат дегенді қалай түсінесің?

4. Мәтіндік процессормен жұмыс істеудің қандай екі режимін білесің?

Жаңа сабақ

Microsoft Word 2010 іске қосылғаннан кейін программаның терезесі ашылады. Жетілдірілген интерфейсі бар қолданбамен әмбебап тәсілдер жиынтығы және басқа да қолданба технологиялары оңайландырылған жұмыстар ұсынылады. Microsoft Word 2010 қолданбасы терезесіндегі Backstage көрінісі файл ішінде меню мен құралдар тақтасының қызметін атқарады. Backstage көрінісі файлдарды басқаратын орталық жасау, сақтау, жасырын жеке ақпаратты тексеру және параметрлерді орнату сияқты әрекеттерді орындай алады. Backstage көрінісі Файл қосымшасының батырмасын басқанда шығады. Мұнда файлдарды және соған байланысты мәліметтерді басқаруға болады: мәліметтерді құрады, сақтайды, баспаға шығарады, параметрлерді және дербес мәліметтерді өзгертеді. Негізгі элементтерді біріктіретін және ол ЛЕНТА түрінде болатын Microsoft Word 2010 қолданбасында бір басқару орталығы бар. Жылдам және жиі қолданылатын Қолдану батырмаларын қосымша қосуға болады. Тақырып жолы - құжат пен бағдарламаның атын көрсетеді. Лента үш бөлікке топтастырылған командадан тұрады: қосымша бет, топтар және командалар.

Microsoft Word 2010 құжатты құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Файл менюін ашу;

  • Құру (Создать) батырмасын басу;

  • Жаңа құжат (Новый документ) элементіне тінтуір батырмасын екі рет шерту;

Сабақ жоспары Бағдарлама интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау 6 сынып

Құжатты құру терезесі

Құжатты жою үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Файл менюін ашу;

  • Ашу (Открыть) батырмасын басу;

  • Өшіретін файлды табу;

  • Файлға тінтуір апарып, оң жақ батырмасын басқаннан кейін пайда болған жанама менюден Жою (Удалить) командасын таңдау.

Құжатты сақтау үшін:

  1. Файл менюін ашып, Сақтау (Сохранить) батырмасын басу;

  2. Құжатты сақтау (Сохранение документа) сұхбат терезесінде Файл атауы (Имя файла) аймағына құжаттын атауын енгізу;

  3. Үнсіз келісім бойынша Файл типі (Тип файла) аймағынан Құжат Word типін таңдау;

  4. Файлды сақтайтын орынды таңдау;

  5. Сақтау батырмасын басу;

Бекіту: Тапсырма: Файлды қандай тәсілмен ашуға болады. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағдарлама интерфейсімен таныстырып, құжаттарды құру және сақтауға үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.



© 2010-2022