Информатика сабағынан күнтүзбелік (5-11 сынып)

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатиканы оқытудың мақсаты - ақпараттық ортада түрлі ақпараттарды қабылдау, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Информатиканы оқытудың міндеттері:

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Информатика пәнін 5-6 сыныпта оқытудың мазмұндық желісі негізгі мектепте информатиканы үйретудің мазмұндық желілерімен пропедевтикалық деңгейде сәйкес келеді және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен байланысты қарастырылады.

Информатика курсының алғашқы базалық ұғымдары туралы алынған мағлұмат бiздi қоршаған орта - зат, тiрi және өлi табиғат нысандары, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi негізінде қалыптасады.

Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын информатика пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет. Осы тұжырым негiзiнде пәннiң негiзгi мақсаты таңдап алынды.


© 2010-2022