Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқуБ.Әлменұлы атындағы орта мектеп



Тақырыбы:


Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сыныбы: 5

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Бүркітбаев Олжас


2013 - 2014 оқу жылы

Күні: 04.12.2013 жыл

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ақпарат, ақпарат және басқару, информатика

ғылымы туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық

Сабақтың жоспары

  • Жасырын ұяшықты тап

  • Білгім келеді?

  • Білгенімді қолданамын

  • Сабақтан түйген ойым

  • Еңбектің наны тәтті

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу;

ІІ. Жасырын ұяшықты тап, үй тапсырмасын сұрау:

А) Нысандарда қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер?

Ә) Алмасу буфері дегеніміз не?

Б) Буманы пернетақтаның қай пернесімен жоюға болады?

В) Жойылған нысанды қалай қалпына келтіруге болады?

Г) Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы

Д) Компьютердің түрлерін ата

ІІІ. Білгім келеді? Жаңа сабақ:

Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.

Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқаның білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.


Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Ақпаратты жазу

Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығың таңдау

Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;

Ашық сабақ. Информатика. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

  • Файлдың атын теру;

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыру керек.

Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсындар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.

Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файылынан ағаштың бейнесі салынған суретті аштыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілерінде 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын орындау керек.

Дәптермен жұмыс:

Білгенімді қолданамын, практикалық жұмыс:

Сергіту сәті: көзді оңға, солға айналдыру.

IV. Сабақтан түйген ойым жаңа сабақты бекіту

  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?

  2. Дискіддегі файлды қалай табуға болады?

  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?

  4. Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?

  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?

V. Үйге тапсырма беру

Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

VІ. Еңбектің наны тәтті, оқушыларды бағалау

© 2010-2022